Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, артериальды гипотензия, шеткі тамырлардың айқын атеросклерозы, жүректің органикалық зақымдалуы, жуырда болған миокардтың инфаркты, күш түскендегі стенокардия, брадикардия, жедел қан кетулер, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Тұрақты брадикардияда (ЖЖЖ тыныш күйде — 50 соғ./мин төмен) препараттың қолданылуы дәрігердің қатаң бақылауымен жүреді. Бір мезгілде антикоагулянтты және антиагрегантты дәрілермен бірге қолданғанда, қанның ұю көрсеткіштерін бақылау қажет. Гипотензивті дәрілермен бірге байқап қолданады. Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға сонымен қатар егде жастағы науқастарға тәуліктік мөлшерді төмендету керек. Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды. Емделу кезінде алкоголді ішімдіктерді қолданудан бас тарту керек.

Ерекше ұсыныстар: Парентеральды енгізгеннен кейін ортостатикалық ықпалды шеткеру үшін немесе айқын гипотензия кезінде 10-15 минут төсекте жату керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, шаршау сезімі, ұйқының қашуы, қозу, мазасыздану, естен тану. Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қан түзелу, гемостаз) жағынан: ортостатикалық гипотензия, стенокардия ұстамасы, қан қоюлығының төмендеуі, аяқ-қолдың салқындауы. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, диарея, абдоминальды аурулар, асқазан сөлінің қышқылдығының жоғарлауы. Несеп жыныс жүйесі жағынан: шәуеттің бұзылуы. Тері беткейі жағынан: тершеңдік. Аллергиялық реакциялар: қышыну және бет пендененің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы, эритема, есекжем. Басқада: аяқ-қодың ауруы, ыстықтау.

Саудаға тіркелген атауы:

Холина альфосцерат

(Choline alfoscerate)

Шығарылу түрі.

Капсулалар 400 мг; егуге арналған ерітінді 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Бас-ми жарақаты (жедел кезеңде) діңгек деңгейіндегі зақымдалумен, созылмалы цереброваскулярлы жетіспеушілік (дисциркуляторлы энцефалопатия), деменция (альцгеймерлі тип, кәрілік, аралас түрлері), ишемиялық инсульт (қалпына келі кезеңі), Гентингтона хореясы, ОЖЖ-нің қызметтік бұзылыстары, есте сақтаудың бұзылыстары, естің шатасуы, дезориентация, мотивацияның төмендеуі, инициативтің және мән қоюдың төмендеуі, кәрілік жалған меланхолия. Ішке, тамақтың алдында, 400 мг-нан тәулігіне 3 реттен, курс 3–6 ай. Жедел жағдайларда: б/е немесе к/т (баяу) 1 г/тәу.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Жүректің айнуы пайда болғанда мөлшерді төмендетудің қажеті жоқ.

Дәлелдемелі медицинаның шарттарына жауап беретін клиникалық мәліметтері жоқ.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

3-окси-6-метил-2-этилпиридин сукцинат

МЕКСИДОЛ

(МНН жоқ)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 125 мг, егуге арналған ерітінді 50 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жедел ми қан айналымының бұзылыстары (ишемиялық және геморрагиялық), сонымен қатар бас миының транзиторлы ишемиясы; жедел бас-ми жарақаты; әртүрлі генезді энцефалопатия (атеросклероздың, артериальды гипертензияның тұсындағы тамырлар бұзылысы; зат алмасуының бұзылыстарында, улы, жарақаттан кейін, аралас); вертебро-базилярлы жетіспеушілік (сонымен қатар тамырлар мальформациясы, вертебро-базилярлы бассейн тамырларының атеросклерозы, омыртқаның мойын бөлігінің дегенеративті-дистрофиялық бұзылыстары, Киммерли кемістігі); қояншық және қояншық синдромы; атеросклерозды генезді бас миының ошақты көпшілік когнитивті бұзылыстары, тамырлы деменция; психикалық және неврологиялық бұзылыстар, цереброваскулярлы жетіспеушілікпен немесе бас миының соматикалық аурулармен тұсындағы церебральды дисфункциямен байланысты (бас аурулары, бастың айналуы, есте сақтаудың төмендеуі, көңіл қою мәні, ұйқының бұзылуы); невроздар және невроз тәрізді жағдайлар; психоорганикалық синдром; нейроциркуляторлы дистония; абстинентті синдромды шеттету (маскүнемдік және нашақорлық); жедел антипсихотикалық заттармен улану (нейролептиктермен); әртүрлі этиологиялық астениялық жағдайлар; шұғыл күш түсу кезіндегі соматикалық аурулардың дамуының алдын алу шаралары үшін; құрсақ ішінің жедел ірінді-қабыну үдерсітері (жедел панкреатит, перитонит) жиынтық емнің құрамында.

Мөлшерді науқастың ауырлығы мен патологиялық жағдайына қарай талдайды. Ұсынылатын мөлшертәулігіне дене салмағына есептегенде 5-10 мг/кг құрайды жағдайға байланысты.