Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, айқын гипотензия, ми ісінуі, бас іші қысымының жоғарлауы, ауыр бауыр қызметтерінің бұзылыстары, бауыр циррозы, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Гипотензия (жеңіл және шамалы), жүрек жетіспеушілігі, кардиогенді шок, миокардтың инфаркты өкпедегі тоқыраулы көріністермен, айқын емес бауыр қызметінің бұзылыстары.

Бүйрек қызметі бұзылған науқастарда, оның үдеуі мүмкін, емді доғаруды талап етеді. Бауыр ауруында, макүнемдікте, қоншықта және жас балаларға сақтықпен тағайындайды. Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды, бауыр қызметі бұзылған кезде (метаболизмі төмендейді), гипотензия айқындылығына қарай мөлшерін төмендетеді немесе препаратты доғарады. АҚ бірден төмендеуі немесе айқын қатты бас ауруының пайда болуы емді доғаруды талап етеді. Емді анестезия жүргізгенде, хирургиялық араласуларда және ангиографияда үзу ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғарады.

Жанама әсерлері

Жүрек-тамыр және қан (қан түзілу, гемостаз) жағынан: 1–9% — гипотензия; < 1% — тахикардия немесе брадикардия, жүрек жетіспеушілігі, ЭКГ өзгерістер, шеткі тамырлардың спазмы, гипертензия, қаназдық және тромбоцитопения, тромбозға бейімділік, флебит (к/т енгізу кезінде).

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: 1–9% — бас ауруы; < 1% — бас айналу және депрессия; мүмкін — қозу, озбырлық, ұйқының бұзылуы. Тірек-қимыл аппараты жағынан: 1–9% — бұлшық ет спазмы. Несеп жыныс жүйесі жағынан: 1–9% — шеткі ісінулер; < 1% — гипонатриемия; мүмкін — бүйрек қызметінің нашарлауы несепнәр немесе креатинин құнарлығының жоғарлауымен жүретін. АІЖ мүшелері жағынан: 1–9% — диспепсия, асқазан спазмы, диарея; < 1% — жүректің айнуы, құсу, гепатит, сары ауру, ДЛГ деңгейінің жоғарлауы, сілтілік фосфатаза мен трансаминазаның жоғарлауы. Тері беткейі жағынан: 1–9% — бет терісінің қызаруы, экзантема; < 1% — қышыну, тершеңдік, геморрагия. Аллергиялық реакциялар: дерматит (1–9%). Басқада: ентігу (< 1%).

Саудаға тіркелген атауы:

Ницерголин

(Nicergoline)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, қапшықпен қапталған 5 мг, 10 мг, 30 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ по 4 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ми қан айналымының бұзылыстары (сонымен қатар бас ми тамырларының атеросклерозында, инсультте, бас ми ишемиясында, бас ми тамырларының тромбозы мен тромбоэмболиясының салдарынан кейін, жарақаттан кейінгі энцефалопатияда, психоорганикалық синдромда); бас сақинасы; шеткі қан айналым жүйесінің тамырлар бұзылыстары (аяқ-қолдың артериопатиясы, Рейно ауруы), деменция, вертиго, бітелуші эндартериит, диабеттік ретино- және ангиопатия, дистрофиялық қасаң қабақ аурулары, көз торы мен көздің тамырлы қабатының тамырлы бұзылыстары, көру жүйкесінің ишемиялық нейропатиясы, тамыр генезді вестибулярлы және лабиринтті бұзылыстар; қуық үсті безінің гипертрофиясы, нейрогенді қуықпен байланысты несеп шығарудың бұзылуы. Ішке, тамақ алдында немесе тамақпен бірге, шайнамастан, жеткілікті сумен ішеді, 5–10 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Бүйрек қызметі жақсы жұмыс істегенде (сары судағы креатинин деңгейі 2 мг/мл жоғары) — 5 мг-нан тәулігіне 2–3 реттен. К/т тамшылатып 4–8 мг-нан 100 мл физиологиялық натрий хлоридінде; б/е 2–4 мг-нан тәулігіне 2 реттен; а/і — 4 мг-нан 10 мл физиологиялық натрий хлорид ерітіндісінде, 2 минут бойы. Емдеу курсы — 2–3 аптадан бірнеше айға дейін.