Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Актовегин препараты немесе соған ұқсас препараттарға аллергиялық бейім болу. Қосымша ерітніділер үшін, инфузия үшін. Декомпенсирленген жүрек жетіспеушілігі, өкпе ісінуі, олигурия, анурия, сұйықтың ағзада жиналуы. Қант диабетімен зардап шегетін науқастар үшін, инфузиялық декстраза ерітіндісінің глюкоза құнарлығын ескеру.

Сақтандыру.

Аллергиялық реакциялар дамуы кезінде емді доғарады. Б/е баяу енгізіледі және 5 мл-ден артық емес (ерітінді гипертониялық қасиетке ие). Көп инфузиялық енгізу кезінде су-электролиттерінің алмасу көрсеткіштерін бақылайды. Егуге және инфузияға арналған ерітінділер шамалы сары түске ие, оның қарқындылығы партия номеріне және бастапқы материалға байланысты, бірақ препараттың түсі тиімділікке және көтере алуына әсер етпейді. Флаконды ашқаннан кейін ерітіндіні сақтауға болмайды. Сақталған ерітіндіні қолдануға болмайды. Актовегиннің инфузиялық ерітіндісіне басқа дәрілік заттарды қосуға болмайды, фармацевтикалық сыйымсыздығына байланысты.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Белгісіз.

Емшекпен емізу: Белгісіз.

Жанама әсерлері

Анамнезенде жоғары сезімталдық реакциясы бар науқастарда, сирек жағдайда аллергиялық реакция дамуы мүмкін (мысалы, есекжем, ісіну, дәрілік қызба, күтілмеген қызу толқынуы, шок) және анафилактоидты реакциялар. Мөлшерден тыс кезде (таблеткалар, қапшықпен қапталған) — АІЖ жағынан симптомдар.

Саудаға тіркелген атауы:

шошқаның бас миынан алынған, пептидер жиынтығы

(ЦЕРЕБРОЛИЗИН)

(МНН жоқ)

Шығарылу түрі.

Егуге арналған ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Созылмалы цереброваскулярлы жетіспеушілік (дисциркуляторлы энцефалопатия), ишемиялық инсульт, мидың жарақаттық зақымдалуы (мидың шайқалуы, бас-ми жарақаты, миға хирургиялық араласулардан кейнгі жағдайлар), балалардағы ақыл-ой дамуының тоқтауында; балаларда көңіл қою жетіспеушілігімен байланысты бұзылыстар; әртүрлі гензді деменция синдромы (кәрілік алдындағы — Альцгеймера ауруы, кәрілік альцгеймерлік тип, тамырлы — мультиинфарктты түр, аралас түр); эндогенді депрессия, антидепрессанттарға тұрақтылықта. Күнделікті, б/е немесе к/т тамшылатып. Жедел жағдайларда (ишемиялық инсульт, бас-ми жарақатында, нейрохирургиялық операциядан кейінгі асқынуларда) — к/т 60–90 мин бойы 10–60 мл-ден 100–250 мл физиологиялық ерітіндіде;емдеу ұзақтығы — 10–25 күндей. Инсульттің резидуальды кезеңінде және мидың жарақатты зақымдалуында к/т — 5–10 мл-ден 20–30 күндей. Альцгеймера ауруы кезінде, тамыр деменциясында және біріккен гензде ұсынылатын мөлшер 20–30 мл-ді құрайды 100–200 мл физиологиялық ерітіндіде, емдеу курсына — 20 инфузия. Психоорганикалық синдром кезінде — к/т 5–10 мл-ден 20–25 күндей (деменция) немесе 10–15 күндей (депрессия). Нейропедиатриялық тәжірибеде — 1–2 мл-ден (1 мл-ден 10 кг-ға) б/е, 1 ай бойы, курсы жылына 2-3 ретқайталаумен.

Кері көрсеткіштері

Жедел бүйрек жетіспеушілігі, қояншық статусы.

Сақтандыру.

Аллергиялық диатезде, қояншықта сақтықпен тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Белгісіз. Сақтықпен (әсіресе жүктіліктің І үшайында).

Емшекпен емізу: Белгісіз.

Жанама әсерлері

Жоғары сезімталдық, гипертермия (тез к/т енгізу кезінде).

Саудаға тіркелген атауы:

Нимодипин

(Nimodipine)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 30 мг, инфузияға арналған ерітінді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ми қан айналымының ишемиялық бұзылыстар (сонымен қатар гипертониялық кризде), бас ми тамырларының тарылу салдарынан болған неврологиялық бұзылыстар, субарахноидальды қан құйылу салдарынан, кәрілік деменция. Ішке, аш қарынға (таблеткалар шайналмайды), шама сумен бірге ішіледі, к/т тамшылатып, интрацистернальды.

Жедел церебральды ишемия: 30 мг-нан тәулігіне 4 реттен 1 ай бойы (одан артық емес). Субарахноидальды қан құйылу салдарынан церебральды вазоспазм кезіндегі неврологиялық бұзылыстарды емдеу және алдын алу шаралары: к/т үнемі инфузия түрінде — бастапқы мөлшерде 1 мг/сағатына (5 мл/сағ) 2 сағат бойы (шамамен 15 мкг/кг/сағ), кейін (жақсы көтер алған кезде және гипотензия болмағанда) — 2 мг/сағ (10 мл/сағ), ол шамамен 30 мкг/кг/мағ құрайды. Дене салмағы 70 кг төмен науқастарда немесе АҚ тұрақсыз кезде — бастапқы мөлшер 0,5 мг/сағ (2,5 мл/сағ). Қан құйылудың алдын алу шараларында көктамырға енгізуді 4 күннен кеш бастамайды және 10-14 күндей бастайды. Дамыған неврологиялық бұзылыстарды емдеуді мүмкіндігінше ерте бастау керек және ең аз дегенде 5 күн және ең көп дегенде 14 күн жүргізеді. Инфузиялық ерітінді үзіліссіз енгізіледі к/т орталық катетер арқылы инфузиялық насостың көмегімен және үш каналды жабылатын кран арқылы бір мезгілде келесі бір ерітінділерді: 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі, Рингер ерітіндісі, Рингер ерітіндісі магнезиямен, 40 немесе 6% декстран ерітіндісі поли (0–2-гидроксиэтил) крахмал 1:4 қатынасында (нимодипин ерітіндісі және басқа ертініді сәйкес). Қосалқы инфузия ерітіндісі ретінде маннитол, қан немесе адам альбуминін қолдануға болады. Адекватты нимодипин ерітіндісін араластыріу үшін, енгізілетін 1 тәуліктегі сұйықтың көлемі 1000 мл-ден аспауы керек. Инфузиялық терепия аяқталғаннан кейін — ішке 60 мг мөлшерде тәулігіне 6 рет 4 сағаттық аралықпен 7 күндей қолданады. Субарахноидальды қан құйылуды операциялық жолмен емдегенде интрацистернальды енгізуді 20 мл араластырылған ерітіндіні (1 мл нимодипиндә инфузия үшін және 19 мл Рингер ерітіндіс).

Кәрілік деменция: ішке, 30 мг-нан тәулігіне 3 рет.