Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бүйрек/бауырдың ауыр аурулары, ауыр жүрек-тамыр аурулары, жүктілік, емшекпен емізу (емшекпен емізуді доғару керек).

Сақтандыру.

Жіберілген мөлшер толықтырылмайды. Емді тоқтату қолдану арасын алшақтату және мөлшерін төмендету арқылы доғаруды ұсынады. Тұзды-су тепе-теңдігі бұзылғанда қолдануға болмайды (тұзсыз емдәм, натрийдің жеткіліксіздігі, диарее, құсу). Емге дейін Cl креатинин деңгейін (ол 0,17 мл/с артық болуы керек) және қалдық азот көлемін анықтау қажет, ЭКГ-сараптамасын жүргізу және қанның сараптамасын ЭТЖ анықтаумен бірге, кейін ретімен айына 1 рет жүргізу тиіс, қандағы литий деңгейін соңғы мөлшерді қабылдағаннан кейін бақылау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді, анасының қанындағы 50% құнарлықтан. Емделу кезінде емшекпен емізіуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Диарея, жүректің айнуы, құсу, ауыздың құрғауы, шамалы полиурия, бүйректің дисфункциясы, жүрек ырғағының бұзылуы, гемопоэздің тежелуі, қалқанша безінің қызметі, қолдың әлсіз дірілдеуі, ұйқышылдық, алопеция, акне.

Саудаға тіркелген атауы:

ВАЛЬПРОЕ ҚЫШҚЫЛЫ

(VALPROIC ACID)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, капсулалар 150 мг, 300 мг, 500 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жалпыланған талмалардың әртүрлері: кіші (жабырқану), үлкен (тырысулары) және полиморфты; дерт ошағы кезінде, балалар тартуында қолданылады.

Ішке, тамақ ішу кезінде немесе тамақтан соң. Ересектерге емнің басындағы тәуліктік мөлшері 0,3-0,6 г құрайды, 1-2 апта ішінде оны біртіндеп 0,9-1,5 г-ға жоғарлатады, бір ретті мөлшері ересектерге - 0,3-0,45 г. балалар үшін тәуліктік мөлшері - 15-50 мг/кг (бастапқыда - 15 мг/кг, кейін аптасына біртіндеп 5-10 мг/кг жоғарлатады).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, "отбасылық" (вальпрое қышқылын қолданудан жақын туысынң қайтыс болуы), бауыр мен ұйқы безінің аурулары (кейбір науқастарда бауыр метаболизмі төмендеуі мүмкін), геморрагиялық диатез, жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу (емізулі әйелдер емшекпен емізуді доғару керек).

Сақтандыру.

Жас балалар (бір мезгілде бірнеше тырыспаға қарсы дәрілерді тағайындау), сүйек жемігінің аплазиясы, жүктілік (соңғы мезгілдері).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктіліктің І үшайында кері көрсетілген. Сонымен қатар жүктіліктің II және III үшайында мүмкін, егер күтілетін емнің әсері ұрық үшін потенциал тәуекелінен жоғары болса.

Емшекпен емізу: Емді қолдану кезде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауруы, анорексия немесе тәбеттің жоғарлауы, бауыр қызметінің бұзылуы, ұйқышылдық, дірілдеу, парестезия, естің шатасуы, шеткі ісінулер, қан кетулер, лейкопения, тромбоцитопения. Ұзақ қолданғанда – уақытша шаштың түсуі.

Саудаға тіркелген атауы:

Карбамазепин

(Carbamazepine)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 100 мг, 200 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қояншыштар (petit mal басқа), желікпелі жағдайлар, жілікпелі-тұнжыраулы бұзылыстардың алдын алу шаралары, маскүнемдік абстиненция, үшкіл және тіл-жұтқыншақ жүйкесінің невралгиясы, диабеттік нейропатия.

Ішке, ересектерге — 100–1600 мг тәулігіне (аурудың көрсеткіштеріне және айқындылығына байланысты), балаларға — 10–20 мг/кг бірнеше рет қабылдауға тәулігіне.