Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Ауызда металл дәмінің болуы, гепатит, жүйке-психикалық бұзылыстар, бастың ауруы, аяқтың полиневриттері, тері қышынулары, есекжем.

Саудаға тіркелген атауы:

Налтрексон 

(Naltrexone)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсулалар 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Алкогольді тәуелділік (науқастың келісімімен және психотерапевтік және әлеуметтік әдістермен біріктіріп қолдану); опиоидты тәуелді науқастардағы таза опиоидты жағдайларды ұстап тұрудағы, дезинтоксикация жүргізгеннен кейінгі, экзогенді опиоидтардың фармакологиялық ықпалын шеттетуде (психологиялық және мамандандырылған айықтыру бағдарламасының бөлігі ретінде). Маскүнемдікті емдеу: ішке 50 мг-нан күніне 1 реттен 12 апта бойы. Нашақорлық тәуелділігін емдеуді опиоидты қолданудан 7-10 күндік бас тартудан кейін, провокациялық тестпен дәлелденгеннен соң және зәр анализінен кейін бастайды. Бастапқы мөлшер 25 мг, 1 сағат бойы науқастың жағдайын бақылау қажет, абстиненция синдромы болмаған кезде — 50 мг-нан тәулігіне 1 реттен тағайындауды бастайды.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар налоксонға), опиоидты тәуелділік, зәрде опиоидтардың болуының оң тесті, абстинентті синдром, жедел гепатит, бауыр жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу (емделу кезінде тыйым салынады), жасы кші және жасөспірімдерге (18 жасқа дейін).

Сақтандыру.

Қолдану алдында субклиникалық бауыр жетіспеушілінің жоқ екендігіне көз жеткізу, емделу кезеңінде үнемі трансаминаза деңгейін бақылау керек; гепатотоксикалық қасиеті бар препараттармен біріктіруге болмайды. Жедел абстинентті синдромның алдын алу үшін, науқастар 7-10 күн алдын опиоидтарды және солардан тұратын препараттарды қабылдауды доғаруы керек, зәрде опиоидтарды анықтау және налоксонмен провокациялық тест жүргізу тиіс; осы талаптарды сақтамаған кезде, абстинентті синдром енгізгеннен кейін 5 минуттан соң дамиды және 48 сағат бойы жалғасуы мүмкін. Налтрексон тұсындағы жағдайда шұғыл анальгезия тек наркотикалық препараттармен сақтықпен опиаттарды жоғары мөлшерде тағайындайды (антагонизмнен асып түсу үшін), бұл кезде тыныстың тежелуі анағұрлым терең және ұзақ болады. Науқастарды ескерту керек, медициналық көмекке қаралғанда, олар налтрексонмен емделгенін медициналық қызметкерлерге айту керектігін, іштің ауруында, зәр түсінің өзгеруінде, қасаң қабақтың сарғайғанында дәріні қабылдауды доғару керек және дәрігерге қаралуы тиіс; өздігінен героинді және басқа наркотиктерді аз мөлшерде қолданған кезде олардың әсері болмайды, ал одан әрі қарай наркотикалық заттардың мөлшерін жоғарлату өлімге әкеледі (тыныстың тоқтауы).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу: Қолдану ұсынылмайды.

Жанама әсерлері

Тәбеттің төмендеуі, жүректің айнуы, құсу, диарея немесе іштің қатуы, іштің ауруы, бауыр қызметінің бұзылуы, бастың ауруы, әлсіздік, ұйқының бұзылуы, үрейлену, бастың айналуы, депрессия, паранойя, елестер, беттің қызаруы, бронхообструкция, потенцияның төмендеуі, қалтырау, мұрынның бітелуі, ринорея, жөтел, тыныстың қиындауы, мұрыннан қан кету, флебиттер, ісінулер, АҚ жоғарлауы, тахикардия, буындар мен бұлшық еттердің ауруы, көтеу, дірілдеу, акне, алопеция, қышыну, жалпыланған эритема.

Саудаға тіркелген атауы:

Тианептин 

(Tianeptine)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, қапшықпен қапталған 12,5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Депрессивті жағдайлар. Ішке (тамақтың алдында), ересектерге 12,5 мг тәулігіне 3 реттен (70 жастан үлкен адамдарға және бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға — 12,5 мг-нан тәулігіне 2 реттен). Созылмалы маскүнемдік науқастарына (бауыр циррозымен немесе онсыз) мөлшерді түзету қажет емес.