Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Жергілікті: ерітіндінің тері мен кілегей қабатына түскен кезде — тіндердің тітіркенуі; б/е енгізгенде — инфильтраттар, к/т енгізгенде — флебит. Жалпы: ұзақ қолданғанда — нейролептикалық синдром (паркинсонизм, акатизия, индифференттік, реакцияның баяулауы), депрессия; к/т енгізген кезде — гипотензия; ішке қолданғанда — диспепсиялық синдром (жүректің айнуы, құсу, іштің қатуы). Сирек — сары ауру, агранулоцитоз, терінің пигментациясы, көз бұршағының бұлғырлануы; аллергиялық реакциясы (бөртпе, ісіну, фотосенсибилизация).

Саудаға тіркелген атауы:

Клозапин

(Clozapine)

Шығарылу түрі. Таблетки 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Шизофренияның жедел және созылмалы түрлері, желікпелі жағдайлар, желікпелі-депрессивті психоз, әртүрлі психотикалық жағдайлар, психоз кезде психомоторлы қозулар, озбырлық, ұйқының бұзылыстары. Ішке (бір рет қолданылатын пакеттердегі гранулаларды 5–10 мл сумен аралстырады), тамақтан соң — 50–200 мг-нан күніне 2–3 реттен, ересектерге тәуліктік мөлшер: бастапқы — 150–300 мг, ортаңғы — 200–400 мг, жоғары — 600 мг. Ұстап тұрушы мөлшер және амбулаторлық науқастарға 25–200 мг-нан тағайындайды. Балалар үшін бір реттік мөлшер 6–8 жасқа — 5–10 мг, 8–15 жасқа — 10–20 мг, балалар үшін тәуліктік мөлшер 6–8 жас — 15–30 мг, 8–15 жасқа — 30–60 мг, оны 2-3 қабылдауға бөледі; жоғары тәуліктік мөлшер балалар үшін — 100 мг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қан түзеу жүйесінің аурулары, алкогольды және токсикалық психоздар, миастения, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауырдың, бүйректің және жүрек қан-тамырлар жүйесінің ауыр аурулары, тырысуларға жоғары бейімділік, қояншық, жабық бұрышты глаукома, қуық үсті безінің гипертрофиясы, ішек атониясы, қызба синдромымен жүретін интеркуррентті аурулар.

Емделу кезінде науқастар жоғары көңіл қоюды, тез психикалық және қозғалыс реакцияларын талап ететін потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Қан суретін кезеңді бақылап отыру қажет (басында апта сайын, кейін әр 3-4 ай сайын) — гранулоцитопения пайда болған кезде емді тез доғару керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Емізулі кезде қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері

Бұлшық ет әлсіздігі, ұйқышылдық, естің шатасуы, ауыздың құрғауы, кейде гиперсаливация, аккомодацияның салы, тахикардия, АҚ төмендеуі және бастың айналуы (ортостатикалық гипотензия), ЭКГ-да Т тісінің тығыздалуы, орталық генезді гипертермия, созылмалы немесе жасырын ошақтағы инфекцияның асқынуы (тонзиллит, периостит, пиодермия), гранулоцитопения (агранулоцитозға дейін).

Саудаға тіркелген атауы:

Оланзапин 

(Olanzapine)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 5 мг, 10 мг; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін ұнтақ 10 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Шизофрения және басқа да айқын өнімді және негативті симптоматикамен жүретін психотикалық бұзылыстар, аффективті бұзылыстар (асқынуларды емдеу, қайталануға қарсы ұстап тұратын және ұзақ емдеу), жедел желікпелі немесе аралас биполярлы аффективті бұзылыстардағы ұстамалар психотикалық көріністермен немесе онсыз, тез ауысатын фазамен немесе онсыз. Ішке, тамақ қабылдауына байланыссыз, тәулігіне 1 реттен. Шизофрения: бастапқы мөлшер 5–10 мг/тәу. Мөлшерін емнің 4-5-ші күндері 15-20 мг/тәу ұлғайтуға болады. Биполярлы бұзылыстардағы жедел тұнжыр ой: бастапқы мөлшер 15 мг/тәу, тәуліктік мөлшердің диапазоны — 5–20 мг. Ауыр бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар үшін, орта ауырлы дәрежедегі бауыр жетіспеушілігінде және егде жастағы науқастарға бастапқы мөлшер 5 мг/тәу құрайды.