Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: экстрапирамидалық бұзылыстар, сонымен қатар дистониялық (мойын бұлшық еттерінің, ауыз түбінің, тілдің тырысулары, окулогирлі криздер), кешкі дискинезия, акинеторигидті көріністер, акатизия, дірілдеу, вегетативті бұзылыстар, ұйқышылдық (емнің бірінші күндері), инсомния, бастың айналуы, шаршау, бұлшық ет әлсіздігі, көрудің анықсыздығы. АІЖ мүшелері жағынан: бауыр қызметінің бұзылыстары, ауыздың құрғауы, анорексия. Басқада: агранулоцитоз, аменорея, сүт безінің айтусыз сүт секрециясы, терінің аллергиялық реакциялары, нейролептикалық қатерлі синдром (кез келген классикалық нейролептикалық заттарды қабылдауда дамуы мүмкін).

Саудаға тіркелген атауы:

Флуфеназин

(Fluphenazine)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 25 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Шизофрения (барлық түрлері) және психоздар (жедел және созылмалы, сонымен қатар параноидальды), әсіресе депрессивті-ипохондриялық және ступорозды-кататониялық жағдайда, апатия және бейтараптылық, озбырлық пен психомоторлы қозуды шеттету; қорқынышпен, жүйкелік күш түсумен жүретін невротикалық жағдайлар. Ішке, б/е (терең бұлшық етке). Ішке науқастың жағдайына және препаратқа сезімталдығына қарай белгілейді. Емді аз мөлшерден бастайды, біртіндеп тиімді ықпалға қол жеткізгенше жоғарлатады. Ересектерге — 1–5 мг/тәу, қажет жағдайларда (стационар жағдайында) — 10 мг/тәу. Тәуліктік мөлшерді 3-4 қабылдаумен қолданады. Мазасыздану, күш түсуде және қорыққанда — бір реттік мөлшерде 1-3 мг-нан. Егде жастағы науқастарға аз мөлшерде тағайындайды. Балаларға мөлшерді жасына қарай азайтады. Б/е — 12,5–25 мг-нан әр 2–4 аптада, мөлшерді 50-100 мг-ға дейін жоғарлатуға болады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен басқа да фенотиазиндерге), бас миының органикалық аурулары мен жарақаттары, жедел депрессивті жағдайлар, ОЖЖ-нің айқын тежелуі, кома, бауыр мен жүрек жетіспеушілігі, қан аурулары, жүктілік, емшекпен емізу, жас балаларға — 12 жасқа дейін (флуфеназин деканоат).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қояншық, анамнезенде қояншық талмалары, жүрек қан-тамыр аурулары (сонымен қатар қос жарғақ қалпақшасының жетіспеушілігі), қуық үсті безінің гипертрофиясы, жабық бұрышты глаукома, феохромоцитома, Паркинсон ауруы, бүйрек жетіспеушілігі.

Егде жастағы науқастардағы гипертензивті препараттармен біріктіргенде және жоғары температурада жұмыс істейтін, фосфордан тұратын инсектицидтермен қатынастағы адамдарға сақтықпен тағайындайды. Ұзақ емделген кезде лейкоциттер санын бақылау қажет, бауырдың қызметтік сынамаларын жүргізу керек. Кешкі дискинезияның дамуы, егде жастағыларда, әсіресе әйелдерде жоғары болады. Бұл синдромның даму тәуекелі және оның қайтымсыздығы ұзақ емделгенде және нейролептиктердің жалпы жиналатын мөлшерінің жоғарлауында болады. Кешкі дискинезияның белгілері немесе симптомдары көрінгенде, флуфеназинмен емдеу мүмкіндіктерін доғаруды қарастыру (бірақ кейбір науқастарға жалғастыру қажет болуы мүмкін, синдромдарға қарамастан). Нейролептикалық қатерлі синдромның симптомдары пайда болғанда, ДЗ қолдануды тез доғару керек және қарқынды симптоматикалық ем жүргізу керек. Бауырдың зақымдалу мүмкіндіктерін, ретинопатия пигменттерінің дамуын, көз бұршағы мен қасаң қабақта жиналулардың болуы және ұзақ емделгенде қайтымсыз дискинезияның болуын ескеру керек. Емделу кезінде науқастар жоғары көңіл қоюды, тез психикалық және қозғалыс реакцияларын талап ететін потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Егде жастағы науқастарға флуфеназин деканоатты қолдану ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Емізулі кезде қолдануға болмайды.