Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Жергілікті реакциялар: шырышты қабатты тітіркендіру, реактивті гиперемия; ұзақ қолданғанда — шырышты қабаттың ісінуі.

Жүйелік реакциялар: жүректің айнуы, бастың ауруы, АҚ жоғарлауы, тахикардия.

Саудаға тіркелген атауы:

    1. Операция алдындағы дәрілік заттар және қысқа емшаралар жүргізу үшін қолданылатын тыныштандыратын заттар

АТРОПИН СУЛЬФАТ

(ATROPINE SULFATE)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ампуладағы ерітінді 0,1%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Тегіс бұлшық етті мүшелердің тарылуы: АІЖ, өт жолдары, бронхтар. Асқазан мен ұлтабардың жара ауруларыВ, жедел панкреатит, гиперсаливация (паркинсонизм, ауыр метал тұздарымен улану). Хирургиялық операция алдындағы премедикацияВ. AV тежелуВ. М‑холиномиметиктермен және антихолинэстеразды заттармен улану (қайтымды және қайтымсыз әсерлер)В. Жергілікті офтальмологияда: көз түбін зерттеу үшін, көздің шынайы рефракциясын анықтау; иритті емдеу үшін, иридоциклит, хориоидит және көздің кейбір жарақаттары.

Т/а, б/е, немесе к/т тағайындайды 0.25‑1 мг (0.25‑1 мл 0.1% ерітінді) 1‑2 реттен тәулігіне. Офтальмологияда: 1‑2 тамшыдан әр көзге тамызады, қолдану жиілігі 4‑рете дейі, қолдану көрсеткішіне байланысты.

Кері көрсеткіштері

Глаукома; аталық безінің аденомасында айқын зәрдің шығарылу бұзылыстар. Препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Атропинді ауыр жүрек қан тамырлар ауруымен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындайды. Жоғары көңіл қоюды талап ететін және тез реакцияларды қажет ететін мамандықпен жұмыс істейтін адамдарға сақтықпен қолдану керек, арақпен бірге қолданбайды, қарқынды физикалық күш түсу кезінде және ыстық күндері, ыстық монша мен ванналарда қызудан сақтану керек. Ауыздың құрғауы, 2 апиаға дейін сақталады, тіс эмалінің, иектің ауруларының тәуекелін жоғарлатады, саңырауқұлақ инфекциялары. Кейбір дәрілердің спазмолитикалық әсерін қолдану көрсеткіштерінің ерекшеліктері белсенділігі мен селективті әсерлері шамалы ерекшелінеді, олар көбінесе арнайы тесттерден және клиникалық зерттеулер нәтижесімен дәлелденбеген. Меңдуананың басқа алкалоидтарымен қайшылас сезімталдық. Атропинді бірден алып тастау кезінде, алып тастау синдромы болу мүмкін. Өт шығару жолдарының ауруларын басу кезінде, плацебодан айырмашылығы болмайдыВ. Балалардағы қыли көздікті оперативті емдеуде алдын алу шаралары мақсатымен қолданғанда, окулокардиальды рефлекстің дамуының алдын алады, бірақ операциядан кейінгі жүректің айну және құсу жиілігі төмендемейді. Егде жастағы науқастарға премедикация үшін қолданғанда, гликопиррониум бромидкеВ қарағанда көбінесе есте сақтаудың төмендеуін туғызады. Фиброгастродуоденоскопиялық зерттеулер үшін ұзақ қолдануға ұсынылмайды (қауіпсіздікті және емшараларды көтере алуды қамтамас етпейді)В. Офтальмологияда. Көзге ерітіндіні инстилляция жасаған кезде, жас түтікшесін басу қажет, ерітіндінің мұрынөңешке өтпеуі үшін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Лактацияны баяулатуы мүмкін.

Жанама әсерлері

Жүйелік енгізгенде: ауыз қуысының құрғауы, тахикардия, обстипация, зәр бөлінуінің қиындауы, мидриаз, фотофобия, аккомодацияның салы. Жергілікті қолданғанда офтальмологияда (әсіресе ұзақ қолданғанда) гиперемия, ісіну, конъюнктивит болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

ДИАЗЕПАМ (DIAZEPAM)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ампуладағы ерітінді 10 мг/2 мл; таблеткалар 5 мг, 10 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жүйкелік қысылу, қозу, мазасыздану, ұйқының бұзылуы, нейровегетативті бұзылыстар, психоневроздар, невроздар, есірікті немесе ипохондриялық реакциялар, әр түрлі генезді дисфория жағдайлары, фобия, депрессияны емдегенде қосымша дәрі ретінде, маскүнемдерде абстиненция кезеңінде пайда болатын мазасыздану мен қозуларда, орталықтан пайда болған бұлшық еттердің тарылуы, сіреспе.

Мөлшер жеке, науқастың жағдайына, аурудың клиникалық суретіне, препаратқа сезімталдығына қарай анықталынады. Психиатрияда: психоневрозда, невроздар, есіріткі немесе гипохондриялық реакциялар, әр түрлі генздегі дисфория жағдайлары, фобия, сонымен қатара маскүнемдерде абстиненция кезеңінде препаратты 5‑10 мг-нан 2‑3 реттен тәулігіне қолданады. Қажет жағдайларда мөлшерін тәулігіне 60 мг-ға дейін жоғарлатады. Егде жастағыларға, әсіресе атеросклеробен ауыратын науқастарға емнің басында ішке 2 мг-нан тәулігіне 2 реттен тағайындайды, қажет жағдайда тиімді ықпалға қол жеткізгенше жоғарлатады. Жұмыс істейтін науқастарға 2,5 мг-нан тәулігіне 1-2 реттен тағайындау ұсынылады немесе 5 мг-нан кешке (негізгі мөлшер). Күйбелендеу жағдайларында орта мөлшерді 2,5 мг ішке тәулігіне 3 реттен құрайды; күйбелендеудің жедел емдеу кезінде бастапқы мөлшерді к/т 0,1-0,2 мг/кг дене салмағына енгізеді, егуді әр 8 сағат сайын қайталайды, симптомдар жоғалғанша, кейін пероральды емге көшеді. Неврологияда: дегенеративті неврологиялық аурулардағы орталықтан болған бұлшық еттердің тарылуы кезінде 5-10 мг ішке 2-3 реттен тәулігіне қолданады; жұлын миының жарақаттарында, параплегия немесе гемиплегиямен, хореемен жүретін кезде к/т ересектерге бастапқы мөлшері 10-20 мг, балаларға 2-10 мг тағайындайды. Қояншық статусы кезінде - 0.15‑0.25 мг/кг дене салмағына к/т немесе б/е, қажет жағдайларда 30‑60 минуттан кейін егуді қайталайды немесе к/т енгізуге ауыстырады, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер ‑3 мг/кг. Сіреспе‑бастапқы мөлшер 0.1‑0.3 мг/кг дене салмағына к/т арасы 1 ден 4 сағатқа дейін немесе к/т енгізу түрде 4‑10 мг/кг тәулігіне. Кардиология мен ревматологияда: миокард инфактының жиынтық емдеу құрамында – бастапқы мөлшер 10 мг к/т, кейін ішке 5‑10 мг-нан тәулігіне 1‑3 реттен; стенокардия ‑ ішке 2‑5 мг тәулігіне 2‑3 реттен; дефибриляция жағдайларындағы премедикация ‑ 10‑30 мг к/т, баяу (жеке мөлшерде); гипертония ішке ­ 2‑5 мг тәулігіне 2‑3 реттен; ревматизм салдарынан болатын бұлшық ет тарылуы, вертебральды синдром – бастапқы мөлшер 10 мг к/т, кейін ішке 5 мг тәулігіне 1‑4 реттен, төсек тартып жатқанда ішке 10 мг тәулігіне 4 реттен; ревматизмдік пельвиспондилит, созылмалы үдемелі полиартрит және артроз кезінде физиотерапия жасағанда қосымша заттар ретінде ішке 5 мг тәулігіне 1‑4 реттен. Акушерствада және гинекологияда: психосоматикалық бұзылыстар, климактериялық және етеккір бұзылыстар, жүктілік токсикозы 2‑5 мг ішке тәулігіне 2‑3 реттен; преэклампсияда – бастапқы мөлшер 10‑20 мг к/т, кейін ішке 5‑10 мг-нан 3 реттен тәулігіне; эклампсия – криз кезінде 10‑20 мг к/т, кейін қажет жағдай кезінде к/т құю немесе тамшылатып беру, тәулігіне 100 мг артық емес; босануды жеңілдету үшін ‑ 10‑20 мг в/м (қатты қозу жағдайларында к/т). Хирургиядағы жансыздандыру: премедикация – операция алдында, кешке 10­/20 мг ішке; оперцияға дайындау - 1 сағат жаныздандырудың алдында б/е ересектерге 10‑20 мг, балаларға 2.5‑10 мг; жансыздандыру басында ‑ 0.2‑0.5 мг/кг дене салмағына, к/т; күрделі диагностикалық және емдік араласу емдерінде және хирургиялық араласуларда қысқа наркотикалық ұйқы үшін ересектерге 10‑30 мг, балаларға ‑ 0.1‑0.2 мг/кг дене салмағына. Педиатрияда: психосоматикалық және психореактивті бұзылыстарда, орталықтан шыққан бұлшық еттер тарылуында – препаратты мөлшерін біртіндеп жоғарлату арқылы тағайындайды (өте төменгі мөлшерден бастап, мөлшерін біртіндеп жоғарлатып, тиімді мөлшерге жеткізу), тәуліктік мөлшер (2-3 қабылдауға бөлуге болады, негізгі, ең жоғарғы мөлшер кешке қолданылуы тиіс): жаңа туылған нәрестелерге, 5-ші аптадан бастап ішке 0.5‑2 мг, балаларға 1‑6 жастан ішке 1‑6 мг, балаларға 6‑14 жасқа ішке 6‑10 мг; фебрильді (қызбалы) тырысулар – жасына қарай тәуелді 2‑10 мг к/т баяу.

Кері көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық, ауыр миастения.

Сақтандыру.

Препаратты қолданатын науқастар арақ қолданудан бас тарту керек. Жүктіліктің бірінші айында препаратты қолданудан бас тарту керек, тек өте қажетті жағдайларда ғана. Препаратты үнемі қолданғанда емшекпен емізуді доғару керек. Препарат реакция жылдамдығын баяулатуы мүмкін. Нейролептиктермен, тыныштандыратын, антидепрессанттармен, ұйықтататын, анальгетикалық және жансыздандырушы заттармен бірге біріктіріп қолданғанда олардың ОЖЖ тежеуші әсерлерін жоғарлатады, әсіресе парентеральды енгізуде. Диазепам б/е енгізгеннен кейін қанның сары суында креатинфосфокиназа белсенділігін жоғарлатуы мүмкін (миокардтың инфаркты кезде дифференциальды диагностикада ескеру керек). Жүкті әйелдерге тағайындағанда ұрықтың ЖЖЖ айтарлықтай өзгеруі мүмкін. К/т енгізгенде ірі тамырды таңдау керек және егуді өте баяу жүргізу қажет (шамамен 0.5‑1 мл/мин). А/і енгізуден қашу керек. Егуге арналған диазепам ерітіндісі басқа ерітінді препараттарымен сыймсыз.

Премедикация үшін талдамды препаратВ,С және құрама наркозВ, қояншық ұстамаларын шеттетуВ, қояншық статусыВ, екінші талдамдағы препарат, магнезиядан кейінгі, эклампсияныА емдеуде. Диазепамды жабырқану статусын шеттетуде тониялық қояншық статусына әкелуі мүмкін. Препараттың ықпалы көктамырға енгізгеннен кейін 1-4 сағаттан соң бағаланады, себебі белсенді метаболиттердің түзілуіне уақыт керек. К/т болюсты енгізу жақсы, себебі препараттың көп бөлігі түтікше қабырғасында адсорбцияға ұшырайды. Өзін-өзі өлтіруге бейім науқастар препаратқа қол жеткізуін шектеу керек. Үрейлену немесе тыныштандыру-ұйықтату мақсатымен қолданған жағдайларда – 3 аптадан аспауы керек! Егде және кішкентай балаларда – тыныс алуды тежеу тәуекеліжоғары. Ұзақ қолдану және/немесе үлкен мөлшерде қолдану тәуелділік дамуының тәуекеліне жатады, доғаруды баяу жүргізеді. Алкогольден тұратын сусындармен қолдануға болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.