Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: ұйқышылдық, естудің бұзылуы/құлақтың шулауы, дәмнің бұзылуы, өтпелі жақынжітілік, дезориентация, парестезия, тырысулар. АІЖ мүшелері жағынан: тәбеттің жоғалуы, жүректің айнуы, құсу, диарея, мелена, бауыр жетіспеушілігі. Зат алмасу жағынан: метаболиялық ацидоз және электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы (ұзақ қолданғанда). Басқада: есекжем, жарыққа жоғары сезімталдық, полиурия, гематурия, глюкозурия.

Саудаға тіркелген атауы:

Таурин (Taurin)

Шығарылу түрі. Ерітінді 4% (көз тамшысы)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Көздің тоша қабатының дистрофиялық зақымданулары, сонымен қатар тұқым қуалайтын тапеторетинальды дегенерация, қасаң қабақтың дистрофиясы, катаракта (кәрілік, диабеттік, жарақаттық, сәулелік), қасаң қабақтың жарақаты, ашық бұрышты глаукома.

Катаракт кезінде инстилляция түрінде қолданылады 2–3 тамшыдан 2–4 реттен күн ара 3 ай бойы; курсты бір айлық үзіліспен жалғастырады. Жарақат кезінде ос мөлшерді бір ай бойы қабылдайды. Ашық бұрышты глаукома кезінде конъюнктивальды қапшыққа инстилляция жасайды 2 реттен 20–30 минут алдын тимололды тамызар алдында. Тапеторетинальды дегенерацияны емдеу үшін және басқа қасаң қабақтың дистрофиялық ауруларында қолданылады, сонымен қатар қасаң қабақтың тесіп өтетін жарақаттарында конъюнктиваға енгізеді 0,3 мл-ден 4% ерітіндіні күніне 1 реттен 10 күн бойы енгізіледі; емдеу курсын 6-8 айдан кейін қайталайды.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

ПИЛОКАРПИН

(PYLOCARPINE)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) (гидрохлорид) 2% 5 мл, 4%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ашық бұрышты глаукома, көз ішінің гипертензиясы, жедел жабық бұрышты глаукоманы шұғыл емдеуде; мидриаз ықпалына қарсы немесе операциядан кейінгі дамыған немесе офтальмоскопиялық зерттеулерден кейінгі циклоплегия әсер ету үшін. Ашық бұрышыты глаукома, көзге тамызу, ересектерге 1 тамшыдан (2 немесе 4%) күніне 4 реттен. Жедел жабық бұрышты глаукома операция алдында, көзге тамызу, ересектерге 1 тамшыдан (2%) әр 10 минутта 30-60 минут бойы, кейін 1 тамшыдан әр 1-3 сағатта, көздің ішкі қысымы төмендемегенше.

Кері көрсеткіштері

Жедел ирит, жедел увеит, алдыңғы увеит, кейбір екінші түрлі глаукомалар; алдыңғы сегменттің жедел қабынуы; жабық бұрышты глаукома бойынша операциядан кейін қолданылмайды (артқы қосақталған жердің даму тәуекелі).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қасаң қабақтың аурулары, конъюнктиваның немесе қасаң қабақтың зақымдалуы; ұзақ емдеген кезде созылмалы жабық бұрышты глаукомада көздің ішкі қысымын бақылау; жүрек аурулары, гипертензия, демікпе, пептиттік жаралар, несеп шығару жолдарының обструкциясы, Паркинсон ауруы; жүйелік улану белгілері пайда болғанда емді доғару керек.

Қараңғыда бейімделудің бұзылуларын туғызады, аккомодацияның тарылуын туғызуы мүмкін. Орындалуда арнайы амалдарды талап ететін қызметтерді, көру қабілеті толық қалпына келмегенше орындауға болмайды, мысалы техникамен немесе көлік жүргізу сияқты әрекеттер.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтуі туралы мәліметтер жоқ.