Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Көздің екіншілік инфекциялары; қасаң қабақтың жазылуының нашарлауы (жұқаруына байланысты), көру жүйкесінің зақымдануы, катаракта, глаукома, мидриаз, птоз, эпителиальды нүктелі кератит, кейінге қалдырылған жоғары сезімталдық реакциялары, күйдіру сезімі, шаншу.

Саудаға тіркелген атауы:

21.3. Жергілікті жансыздандырулар

Пропаркаин гидрохлорид

(Proparacainum)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 0,5%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Препарат конъюнктивальды қуысқа тамызу үшін 0,5% зарарсыздандырған ерітінді түрінде қолданылады. Тез әсер ететін жергілікті жансыздандыратын заттар болып келеді. Жансыздандыру әсері шамамен 15 минутқа созылады. Анестезия қажет ететін емшара немесе қол әрекетін жасар алдында қолдану тиімді, оған қатынасты тонометрия, гониоскопия, бөгде денелерді шығаруда, сонымен қатар конъюнктива мен қасаң қабаққа қысқа араласуларда қолданылады.

Көбінесе тонометрия немесе бөгде денені алып шығуда араласу алдында зақымдалған көзге 1-2 тамшы тамызу жеткілікті. Терең жергілікті жансыздандыруға қол жеткізу үшін әр 5 минут сайын 1 тамшыдан 20-25 минут бойы тамызу.

Кері көрсеткіштері

Нағыз кері көрсеткіштерге препаратты белгілі науқастың жеке көтере алмауы жатады. Бірақ новокаиннің көз тамшыларын ұзақ қолдану ұсынылмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жанама әсерлері

Сирек тіркеледі, бірақ мынандай симптомдардың дамуы мүмкін, күйдіру, бөгде дененің болу сезімі, конъюнктиваның гиперемиясы. Өте сирек болатын жанама әсерлері – тез дамитын гиперсезімталдық тип бойынша жүретін, қасаң қабақтың айқын гипоаллергиялық реакциясының дамуы. Бұл кезде эпителиальды жамылғының үлкен некрозды бөлігімен жүретін дөрекі диффузды эпителиальды кератиті және ирит көріністері байқалады. Сол сияқты пропаракаиннің теріге тиген жердегі қатынасты дерматитінің пайда болуын ескері керек. Жергілікті және жүйелік жанама әсерлерінің зерттеулері жалғасуда

Саудаға тіркелген атауы:

21.4. Миотикалық және глаукомаға қарсы дәрілік заттар

Ацетазоламид

(Acetazolamide)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ашық бұрышты созылмалы глаукома кезінде қосымша терапия, екіншілік глаукома, жедел жабық бұрышты глаукома кезінде операция алдында жүргізілетін емнің құрамында. Ішке, ересектерге 0,25–1 г-нан күніне бірнеше рет қабылдауға.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар басқа да сульфонамидтерге), гипонатриемия, гипокалиемия, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі, бүйрек немесе бауыр жетіспеушіліктері, бауыр циррозы (энцефалопатия даму тәуекелі), несеп тас байлану аурулары (гиперкальциурия кезінде), гиперхлоремиялық ацидоз, созылмалы декомпенсирленгенген жабық бұрышты глаукома (ұзақ ем үшін), қант диабеті, уремия, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Техникамен немесе көлікті жүргізу сияқты, арнайы қимылдарды талап ететін қызметтерді орындаудың бұзылыстары мүмкін.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Егде жастағылар; қант диабеті; өкпенің обструктивті аурулары. Ұзақ қолданған кезде қанның жасушалық құрамын және электролиттерді бақылау қажет. Ацетазоламидті ацетилсалицил қышқылымен (жоғары мөлшерде) бірге қолданғанда, анорексияның, тахипноэның, летаргиялық жағдайдың, өлімге әкелетін команың дамуына байланысты сақтықпен қолдану керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде ұсынылмайды (әсіресе І үшайында), әр жеке жағдайларда күтілетін терапия ықпалы мен потенциальды ұрық үшін тәуекелді бағалай білу керек.

Емшекпен емізу: Емдеу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.