Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар лидокаинге), ауыр барыстағы миастения.

Сақтандыру.

Қолдану шектеулері: Жүктілік, емшекпен емізу, ерте жастағы балаларға (3 жасқа дейін).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері

Диспепсия (жүректің айнуы, құсу, іштегі дискомфорт), ұйқышылдық, бұлшық ет күшінің төмендеуі, артериальды гипотензия, аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок, бронхоспазм, есекжем, эритема, тері қышынулары).

Саудаға тіркелген атауы:

Тизанидин

(Tizanidine)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 2 мг, 4 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Омыртқаның ауруларындағы бұлшық еттердің ауырсыну спазмы (остеохондроз, спондилез, сирингомиелия, гемиплегия, мойын және бел синдромы), омыртқа аралық дискінің жарығы бойынша хирургиялық операциядан кейін немесе жүйкелік аурулармен байланысты болатын санның остеоартритінде, спазм және ауру: тарамалы склероз, созылмалы миелопатия, жұлын миының дегенеративті аурулары, бас ми қан айналымының бұзылыстары, инсульт, бас-ми жарақаттары, церебральді сал, орталықтан шыққан тырысулар. Ішке, 2–4 мг-нан күніне 3 реттен, ауыр жағдайларда — қосымша 2–4 мг-наан түнде. Жүйкелік спазмды жағдайлармен байланысты кезде бастапқы мөлшер тәулігіне 6 мг-нан 3 қабылдаудан аспауы керек, біртіндеп әр 3-4 күндік аралықпен 2-4 мг-ға жоғарлату – аптаға дейін. Тиімді терапиялық ықпал тәулігіне 12-24 мг-ды 3-4 қабылдау (36 мг тәулігінен аспауы керек) кезіндегі мөлшерде қол жеткізуге болады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр мен бүйректің айқын қызметтерінің жетіспеушілігі, жүктілік, емшекпен емізу (емделу кезінде доғарады), жас балаларға.

Сақтандыру.

Бауыр мен бүйрек қызметін кезеңдң бақылап отыру қажет және олардың нашарлауы кезде мөлшерді түзету. Қандағы тоқтаусыз трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы емді доғаруды талап етеді. Ұйқышылдық және әлсіздік мүмкіндіктеріне байланысты, тез физикалық және психикалық реакцияларды талап ететін жұмыстардағы кісілерге (операторлар, көлік жүргізушілер және т.б.) тағайындауды шектеу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық, шаршау сезімі, бастың айналуы немесе вертиго, бұлшық ет әлсіздігі, абыржу, ұйқының бұзылуы, елестер, шамалы АҚ төмендеуі (аз мөлшерде) немесе артериальды гипертензия, брадикардия, ауыздың құрғауы, жүректің айнуы, АІЖ бұзылыстары, сары суда уақытша трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы.

Саудаға тіркелген атауы:

21. Офтальмологиялық заттар

Көзге енізілуге арналған препараттар шығарылуы кезінде зарарсыз болуы керек. Мүмкіндігінше бір реттік контейнерлерді қолданған дұрыс; көп қолданылатын дәрілік түрлер құрамына микробтарға қарсы заттар кіруі керек және құрамның былғануынан болдырмас үшін аса сақтықпен қолданылуы тиіс; аппликатордың көзбен және басқа да беткеймен қатынаста болмауы керек.

Көз тамшыларын төменгі конъюнктивальды қапшыққа тамызады, ол үшін астыңғы қабақты жай төмен тартып, пайда болған қалтаға бір тамшы тамызады. Тамызғаннан кейін көзді мүмкіндігінше ұзақ жабық ұстау керек, 1-2 минут. Осындай жолмен көз майлары да жағылады, ол көзді ашып-жұмғанда еріп, бүкіл көзге жағылады.

Егер бір мезгілде екі түрлі дәріні көз тамшысында тамызу керек болса, олардың араласуы немесе бірден тамызғаннан ағып кетуі мүмкін, сол себепті екі дәріні тамызу кезінде 10 минуттық аралықпен жасау керек.

Жүйелік қан айналымға сіңірілуін азайту үшін, көз тамшысын тамызғаннан кейін, көздің медиальды бұрышындағы жас қапшығын бір минутқа саусақпен басып тұру керек. Бұл тамшының мұрын жас түтікшесі арқылы ағуын жабуға көмектеседі.