Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: ұйқышылдық, ұйқының қашуы, бастың айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, шаршау, естің шатасуы, тепе-теңдіктің бұзылуы, реакция жылдамдығының төмендеуі, психикалық қозулар, эйфория, елестер, депрессия, қорқынышты түстердің кіруі. Жүрек қан-тамырлары мен қан (қанның түзілуі, гемостаз) жағынан: артериальды гипотензия, жүректің соғуы, көкірек қуысының ауруы, коллапс. АІЖ мүшелері жағынан: тамаққа зауқы соқпауы, дәмнің бұзылуы, жүректің айнуы, құсу, іштің қатуы, диспепсиялық көріністер, іштің ауруы. Несеп жолдары жағынан: өздігінен зәрдің шығуы, энурез, зәрдің шықпауы, анурия, гематурия, бедеулік, шәует шығарудың бұзылыстары. Респираторлы жүйке жағынан: мұрынның бітелу және тұншығу сезімі, тыныстың тежелуі. Басқада: бұлшық еттердің ауруы, тері бөртпелері, қышыну, аяқтың ісінуі, тершеңдік, дене салмағының жоғарлауы, парадоксальды реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

Пиридостигмин

(pyridostigmine)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 60 мг [ӘДҰ ұсынылған].; егуге арналған ерітінді  5 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Гравис миастениясыС. Ішке, ересектерге бастапқыда 30–120 мг-нан күні бойы ыңғайлы ара қашықтықпен, күтілетін нәтижеге қол жеткізгенше мөлшерін біртіндеп жоғарлату; күнделікті қосынды мөлшер 0,3–1,2 г аралығында, препаратты қажетті ең жоғарғы күш әсеріне жеткенше дұрыс аралықпен қолдану, бірақ күніне 450 мг-нан аспауы керек, ацетилхолин рецепторларын тежеуді болдырмас үшін; 6 жасқа дейінгі балаларға, бастапқыда 30 мг-нан, 6–12 жас, бастапқыда 60 мг-нан; күнделікті қосынды кәдімгі мөлшер 30–360 мг, дұрыс аралықпен қабылдау. Гравис миастениясы, тері астына немесе бұлшық етке, ересектерге 2 мг-нан әр 2-3 сағатта; нәрестелерге 50–150 мкг-нан емізуге дейін (бірақ көбінесе неостигминді тағайындайды); балаларға күнделікті қосынды мөлшері 1–12 мг-нан, қажетті аралықпен енгізеді.

Кері көрсеткіштері

Жуырда ішек немесе қуыққа болған операцияда; механикалық ішек бітелуі немесе механикалық несеп шығару жолдарының обструкциясы; пневмония; перитонит.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Демікпе; несеп жолдарының инфекциясы; жүрек қан-тамырлар ауруы, аритмияны қоса (әсіресе брадикардия немесе атриовентрикулярлы тежелу); гипертиреоз, гипотония; жара аурулары; қояншық; паркинсонизм; бүйрек жетіспеушілігі; жүктілік және емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді (анасының қанындағы құнарлығының 36-113%), емшекпен емізумен сыйымды.

Жанама әсерлері

Саливацияның жоғарлауы, жүректің айнуы және құсу, ішектің шаншуы, диарея; мөлшерден көп қолдану белгілеріне бронхоконстрикция, бронхи­альды секрецияның жоғарлауы, жастың ағуы, тершеңдік, өздігінен болатын дефекация мен несептің шығуы, миоз, нистагм, брадикардия, жүрек тежелуі, аритмия, гипотензия, қозу, шамадан тыс жарық түс көрулер, фаскуляция мен салға әкелетін әлсіздік жатады; бром тұздарын қолдануға байланысты, тромбофлебит жағдайлары тіркелген мәліметтер бар.

Саудаға тіркелген атауы:

Толперизон

(Tolperisone)

Шығарылу түрі. Драже 50 мг, 150 мг; егуге арналған ерітінділер 100 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Органикалық жүйке зақымдалу тұсындағы қаңқа бұлшық еттерінің гипертонусымен жүретін жағдайлар (пирамидалық жолдардың зақымдалуы, таралған склероз, миелопатия, энцефаломиелит, бұлышық ет спазмы, бұлшық ет гипертонусы, бұлшық ет контрактурасы, омыртқалы автоматизм), экстрапирамидалық бұзылыстар (постэнцефалиялық және атеросклерозды паркинсонизм), қояншық, тамырлар генезінің энцефалопатиясы, тамырлардың бітелу аурулары (аяқ тамырларының атеросклерозды бітелуі, бітелуші эндартериит, жүйелік склеродермия, бітелуші тромбангиит, диабеттік ангиопатия, Рейно синдромы), сонымен қатар тамырлардың иннервациясы бұзылған тұста, посттромбозды қан- және лимфа айналымының бұзылыстары; педиатрияда — Литтля ауруы (балалардағы спастикалық сал). Ересектерге, ішке — 50–150 мг-нан тәулігіне 3 реттен. К/т — 1 мл-ден (100 мг) тәулігіне 2 реттен. К/т — 1 мл/тәу (100 мг) бір реттен. Балаларға 3 айдан 6 жасқа дейін, ішке — 5 мг/кг/тәу 3 қабылдауға. Балаларға 7–14 жастағы, ішке — 2–4 мг/кг/тәу 3 қабылдауға.