Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.29 Mб
Скачать

Жанама әсерлері

Жиі кездеспейтін жанама әсерлер.

Күйдіру сезімі (к/т енгізгеннен кейін); гипер- немесе гипопигментация, тері астының атрофиясы және тері атрофиясы; буынның ісінуі мен терідегі бөртпелер (буын ішіне енгізгеннен кейін); асептикалық абсцесстер; тәбеттің жоғарлауы және дене салмағының жоғарлауы, көз қысымының жоғарлауы.

Сирек кездесетін жанама әсерлері.

Анафилактикалық шок; артропатия; соқырлық (бет тініне және басқа енгізгеннен кейін), бүйрек үсті безінің қызметі мен АДГ өндірілуінің тежелуі.

Саудаға тіркелген атауы:

Преднизолон

(Prednisolone)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 30 мг/мл; таблетки 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Шок (күйік, жарақаттар, операциялық, миокардтың инфаркты кезінде); аллергиялық реакциялар (ауыр түрлері), анафилактикалық шок; дәнекер тінінің жүйелік ауруы; жүйелік васкулиттер; бронхиальды демікпе, демікпелі статус; Аддисон ауруыа; адреногенитальды синдром; аутоиммуннды гепатит; гломерулонефрит; иммуннды гемолитикалық қаназдық, тромбоцитопения, гематобластоз, гематосаркома; көпіршікті, экзема, қышыну, эксфолиативті дерматит, теңге қотыр, қышымалар, майұралы дерматит, эритродермия; эпикондилит, тендовагинит, бурсит, иық жауырын периартриті; келоидтар; ишиалгия; Дюпюитрен контрактурасы.

Мөлшерлеу тәртібі жеке.

К/т, шок кезінде 30-90мг-нан (150-300 мг-ға). Б/е 30-90 мг-нан. Қайта енгізу 30-60 мг к/т немесе б/е. Балаларға 2-12 айлық. 2-3 мг/кг, 1-14 жасқа 1-2 мг/кг.

Буын ішіне. Ірі буындарға 25–50 мг-нан енгізу, орта көлемді буындарға — 10–25 мг-нан, ұсақ буындарға — 5–10 мг-нан. Тіндерді инфильтрация жасау үшін — 5 -тен 50 мг-ға дейін.

Ішке. Орын басуша терапия кезінде бастапқы мөлшер 20–30 мг/тәулігіне (қажет жағдайда — 15–100 мг/тәулігіне), ұстап тұрушы — 5–15 мг-нан. Мөлшерін біртіндеп төмендетеді. Балалар үшін бастапқы мөлшер — 1–2 мг/кг дене салмағына тәулігіне 4–6 рет қабылдауға, ұстап тұрушы — 0,3–0,6 мг/кг/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімьалдық, жара аурулары асқыну фазасында, декомпенсирленген қант диабеті, ауыр артериальды гипертензия, остеопороз, Иценко — Кушинга ауруы, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, жүйелік микоздар, жедел вирусты инфекция, психикалық аурулар кезіндегі продуктивті симптоматика. Көздің вирусты және бактериальды аурулары, біріншілік глаукома, эпителидің зақымдалуымен жүретін қасаң қабақтың аурулары. Терінің бактериальды, зеңді, вирусты зақымданулары, туберкулез, мерез, тері ісігі, жүктілік.

Сақтандыру.

Препаратты келесі аурулармен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындау керек:асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, остеопороз, Кушинга ауруы, қант диабеті, тромбоэмболияға бейім болу, бүйрек жетіспеушілігі, ауыр артериальды гипертония, жүйелік микоздар, вирусты инфекциялар, вакцинация кезеңі, туберкулездің белсенді түрі, глаукома, қояншық, психикалық аурулар кезіндегі продуктивті симптоматикасы, эпителидің зақымдалуымен жүретін қасаң қабақтың ауруларында, мерез, тері ісіктері. Аса сақтықты препаратқа жоғары сезімталдық кезінде, инфекциялық ауруларда, сонымен қатар жас балалар мен жасөспірімдерге сақтықпен тағайындау керек. Кортикостероидтарды ұзақ қолдағаннан кейін, бірден алып тастау кезінде бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Сондықтан доғаруды біртіндеп жүргізу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плаценттік кедергіден өтеді. Бірінші үшайда кері көрсетілген. Терапиялық құнарлығының теріс әсері дәлелденбеген.

Емшекпен емізу: 1% аз мөлшері төс сүтіне өтеді, аз мөлшері қауіпсіз, жоғары мөлшері – баланың өз гормондар өнімін тежеу тәуекелі және бой өсуінің ұсталуы – ұсынылмайды.