Қорытынды
Мен, Дүйсенбай Гауһар Сайынқызы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің, «Құқықтану» мамандығының ЮП-14-01 тобының 3 курс студенті 12.06.2017 - 07.07.2017 жыл аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.А. Актулиеваның жетекшілігімен кеңсе бөлімінде көмекшісі ретінде екінші өндірістік тәжірибеден өттім.
Алғашқы күннен бастап екінші өндірістік тәжірибе өту барысында соттың қызметін ұйымдастырылуын, оның құрылымымен және ішкі еңбек тәртібімен, жұмыс орнындағы құжаттармен, материалдармен және азаматтық істермен кәсіби этиканың ережелерімен таныстым.
Өзімнің екінші өндірістік тәжірибе өту барысында мен көптеген азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер туралы мағлұматтар алып, өзімнің теория жүзінде алған білімімді тәжірибемен салыстырып, көп нәрсені білдім, үйрендім, жетілдірдім. Кеңсе бөлімдерінің жұмыстарымен танысып, ондағы журнал және бағдарламаларын меңгердім. Журналға материалды тіркеу үшін міндетті түрде құқықбұзушының жеке куәлығы іс қағазында болуға міндетті. Журналда арнайы бөлімдер қарастырылған, олар: 1 бөлім - құқықбұзушының аты, тегі, жеке куәлігінің ИИН номері, 2 – әкімшілік, қылмыстық, азаматтық істер бойынша, қай баппен құқық бұзғаны жөнінде. 3 – істі қарайтын судьяның аты жөні жазылады және бұл іспен танысқандығы туралы қой қойылады. Азаматтарды қалай қабылдау керек және келіп түскен материалдарды тіркеу, тарату және мұрағаттағы істермен таныстым. Сот отырысының қандай тәртіпте өтетінін білдім және өз көзіммен көрдім. істер толықтай аяқталған соң мұрағатқа азаматтық және әкшілік істердің қалай тапсырылуын хатшының көрсетуімен істерді тізімдеп, іске анықтама парағын желімдеп, оларды толтырып, акт тізімін жасақтап, мұрағатқа тапсыруды үйрендім.
Төрағалық етуші судья сотқа талапкерге өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндірді: іске қатысушы тұлғалар сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасауға; түсініктер мен жауап беруге; өтініш білдіруге; шағым жасауға; сотта сөйлеу Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы белгіленген тәртіппен аудармашының қызметін тегін пайдалануға,іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәлерге, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтініш жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісіммен немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және сот бекітеді. Төрағалық етуші сотқа қатысушы тұлғаларға түсініктеме беру үшін сөз берді. Төрағалық етуші тараптарға сұрақтар қойып істің мән-жайын анықтайды. Тараптардың пікірін тыңдап болғаннан кейін, сот іс материалдарын жариялауға көштеді. Төрағалық етуші жауапкерден жарияланған іс материалдарына қосымшалар мен ескертпелер бар-жоғын анықтады. Төрағалық етуші іс материалдарын жариялау аяқталғанын хабарлады. Сот сот жарыссөзіне көшті. Сот жарыссөзі аяқталады. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетті. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінен шығып, шығарылған шешімді жария етіп, шешімге апелляциялық шағым немесе наразылық келтіру мерзімі мен тәртібін, сот мәжілісінің хаттамасымен танысып, оған ескертпе келтіру құқықтарын түсіндірді. Сот мәжілісі жабық деп жарияланды.
Судьяның өндірісіне келіп түсетін неке бұзу, алимент өндіру, алимент мөлшерін азайту, қарыз ақша өндіру, ортақ мүлікті бөлу туралы, материалдық шығынды және моральдық залалды өндіру туралы тағы да басқа азаматтық істер бойынша талап арыздарды тізім бойынша тіркеп отырдым. Тәжірибеде көрсеткен өзіме сай жүріс-тұрсыма тәжірибе жетекшіден мінездеме алып және есепке қажетті материалдарды жинақтадым. Мен, болашақта мемлекеттік қызметті атқаруға барамын және Қазақстан Республикасына мемлекетіне қызмет етуге, оның болашағына өзімнің үлесімді қосамын деген сенімдемін.
