II. Тәжірибелік бөлім
05.06.17-09.06.2017
Мен бұл аптада Ш.Есенов атындағы КМТИиУ-де екінші өндірістік тәжірибемді бастадым. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы пәндері бойынша аға оқытушы Үсенбаева А.Ұ. жалпы шолу дәрістерін өткізді. Осы дәрістерді өту барысында ҚР Азаматтық іс жүргізу пәні бойынша азаматтық сот ісін жүргізудің мақсаты мен міндеттерін, қағидаларының түсінігі және оның мәнін қарастырдым. Қағидаларды жіктеу мәселелері, ведомстволық және соттылық, Азаматтық істердің ҚР Жоғарғы сотының соттылығына жатқызылуы, жауапкердің орналасқан жері бойынша талап қоюды беру, сот ведомстволығының басымдығы туралы тақырыптарын меңгердім.
ҚР Қылмыстық құқық пәні бойынша дәрістерді қамтыдым. ҚР Қылмыстық құқық заңдылығы және оның ерекшелігі және қылмыстық жауаптылық негізі, оның қылмыстық түсінігі, мақсаты және түрлері. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын меңгердім.
12.06.2017
Мен, 2 өндірісітік тәжірибемде Маңғыстау облысының Актау қалалық сотының Қылмыстық істер жөніндегі кеңседегі бас маман Актулиева Айгуль Нурлановна қасында көмекші тәжірибеші болып істедім. Мен бірінші күні келіп сотқа қатысты іс құжаттармен, сондай-ақ сот органдарын реттейтін нормативтік актілер ережелерімен таныстым. Қалалық сотта менің екінші өндірісітік тәжірибем келесі тәртіпте өттім:
1.Сотта
2. Сот орындаушының қармағында,
3. Сот канцеляриясында,
4. Сот мәжілісі хатшысының қарамағында
13.06.2017
Сот канцеляриясында мен азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау және тіркеу тәртібімен, іс жүргізу тәртібімен, қылмыстық және азаматтық істерді рәсімдеу, есепке алу және сақтау ережелерімен, оларды сот мәжілісінде тыідауға тағайындау тәртібімен танысуға, бірқатар құжаттарды қарастырдым. Сотқа келіп түскен талап арыздардыбойынша істерді тыңдауға дайындау кезінде орындалуы тиіс әрекеттер жөнінде судьяға өз пікірлерімді білдірдім. Тыңдауға тағайындалған азаматтық және қылмыстық істермен таныстым, сонымен қатар айыпталушы әрекеттерін саралау жөнінде мәселелер жөнінде өз пікірлерімді білдірдім.
14.06.2017
Сот мәжілісі хатшысының қарамағында екінші өндірісітік тәжірибеден өту кезеңінде хатшымен бірлесе отырып, азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот мәжілісінің хаттамаларын жүргіздім, сондай-ақ сот мәжілісі хатшысына жүктелген өзге де міндеттерді атқардым. Тыңдауға тағайындалған қылмыстық істермен таныстым, қылмысытық істерді қарауға даярлаумен байланысты (сотқа шақыру қағаздарын, айыптау қорытындысының көшірмелерін жіберу) өзге әрекеттерді жүргіздім. Істерді қарау кезінде сот мәжілісіне қатысып,талапкер мен жауапкердің түсіндірмелерінің мазмұнын, сотталушының, куәлардың айғақтарын, пркурордың қорытындыларын жазып тәркедім.
15.06.2017
Сот орындаушының қармағында екінші өндірісітік тәжірибеден өту кезінде мен мынандай жұмыстарды орындадым:
Қалалық соттың жұмысын ұйымдастырумен және оның мазмұнымен танысуға, сотпен өзге сот қызметкерлері арасында міндеттерді білумен, сот мәжілісінде істерді қарау жоспармен таныстым.
Сот жұмысын жоспарлаумен, соттың өкілеттерімен таныстым.
Үкімдер мен шешімдерді орындау жұмысын ұйымдастырумен, сот тәжірибесін зерттеу және жалпылау әдістерімен таныстым.
16.06.2017
«Сот құжаттарымен танысу» модулі логин мен құпия сөз арқылы электрондық сот құжаттарын көру үшін арналған. Сот үрдісінің қатысушысы логин мен құпия сөзді ұялы телефон нөміріне немесе электрондық адресіне жіберілген SMS-хабарлама арқылы алады. Жедел хабарлау мақсатында сот үрдісінің қатысушысына сот органдарының ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жасалатын келесі SMS-хабарламалар жүйелік логикалық тәртіпте жіберіледі, оның ішінде:
- логин мен құпия сөзді көрсете отырып, арызды сот ісін жүргізуге қабылдау кезіндегі істің нөмірі туралы;
- сот қарауына істі дайындау туралы;
- күні, уақыты және өткізілетін орны көрсетілген сот отырысына шақыру туралы;
- сот ісін жүргізуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы;
- өтінішті қайтару туралы;
- қозғалыссыз өтініштің тоқтатылғаны туралы;
- сот шешімі шығарылғандығы туралы.
«Сот құжаттарымен танысу» модулінде электрондық сот құжаттары оларды жүктеу, көру және сақтау мүмкіндігі қарастырылған сілтемелер түрінде беріледі. «Сот құжаттарымен танысу» туралы SMS хабарлама жіберіп үйрендім.
19.06.2017
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы электрондық құжат нысанына. сотқа құжаттарды беру «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» сәйкес дайындап үйрендім. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі (бұдан әрі – «Сот кабинеті») арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық жүйесінде оларды қабылдау, тіркеу және өңдеу реттеу үйрендім.
20.06.2017
Электрондық құжаттарды беру шарттарының «Сот кабинетіне» сервисін пайдалануды, арыз-шағым жазуға келген жеке тұлғалар түсіндіріп анықтама бердім. Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет. «Сот кабинетіне» тіркелген адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады. Электрондық құжаттарды беру сервисін пайдаланушы «Сот кабинетіне» авторзациялау рәсімінен өткеннен кейін:
1) талап арызбен;
2) сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен;
3) сот отырысының хаттамасына ескертумен;
4) өтінішпен сотқа жүгіне алады.
21.06.2017
Пайдаланушы жөнелткен электрондық арыздың (өтініштің) деректемелері мен құжаттардың файлдары Қазақстан Республикасы сот органдарының ақпараттық сервисіне келіп түскен кезде автоматты түрде кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасына көшіріледі. Жеткізілген электрондық құжат сот органдарының ақпараттық жүйесінде «Кіріс хат-хабар» - «Тіркеу күтілуде» - «БААТЖ» - «Электрондық талап арызды беру/тіркеу модулі» папкасына орналастырылады. Электрондық құжат нысанында келіп түскен талап арыз мынадай құжаттардан тұрады:
1) кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасы;
2) азаматтық іске арналған нысандар (1А нысаны);
3) адамға арналған нысандар (процесс тараптары);
4) электрондық құжат нысандары;
5) мемлекеттік бажды төлеу нысандары (электрондық төлем).
Келіп түскен сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арыз, сот отырысының хаттамасына ескерту, электрондық құжаттар нысанындағы өтініш мынадай құжаттардан тұрады:
1) кіріс құжаттың тіркеу бақылау карточкасы;
2) электрондық құжат нысандары.
Электрондық арыздарды (өтініштерді) тіркеу Қазақстан Республикасы сот органдары ақпараттық жүйесінің электрондық құжат айналымы арқылы электрондық түрде келіп түскен құжаттарды тіркеп үйрендім. Келіп түскен электрондық құжаттарды қабылдау және тіркеуді үйрендім.
22.06.2017
Бүгінгі тәжірибеде қылмыстық және азаматтық іс бойынша сот отырысының хаттамасымен таныстым. Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы: Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейiн тараптар, сондай-ақ басты сот талқылауында жауап алынған тұлғалар сот отырысының хаттамасымен танысу туралы тілек білдіруге құқылы. Тараптар, сондай-ақ басты сот талқылауында жауап алынған тұлғалар басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейін бес тәулiктiң iшiнде хаттамаға ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзiмді iс бойынша төрағалық етушi тараптардың өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзартуы мүмкін (ҚР ҚІЖК-нің 328-бабы). Азаматтық іс бойынша сот отырысының хаттамасы: Қатысушы адамдар, олардың өкілдері хаттамамен танысуға және оған қол қойылған күннен бастап бес күн ішінде ондағы жіберілген қателіктерді және толық еместігін көрсете отырып, хаттамаға жазбаша түрде ескертпелер беруге құқылы. Хаттамаға жасалған ескертпелер олардың берілген күнінен бастап бес күн ішінде қаралуға тиіс (ҚР АІЖК-нің 258-бабы).
23.06.2017
Бүгінгі күні екінші өндірістік тәжірибемде талап арыздың нысаны мен мазмұнын танысып оқыдым, сонымен қатар олар қалай толтырылуы керек екенін тәжірибеде үйрендім. Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арызда: 1) арыз берілетін соттың атауы; 2) талапкердің атауы, оның тұрғылықты жері, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер немесе, егер талапкер ұйым болса, оның тұрған жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен банк реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы және мекенжайы. 3) жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және егер талапкерге оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер сот бұйрығын шығару туралы арызда көрсетілген болса) белгілі болса немесе, егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты орналасқан жері немесе, егер талапкер бұл деректер белгілі болса, Бірыңғай мемлекеттік тіркеуден салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері; 4) талапкердің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні; 5) талапкер өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; 6) егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы; 7) арызға қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
26.06.2017
Екінші өндірістік тәжірибе бойынша техникалық қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, мекеменің ішкі еңбек ережелерін, тәртіптерімен таныстым. Ішкі еңбек тәртібі деп еңбек функциясын орындап қызметкер еңбектенетін ұйымның ішінде орнатылған тәртіп түсініледі. Ол өзіне қызметкер мен меншік иесі тапсырмасымен ұйымда еңбек үрдісінде қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты басқаратын әкімшілікпен өзара қарым - қатынасын реттейтін тәртіпті қосады. Ішкі еңбек тәртібінің өте маңызды элементтері: қызметкер-лердің және әкімшіліктің негізгі құқықтары мен міндеттері, қызметкерлердің жұмыс уақытыныңтәртібі, оларды мадақтау тәртібі және жауапкершілікке тарту болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің құқықтық жағдайы ең алдымен ұйым үсынуымен қызметкерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін ішкі еңбек тәртіп ережерімен анықталады. Тәртіптік жауапкершілік – тәртіптік теріс қылықтарды жасаған үшін жауапкершілік. Еңбек Кодексінде көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді. Тәртіптік жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етілуі тиіс. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы, тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
27.06.2017
Екінші өндірістік тәжірибемде Қылмыстық процестің мiндеттерiн іске асырудың жалпы шарттарын оқып танысып, сонымен қатар тәжірибе жүзінде түсіндім. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету.
28.06.2017
Бүгінгі тәжірибеде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Кеңес отырыстары туралы заңды оқып таныстым.
1. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан кезде Кеңес отырысы шешімдер қабылдауға құқықты.
2. Кеңес отырыстары ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы. Қажет болған жағдайларда, Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы, оларды өткізу туралы шешімдер Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
3. Кеңес отырысына қатысып отырған жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырысының барысына кедергі келтірмей, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізуге құқылы.
Егер өзіне қатысты материалдар Кеңес отырысында қаралуға жататын отырысқа қатысушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізілмейді.
4. Кеңес материалдарды келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау қорытындылары туралы өтініш берушіні міндетті түрде хабардар етеді.
29.06.2017
Мен бүгінгі тәжірибеде сот жүйесін құрайтын жергілікті соттаржәне басқа да соттар құрайды: Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).
3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
3-1. Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.
5. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының ерекше мәртебесі болады.
30.06.2017
Мен бүгін, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған заңның Облыстық соттың жалпы отырысы туралы жалпы мәлеметтерімен таныстым. Облыстық соттың жалпы отырысы:
1. Облыстық сот қажетiне қарай, бiрақ жылына кемiнде екi рет жалпы отырыстар өткiзедi, оларда:
-тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
-сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
- уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкiлеттi органға келiсiм бередi;
- уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесі басшысының қызметі туралы есепті тыңдайды;
- аудандық және облыстық соттар судьяларының, аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;
- уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкiлеттi органға ұсыну енгiзедi;
- судья қызметiне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және тиiстi қорытынды бередi;
- Жалпы отырыс облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.
- Облыстық соттың жалпы отырысының жұмыс тәртiбi ол бекiткен регламентпен анықталады.
03.07.2017
Мен бүгін Ақтау қалалық сотта екінші өндірістік тәжірибе өту кезінде мен құжаттардың процессуалдық құжаттарды құрастырдым:
-азаматтық істер бойынша: талап арызын қабылдаудан бас тарту туралы, талапты қамтамасыз ету туралы, істі сот талқылауына даярлау туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы. талап арызын қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарымдарының жобалары, сот шешімдері, жеке ұйғарымдар, сот мәжілісінің хаттамалары.
-қылмыстық істер бойынша: үкімдік мәжілістерді хаттамалары, істі қосымша тергеуге жіберу туралы қаулы, істі сотта тоқтату туралы қаулы, сот мәжілісінің хаттамалары, үкімдер, апелляциялық және қадағалау шағымдары мен наразылықтың жобалары, жеке қаулылардың жобалары.
04.07.2017
Бүгінгі тәжірибеде жеке қаулының шығарылуын, кеңесу бөлмесінде қабылданады және оның нәтижелері бойынша хабарлануымен таныстым. Жеке қаулы — мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдар мен олардың басшыларының назарын белгілі бір істі қарау кезінде анықталған заңның бұзылу дерегіне,қылмыс жасауға себепші болған жағдайларға аудару үшін соттың шығарған қаулысы. Жеке қаулыны сот оған жеткілікті негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде қабылдайды. Сот жеке қаулыны алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарының және заңның басқа да талаптарының бұзылуы байқалған кезде шығаруы мүмкін. Кейбір ұйымдар мен еңбек ұжымдарындағы жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына, қызметтік, азаматтық борышын бұзып жүргендігіне де сот жеке қаулы арқылы назар аудара алады. Сондай-ақ, қылмыстың жолын кесуге немесе қылмысты ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы мен ерлігі туралы еңбек ұжымдары мен ұйымдарға ол туралы жеткізу керек болғанда сот жеке қаулы алады. Жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы сот орнына хабарлануы тиіс.
05.07.2017
Мен бүгін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодекстің 2014жылдың 4 шілдеде қабылданған заңның Қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу туралы жалпы мәлеметтерімен таныстым. Iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу:
1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
2. Қылмыстық қудалау органдары нақты деректердi айқындайды, солардың негiзiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар анықталады.
3. Қылмыстық iстi қарайтын сот объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптаушы және қорғаушы тараптарға олардың iстің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге деген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай жасайды.
4. Іс бойынша күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны әшкерелейтiн де, ақтайтын да, сондай-ақ олардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, мәлімдемелерді тексеруге тиіс.
06.07.2107
Мен бүгін, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған заңның Қазақстан Республикасының Сот жүйесiнiң бiрлiгi туралы жалпы мәліметтер таныстым. Олар:
1) Конституцияда, осы Конституциялық заңда, iс жүргiзу және өзге де заңдарда белгiленген, барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен;
2) сот билiгiн барлық соттар үшiн сот iсiн жүргiзудiң заңдарда белгiленген бiрыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолдануымен;
4) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен;
5) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырумен қамтамасыз етiледi.
07.07.2017
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңы 2000 жылы 25 желтоқсанда қабылданған заңның Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi туралы жалпы мәліметтер таныстым. Олар:
1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге де iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, оларға қатысты кассациялық саты функцияларын жүзеге асырады және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер бередi.
Жоғарғы Сот:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді;
4) Жоғары Сот Кеңесімен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымдарына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады;
5) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша бекітеді.
