КІРІСПЕ
Мен, Дүйсенбай Гауһар Сайынқызы 05.06.2017 - 07.07.2017 уақыт аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотында екінші өндірістік тәжірибе бекітілді. Екінші өндірістік тәжірибеден өтудің мақсаты құқық қорғау жүйесінің жұмысымен танысу болып табылады. Осыған байланысты Сот органы Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біздің еліміздің азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.
Заңдылық-мемлекеттік және отандық тұрмыс-тіршіліктің барлық салаларында қолданылатын барлық құқық салаларының жетекші қағидаты. Жалпы әнбебап құқық қағидаты бола отрып, заңдылық азаматтардың, лауазымды және заңды тұлғалардың ҚР Конституциясы мен оның тиісті заңдарын жәнеде өзге де нормативтік құқықтық актілерді қатаң және бұлжытпай орындауды әрі сақтауды білдіреді. Сот төрелігі саласында бұл қағидат мынаны білдіреді:
- Сот төрелігін атқару кезінде судьялар тәуелсіз және тек конститиуция мен бағынады;
- сот төрелігін атқару кезінде судьялар азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың ұйымдарын құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиіс;
- соттар ҚР Конституциясын, заңдарды, өзгеде нормативтік құқықтық актілерді, республиканың халықаралық шарттарының орындауды қамтамасыз етуге тиіс;
- сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар сот істері бойынша іс жүргізі тәртібі туралы процессуалдық заңнаманың талаптарын қатаң орындауға тиіс.
ҚР Конституцияның 4-бабаының 2-тармағында конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деген ереже бекітілген. Осыған байланысты соттың басты міндеттерінің бірі тек конституцияны сақтау ғана емес, сонымен бірге оның тікелей қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Сот төрелігі саласында заңдылық қағидаты заңда бекітілген кепілдік жүйесімен қамтамасыз етіледі, мысалы, сот қаулыларына шағым беру; материалдық және іс жүргізу заңдарының нормалары бұзылған жағдайларды сот шешімдерін міндетті өзгенту құқығы.Сот істерін қарау кезінде заң немесе сот нормативтік құқықтық акт ҚР
Коституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасап фактілері анықталған жағдайда, сот Конституциялық Кеңеске осы актіні конституциялық емес деп тану және осыған байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұсыныммен жүгінуге құқылы.
I.Теориялық бөлім
1.1 Облыстық соттың құрылымы, құрамы және өкілеттігі
Облыстық сот – сот жүйесінің облыстық буыны. Ол өз облысындағы қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың қараған істерін апелляц. және қадағалау сатысында, ал бірінші сатыдағы сот ретінде төменгі буын соттары қарайтын істерден гөрі күрделі (ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 291-бабы) істерді қарайды. Облыстық соттың құрылысы азаматтық істер жөніндегі, қылмыстық істер жөніндегі және қадағалау алқаларынан, сондай-ақ соттың жалпы отырысынан, ал құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Алқалар бірінші сатыда және аудандық соттың заңды күшіне енбеген шешіміне (үкімі, қаулысы, ұйғарымына) шағым не прокурор наразылығы келтірілген істерді апелляц. сатыда қарайды. Қадағалау алқасының құзырына аудандық соттың заңды күшіне енген шешіміне, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі алқалардың апелляц. қаулыларына келтірілген шағым не наразылыққа сәйкес енгізілген ұсыным бойынша іс қарау жатқызылған. Облыстық соттың жалпы отырысы қажеттілігіне қарай, кем дегенде жылына екі рет өткізіледі. Онда негізінен ұйымдастыру және сот қызметінің сапасын арттыру мәселелері қарастырылады. Астана және Алматы қалалық соттары облыстық сотқа теңестірілген. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
1) жалпы отырысы
2) жалпы отырыстың төралқасы;
3) азаматтық істер жөніндегі сот алқасы;
4) қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы облыстық соттың органдары болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады. Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. Облыстық соттың өкiлеттiгi:
1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;
2) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;
3) уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Сот құрамы – заң бойынша нақты бір соттық істі қарауға өкілетті судьялар саны. Сот құрамы сот өндірісінің және сот инстанциясының түріне қарай әр түрлі болады. Бірінші инстанция сотында негізінен істі жалғыз судья қарайды. Қылмыстық сот өндірісінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін іс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта қаралатын іс 3 судья құрамында қаралады. Мұндай сот талқысында 3 судьяның бірі төрағалық етеді. Ал апелляциондық инстанцияда істі судья жеке-дара қарайды. Азаматтық және қылмыстық процестер бойынша кассац. және қадағалау инстанциясындағы істер 3 судья құрамында қаралады.
Облыстық және оларға теңестірілген соттарды құру:
1.Облыстық және оларға теңестірілген соттарды (бұдан әрі – облыстық соттар) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Респуьликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Әр облыстық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы. Облыстық сот төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. Облыстық соттың органдары мыналар: қадағалау алқасы; азаматтық істер жөніндегі алқа; қылмыстық іатер жөніндегі алқа; соттардың жалпы отырысы. Облыстық соттың өкілеттігі. Облыстық сот: өзінің қарауына жатқызылған сот істерін және материалдарын қарайды; сот статистикасын жүргізеді; сот тәжірибесін зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезеңдегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; облыс соттарының әкімшісі қызметін бақылауды жүзеге асырады; заңда көзделген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Облыстық сот алқалары. Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқалар төрағалары, ал қадағалау алқасын сот төрағасы басқарады. Әрбір алқадағы судьялар саны сот төрағасының үсынысы бойынша жалпы отырыста белгіленеді. Қадағалау алқасы осы соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы судьялардың жалпы санының көпшілік дауысымен жыл сайын сайланатын судьяларынан тұрады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа жалпы отырыста талқылағаннан кейін дербес құрамын сот төрағасы белгілейтін судьялардан тұрады. Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқада мамандандырылған құрам түзуі мүмкін. Облыстық сот төрағасы. Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судьяның міндеттерін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқаларда сот істерін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) қажет болған жағдайларда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
4) облыстық соттың жалпы отырысын шақырады және оған төрағалық етеді;
5) алқа төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндетін атқаруды аоқа судьяларының біріне жіктейді;
6) облыстық соттың алқа төрағалары мен судьяларына, аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
7) соттың жалпы отырысының ұсынысы негізінде Әділет біліктілік алқасына судья қызметіне кандидаттың тағылымдамадан өту нәтижелері туралы қорытынды жібереді;
8) сот статистикасын жүргізуді, сот тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады;
9) өкімдер шығарады;
10) соттың кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 12) заңда көздеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Облыстықсот төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда оның міндеті өзінің өкімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі. Облыстық сот төрағасы орнынан түскен не өкілеттіктерін мерзімнен бұрын өзгедей тоқтатқан жағдайда, оның міндеттері уәкілетті органның шешімі бойынша сот алқалары төрағаларының біріне жүктеледі. Облыстық сот алқаларының төрағасы. Облыстық сот алқасының төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар:
1) алқа судьяларының сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) алқа отырыстарында төрағалық етеді;
3) сот төрағасына алқа құрамында мамандандырылған құрам жасақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) сот тәжірибесін зерделеу әрі жинақтау және сот статистикасын талдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) соттың жалпы отырысына алқа қызметі туралы хабарлама ұсынады;
6) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алқа төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда сот төрағасы оның міндетін атқаруды алқалар судьяларының біріне жүктейді. Облыстық соттың жалпы отырысы. Облыстық сот қажетіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет жалпы отырыстар өткізеді, оларда: алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; сот жұмысының жоспарын талқылайды; алқалар төрағасының хабарламаларын тыңдайды; сот практикасын талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды; уәкілетті органға белгілі бір адамды облыс соттарының әкімшісі қызметіне тағайындауға келісімін береді; облыс соттары әкімшісінің қызметі туралы есбін тыңдайды; аудандық сот төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижелері бойынша тиісті қорытындылар жасайды; уәкілетті органға облыс соттары әкімшісін қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді; судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту қорытындыларын қарайды және Әділет біліктілік алқасына тиісті қорытынды береді; заңда көзделген басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады; Жалпы отырыс облыстық сот судьяларды жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады. Облыстық соттың жалпы отырысының жұиыс тәртібі ол бекіткен регламентпен анықталады.
Соты құзыретіне қадағалау тәртібінде істерді карап, мемлекетіміздегі бірыңғай сот тәжірибесін зерттеу, нормативтік қаулылар қабылдау сияқты маңызды жұмыстарды кешенді түрде жүргізуіне мүмкіндік тумақшы.Сондай-ақ, сот билігінің дұрыс жүзеге асырылуының бірден-бір факторы тәжірибелі, саналы қызметкерлер дайындау болғандықтан, осы бағытта да біршама жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Әділ сот институтында "Юриспруденция" бағдарламасы бойынша болашақта судьялыққа үміткер магистрларды даярлау жүзеге асырылуда. Бұған қоса, әрбір облыстық соттарда қатардағы судьялардың біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылған және олардың қызмет сапасы мен сот этикасын сақтауына қадағалау жасайтын тәртіптік-біліктілік алқалары құрылған.Осылайша, мемлекетіміздегі сот билігінің даму жолдары сан түрлі болғанымен, олардың басты мақсаты Қазақстан халқына әділ әрі тиімді қызмет ету болып табылады. Аталған сот билігін жетілдіруге бағытталған шаралардың қоғам мүшелері тарапынан соттарға деген сенімінің артуына өзіндік үлесін қосып жатқаны сөзсіз. Оның жарқын көрінісі ретінде республика көлемінде соттарға жеке тұлғалардан келіп түсетін арыз-шағымдар көлемінің жылдан-жылға азаюын айтуға болады.Алайда, халықтың, қоғамның мемлекеттік билік органдарына, соның ішінде сот билігіне деген сенімінің артуы тек белгілі бір сала шеңберінде жүргізілетін реформалармен шектелмейтіндігі анық. Сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамды осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері жайлы дұрыс әрі сапалы ақпараттандыру мәселесі маңызды орынға ие. Осы себепті, бүгінгі күні өзінің оң шешімін табуға тиісті өзекті сұрақтардың бірі - қоғамның санасында "сот билігі", "соттар" сияқты ұғымдардың "әділдік" пен "заңдылық" ұғымдарына пара-пар, бір мағыналы болып қалыптасуына қол жеткізу.
