- •Ұйым экономикасы Мазмұны
- •1.Кәсіпорын – экономикалық жүйенің негізгі бөлігі
- •2.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
- •2.1.Өндіріс және өндірістік құрылым жайлы түсінік.
- •2.2. Өндірісті ұйымдастыру түрі
- •3. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
- •3.1. Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері
- •3.2. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •4.1. Кәсіпорын кадрлары және олардың құрылымы
- •5. Негізгі капитал
- •5.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
- •5.3. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •6. Айналым капиталы
- •6.1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы
- •7. Кәсіпорындардың инвестициялық іс – әрекеттері
- •7.1. Инвестицияның маңызы; маңызы; мәні және түрлері.
- •8. Кәсіпорындардағы еңбекақы жүйесі мен оны ұйымдастыру
- •8.1. Еңбекақы төлеудің маңызы; түрлері және оларды ұйымдастыру
- •9. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •9.1.Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері
- •9.2. Салыстырмалы тиімділік
- •10. Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті
- •10.1. Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •10.2. Өнімнің сапасын басқару
- •11. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі
- •11.1. Ғылыми-техникалық прогресс-өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі.
5. Негізгі капитал
5.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.
Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін обьектілер). Негізгі қорлар – ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сынсптамасын жасау қажет.
Негізгі қорлардың сыныптамасы
-
Топтардың атттары
Қолданылуы және қысқыаша мінездемесі
1. Ғимараттар
өндірістік архитектура және құрылыс обьектілеріә (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б.)
Құрылыстар
өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік-құрылыс обьектілері (тоннельдер, көпірлер,эстакадалар,су каналдары, автомобиль және темір жолдар т.б.)
Жіберу құралдары
Энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдыр (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)
Машина мен құралдар
1 Күш машиналары мен құралдар
(генераторлар, электр бөлшектер, бу машиналары, трубиналар және т.б.)
2. Жұмыс машиналары мен құралдар
Технологиялық процеске тікелей қатынасын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, көтеру-тасымалдау механизмдері т.б.)
3. Өлшеу, реттеу приборлары мен құралдары, лабораториялық құралдар
өндіріс процесін қол еңбегін немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, технологиялық процестің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабораториялық зерттеулер жүргізуге қажетті.
4. Есептеу техникасы
Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы
5. Басқа да машиналар мен құралдар
(өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)
Тасымалдау құралдары
Кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)
Құрал-сайман
өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу, ұру саймандары, штамптар т.б.)
өндірістік түгендеме (инвентарь)
өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)
Шаруашылық түгендеме (инвентарь)
Көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.
Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.
Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге, жинауға кеткен шығындардың жиынтығы.
Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.
Қалдық құны – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құн
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.
Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
негізгі өндірістік қорларды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері,
негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері.
1- топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.
2-топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.
К инт =В ф / В н
Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды.
Өндірістік негізгі қорларды тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарылымы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш сондай – ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.
ФО = Т / Ф,
Мұндағы: Т – товар өнімінің көлемі;
Ф – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.
Қор қайтарылымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды.
Өндірістік қуат – саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтары неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі (мүмкіндігі).
Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз.
5.2.НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫҢ ТОЗУЫ ЖӘНЕ АМОРТИЗАЦИЯСЫ
Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалту.
Моральдық тозу – жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады.
Тозған негізгі қорлар жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.
Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте –бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.
Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.
Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі
Н = Ф1- Фж
Ф1 * Т
Мұндағы: Ф1 - негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге;
Фж - жайылған негізгі қорлардың құны, теңге;
Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.
Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = Н х Ф ,
Мұндағы: Н – амортизация нормасы (%)
Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталды және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;
моральдық тозу,
техникалық қайта құрудың жоспары;
жабдықтардың балансы;
модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.
Қазақстан Президентінің «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы 24 сәуір 1995 жылғы Жарлығы бойынша амортизацияға түсетін негізгі қорлардың амортизация нормалары төмендегідей топтар арқылы анықталған:
-
Топ нөмірі
Мүлік атауы
Амортизацияның пайызы бойынша шекті нормасы
1
Компьютерлер, ақпараттарды өңдеу құралдары
30
2
Құбыр жолдары, мұнай-газ жолдары, жабдықтар, пайдалы қазбаларды табуға және өңдеуге қажетті машиналар мен механизмдер
25
3
Жолдарға қажетті техника: арнайы құрал-саймандар
20
4
Жеңіл автомашиналар: такси, жүк автокөліктері, автобустар, арнайы, көліктер мен автоприцептер. Өнеркәсіптің барлық салаларына қажетті машиналар мен жабдықтар. Офис мебелі
15
5
Басқа топтарға кірмеген активтер
10
6
Темір жол, теңіз және өзен тасымалдау құралдары. Күш машиналары мен жабдықтар, жылутехникалық жабдық, трубиналық жабдық, электродвигатель мен дизель – генератор.
Электр жүйесі және байланыс құралдары.
8
7
Ғимаратттар, құрылымдар
7
