Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Э.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.4 Кб
Скачать

2.2. Өндірісті ұйымдастыру түрі

Өндірісті ұйымдастыру түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:

Мамандандыру деңгейі

өндіріс көлемі;

шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі т.б.

Өндірістің негізгі үш түрі болады:

  • жеке-дара өндіріс;

  • сериялық өндіріс;

  • жаппай өндіріс

   Жеке-дара өндіріс – алуан түрлі және тұрақты емес, номенклатуралы өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар, кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.  Ерекшеліктері:

  • әр түрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;

  • жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша ұйымдастыру;

  • әмбебап құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану;

  • қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;

  • жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақтығы;

  • аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.

   Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы біртектес өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір уақытта шығару жатады.

    Негізгі ерекшеліктері:

  • біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;

  • жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауға мамандануы;

  • бөлшектер мен өнімдерді партичмен шығару;

  • мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;

  • қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;

  • орташа білікті жұмысшылар санынының көп болуы;

  • өндіріс циклының ұзақ еместігі;

  • өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.

 Түрлері – ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.

    Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы, автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта үзіліссіз шығарылып отырылады.

    Ерекшеліктері:

  • тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;

  • жұмыс орнының тек қана бір операцияныорындауға мамандандырылуы;

  • жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;

  • арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабдықтардың үлкен көлемі;

  • механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп қолданылуы;

  • операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;

  • қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;

  • ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;

  • өндіріс циклының қысқаруы;

  • өндірісті  басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;

  • кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.

2.3. ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:

  • кәсіпорнның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;

  • шығарылған өнімнің номенклатурасы;

  • оның конструкциялық ерекшеліктері;

  • қолданылған материалдар;

  • шикізаттар  және оларды өңдеу түрлері;

  • өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;

  • өнім сапасына қойылатын талаптар;

  • өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыру;

  • технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;

  • өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;

  • өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы ерекшеліктері.

Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып келеді.

    Өндіріс құрылымына әрі қарай дамытудың жолдары:

  • кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;

  • негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты сақтау;

  • кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс жүргізу;

  • өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік ұйымдар ұйымдастыру;

  • техника мен жоғары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті    ұйымдастыруды жетілдіру;

  • өндірістің тиімділігін арттыру.

    Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғарғы өнімді техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті ұйымдастыру жақсарады.

                                                  Негізгі түсініктер

Өндіріс

Өндірістік құрылым

Өндірістік құрылымның түрдері

Өндірістік ұйымдастыру түрі

Өндірістік құрылымның даму жолдары