Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Э.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.4 Кб
Скачать

10. Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті

10.1. Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері

 Өнімнің сапасы – кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын арттыру нарықтық экономикадағы кәсіпорынның алар орнын, ғылыми – техникалық прогресс жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын және кәсіпорында қолданылатын барлық ресурстарды тиімді пайдалануды анықтайды.

ГОСТ 15467 – 79 «Өнімнің сапасын басқару. Негізгі түсініктер. Терминдер мен анықтауларға» байланысты сапа – дегеніміз өнімнің белгілі бір сұранысты қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығы.

Сапа қасиеттерінің бірнеше көрсеткіштері бар.

Тағайындау көрсеткіштері өнімді белгілі бір бағыт бойынша қолданудан алынған экономикалық пайдалы тиімділікті көрсетеді. Өндірістік – техникалық өнімдер үшін негізгі көрсеткіш ретінде өнімділік көрсеткіші алынады. Ол бағаланатын өнімнің көмегі арқылы шығарылатын өнімнің жалпы көлемін анықтауға қажет.

Сенімділік көрсеткіштері өнімдердің төзімділігін, ұзақ уақыт сақталуын , жөндеуге жарамдылығын көрсетеді.

Технологялық көрсеткіштер өнімдерді шығарудағы және жөндеудегі еңбек өнімділігін арттырудың конструкторлық – технологиялық шешімдердің тиімділігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер арқылы жаппай өнім шығаруға, өндірісті технологиялық дайындау, өнімді шығару және сату барысында материалдар мен еңбек құралдарын, уақытты тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері шығарылған өнімдердің стандартталған және сійкестендірілген бөліктерінен тұрады.

Эргономикалық көрсеткіштер адамдар мен заттардың арасындағы арақатынастар, адамдардың заттарды қолданудағы психологиялық, физиологиялық, гигиеналық қасиеттерін көрсетеді. (Температураның, шудың, вибрацияның, газдың, будың және т.б ылғалдықтың әсерлері).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің сыртқы орындалуын, формасын, тауарлық түрін қамтамасыз етеді.

Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға бейімділігін, шыдамдылығын көрсетеді.

Патенттік – құқықтық көрсеткіштер – патенттік тазалық, паатенттік қорғалымдылықты, өнімдердегі жаңа техникалық шешімдерді, тауарлық белгі мен өндірістік үлгіні тіркеуді көрсетеді.

Экологиялық көрсеткіштер – өнімдерді іске қосқанда және қолданғанда қоршаған ортаға тигізетін кері әсерінің денгейін көрсетеді. (Мысалы: өнімді сақтағанда, тасымалдағанда және іске қосқанда, қауіпті қоспалардың, газдардың, радияциялық сәулелердің болу мүмкіндігі).

Қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімді жөндеу, сақтау, тасымалдау, шығару, қолдану кезіндегі қауіпсіздікті сақтау).

Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің сапасын құрайды. Сапаны жобалау, сақтау және қолдану процестерді сапаны басқару жүйесіне кіреді.

10.2. Өнімнің сапасын басқару

 Өнім сапасын басқару – сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау – конструкторлық және өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер жиынтығы.

Сапаны басқарудың нысанасына өнімнің сапасына әсер ететін процестер жатады. ОЛар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында және өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.

Кәсіпорындардың негізгі мақсаты –өндірілген өнім мен атқарылған қызметтердің сапасының сапа талаптарына сай болуы. Әрбір мекемеде сапаны басқару жүйесі құрылуы керек. Сапаны басқару жүйесі дегеніміз сапаны басқаруға қажетті процестер мен өнімдер, әрбір жұмыскердің жауапкершілігін өз жұмысына қарауын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым.

Сана саласындағы саясатқа:

·                     кәсіпорынның экономикалық – әлеуметтік жағдайын жақсарту;

·                     өнім сатудың нарығын нығайту және жаңа нарықтарға шығу;

·                     басты кәспіорындар мен фирмалардың деңгейінен асып түсетін өнімнің технологиялық деңгейіне жету;

·   белгілі бір аймақтар мен өндіріс салаларының сұраныстарына сай қызмет ету;

·                     сапаның басты көрсеткіштерін нығайту;

·                     шығарылған өнімнің кемшіліктерін азайту;

·                     өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;

·                     әр түрлі сервисті дамыту және т.б. жатады.

Мемлекеттік стандарттарға сай товардың өмір циклды анықталады. Ол 11 кезеңнен тұрады:

·                     маркетинг;

·                     жобалау және өнімді шығару;

·                     материалдық – техникалық жабдықтау;

·                     жоба бойынша өнімді дайындап, жасап шығару;

·                     дайындау;

·                     бақылау;

·                     безендіру мен сақтау;

·                     сату;

·                     монтаждау және іске қосу;

·                     техникалық қызмет  көрсету;

·                     кәдеге жарату;

Товар өнімнің циклына сай сапаны басқару процесі төмендегідей жүргізіледі.

Өнімнің сапасын басқаруда сапа бағдарламаларын орындауда сапаны басқару жүйелері мен қатар сапа үйірмелері де қолданылып жүр. Сапа үйірмелері жұмысшылардың сапаға деген көзқарасын қалыптастырып, қызықтырады және кәсіпорындардағы психологиялық климаттың өзгеруіне ықпал жасайды. Бұл үйірмелер арқылы кәсіпорындарда техникалық – экономикалық, әлеуметтік – психологиялық мәселелер шешіліп отырады.

 

Негізгі түсініктер

·                     Өнімнің сапасы

·                     Тағандалу көрсеткіштері

·                     Сенімділік көрсеткіштері

·                     Технологиялық көрсеткіштер

·                     Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері

·                     Эргономикалық көрсеткіштер

·                     Эстетикалық көрсеткіштер

·                     Тасымалдауға шыдамдылық көрсеткіштері

·                     Патенттік – құқықтық көрсеткіштер

·                     Экологиялық көрсеткіштер

·                     Қауіпсіздік көрсеткіштері

·                     Өнімнің сапасын басқару

·                     Сапа үйірмелері