- •Ұйым экономикасы Мазмұны
- •1.Кәсіпорын – экономикалық жүйенің негізгі бөлігі
- •2.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
- •2.1.Өндіріс және өндірістік құрылым жайлы түсінік.
- •2.2. Өндірісті ұйымдастыру түрі
- •3. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау
- •3.1. Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері
- •3.2. Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
- •4. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
- •4.1. Кәсіпорын кадрлары және олардың құрылымы
- •5. Негізгі капитал
- •5.1. Негізгі қорлардың экономикалық маңызы, құрамы және құрылымы
- •5.3. Негізгі капиталды талдаудың бағыттары
- •6. Айналым капиталы
- •6.1. Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы
- •7. Кәсіпорындардың инвестициялық іс – әрекеттері
- •7.1. Инвестицияның маңызы; маңызы; мәні және түрлері.
- •8. Кәсіпорындардағы еңбекақы жүйесі мен оны ұйымдастыру
- •8.1. Еңбекақы төлеудің маңызы; түрлері және оларды ұйымдастыру
- •9. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •9.1.Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері
- •9.2. Салыстырмалы тиімділік
- •10. Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті
- •10.1. Өнімнің сапасы және оның көрсеткіштері
- •10.2. Өнімнің сапасын басқару
- •11. Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі
- •11.1. Ғылыми-техникалық прогресс-өндірісті интенсификацияландыру мен дамытудың негізі.
Ұйым экономикасы Мазмұны
Кәсіпорын – экономикалық жүйенің негізгі бөлігі……………………………2
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы…………………………………………..6
Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау…………………………………………....9
Кәсіпорынның еңбек ресурстары……………………………………………….13
Негізгі капитал…………………………………………………………………….17
Айналым капиталы……………………………………………………………….20
Кәсіпорындардың инвестициялық іс – әрекеттері……………………………22
Кәсіпорындардағы еңбекақы жүйесі мен оны ұйымдастыру……………….28
Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі………………………..36
Кәсіпорындағы өнімнің сапасы және бәсекелесу қабілеті……………………42
Ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық тиімділігі……………….44
1.Кәсіпорын – экономикалық жүйенің негізгі бөлігі
1.1. ӨНДІРІС ПРОЦЕСІНДЕГІ ҰЙЫМНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР
Ұйым – экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарға қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының аоасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік – техникалық, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады. Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға – экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға – еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты – бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен ең жоғары пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорнының функциялары мыналар:
өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
кәсіпорындағы өндірісті материалдық – техникалық жабдықтау;
кәсіпорын жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару;
кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан – жақты дамытып, ұлғайту;
кәсіпкерлік;
салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
мемлекеттік заңдары, нормативтер мен стандарттарды орындау.
1.2. КӘСІПОРЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Қазақстанда «Меншік туралы» заңға байланысты мемлекеттік меншіктегі, жеке меншіктегі және аралас меншіктегі кәсіпорындар құрыла алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекет кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептеледі.
Кәсіпорындар түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:
сала түріне байланысты;
шаруашылық іс - әрекетінің түріне байланысты;
құқықтық жағдайына байланысты;
меншік жағдайына байланысты.
Меншік формасына байланысты кәсіпорындардың түрі:
мемлекеттік;
кооперативтік;
ұжымдық;
жеке.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын типтеріне байланысты мынадай классификация қолданылады:
Кәсіпорын түрлері классификаторының негізгі схемасы
Ақысы төленетін жұмысшылардың орташа санына байланысты кәсіпорын түрі |
Акысы төленетін жұмысшылардың салалары топтары бойынша бөлінетін саны |
|||
1-топ |
2-топ |
3 -топ |
4-топ |
|
1.Шағын кәсіпорындар |
200-ге дейін |
100-ге дейін |
50-ге дейін |
25-ке дейін
|
//-// |
21-50 |
11-25 |
6-10 |
4-6 |
//-// |
51-100 |
26-50 |
11-25 |
7-10 |
//-// |
101-150 |
51-75 |
26-35 |
11-15 |
//-// |
151-200 |
76-100 |
36-50 |
16-25 |
2. Орташа кәсіпорындар |
5000-ға дейін |
500-ге дейін |
1000-ға дейін |
500-ге дейін |
//-// |
201-500 |
101-150 |
51-100 |
26-50 |
//-// |
501-1000 |
151-200 |
101-250 |
51-100 |
//-// |
1001-2000 |
201-300 |
251-500 |
101-200 |
//-// |
2001-3500 |
301-400 |
501-750 |
201-350 |
//-// |
3501-5000 |
401-500 |
751-1000 |
351-500 |
3. Ірі кәсіпорындар |
10000-ға дейін |
1000-нан аса |
2000-ға дейін |
1000-ға дейін |
4. Аса ірі кәсіпорындар |
10000-нан аса |
1000-нан аса |
2000-нан аса |
1000-нан аса |
Ақысы төленетін жұмысшылардың санына байланысты кәсіпорын түрлерінің классификаторындағы салаларды топтау
-
1-топ
2-топ
3-топ
1. Электро-энергетика
Ғылым және ғылыми қызмет атқару
Өнеркәсіп:
1. Жеңіл
2. Отын өнеркәсібі
2. Тамақ
3. Металлургия өнеркәсібі
3. Микробиологиялық
4. Химиялық және мұнай химиялық, химиялық- фармацевтік
4. Ұн шығаратын мал өнімдерін шығаратын кәсіпорындар
5. Машина өндіру және металл өңдеу
5. Баспалық ( Полиграфикалық)
6. Орман және ағаш өңдеу, қағаз өндіру кәсіпорны
6. Басқа да өнеркәсіп өндірісі
7. Құрылыс материалдары кәсіпорны
7. Ауыл шаруашылығы
8. Әйнек фарфор фаянс өнеркәсібі
8. Орман шаруашылығы
9. Құрылыс
9. Тасымалдау
10. Геология және барлау
10. Байланыс
11. Материалдық өндірістің басқа да салалары
12. Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық
Қазақстан Республикасы экономикасының ұйымдық – құқықтық нысанға байланысты кәсіпорындар классификаторының негізгі схемасы
1. Қаржылық емес корпороциялар / ұйымдар
1.1 Мемлекеттік корпороциялар
1.1.1.Мемлекеттік кәсіпорындар
1.1.2Кеңшарлар
1.2. Жеке және аралас корпорациялар
1.2.1 Шаруашылық бірлестіктер
1.2.2 Сауда биржалары
1.2.3 Коллективтік кәсіпорындар
1.2.4. Фермер шаруашылығы
1.2.5. Дін ұйымдары шаруашылықтары
1.2.6. Қоғамдық ұйымдар шаруашылықтары
1.2.7. Тұтыну кооперативтері шаруашылықтары
1.2.8. Бірлескен кәсіпорындар
1.2.9. Басқа да кәсңпорындар
2. Қаржылық корпорациялар / ұйымдар
2.1. Қазақстан Ұлттық банкі
2.2. Коммерциялық банктер
2.3. Қамсыздандыру компаниялары
2.4. Зейнетақы қаржылары
2.5. Инвестициялық кәсіпорындар мен ұйымдар
2.6. Депозиттік ұйымдар
2.7. Басқа да қаржылық ұйымдар
3. Коммерциялық емес ұйымдар
3.1. Мемлекеттік құрылтайлар
3.2. Қоғамдық құрылымдар мен қаржылар
3.3.Қоғамдық ұйымдардың құрылтайлары
3.4.Қоғамдық бірлестіктердің одағы
3.5.Тұтыну қоғамдары
3.6. Қамсыздандыру жүйесі
3.7. Сот және заң ұйымдары
3.8. Діни ұйымдар мен қоғамдар
3.9. Басқа да коммерциялық емес ұйымдар
4. Үй шаруашылығы
4.1. Жеке еңбек
4.2. Азаматтардың жеке шаруашылықтары
Салалық құрылымына байланысты: өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және басқа.
Ұйымдастыру формаларына байланысты: акционерлік, ұжымдық, мемлекеттік, фермерлік, жанұялық, жалқы (жеке) және басқа.
Жеке сектор. Қазақстанда жеке сектор мынадай бөлімдерден тұрады:
жеке кәсіпкерлік;
толық серіктестік;
коммандиттік серіктесті;
жауапкершілігі шектеулі қоғам;
қосымша жауапкершілікті серіктестік;
ашық акционерлік қоғам;
жабық акционерлік қоғам;
өндіріс кооперативтері.
Жекеше кәсіпорын – жеке меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын. Жеке кәсіпорын азаматтың мүлкінен, алынған табыстан, несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.
Толық серіктестік бір-біріне жеке сенім артқан заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі, онда қатысушылардың бәріне серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен ынтымақты жауапкершілік жүктеледі. Қатысушылардың жарналық үлестері, алынған табыстар мен басқа да заңды көздер есебінен құралған серіктестік мүлкі ортақ үлестік меншік құқығы негізінде оның барлық қатысушыларына тиесілі. Толық серіктестікке қатысушылар заңды ұйымдар дербестік пен заңды ұйым құқығын сақтайды. Жарғылық қоры минималды есептік коэффициенті 25 өлшемінен кем болмауы керек.
Коммандиттік серіктестік – сауда немесе коммерциялық қоғамның бір түрі, оның қатысушылары кәсіпорын бойынша қауіп-қатерді өзінің барлық мүлкімен толық мойнына алушыларға және коммандистерге немесе кәсіпорынға жұмсалғаны үшін ғана жауап беруші және пайдадағы үлесін ғана алушы салымшыларға бөлінеді (100 айлық есептік көрсеткіш).
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – фирма қызметіне қатысушы адамдардың бірлестігі, бұл бірлестікте қатысушылардың әрқайсысының фирманың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі оның барлық қатысушылары үшін әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне бірдей еселенген қатынаста қосқан үлесімен шектеледі.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам – қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне байланысты міндеттемелерге жауап беретін қоғам.
Акционерлік қоғам – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектеледі.
Ашық акционерлік қоғам – акциялары бағалы қағаз нарығында олардың белгіленген бағасына сәйкес келетін баға бойынша еркін айналатын акционерлік қоғам.
Жабық акционерлік қоғам – акциялары тек құрылтайшылары арасында ғана таратылатын акционерлік қоғам.
Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға.
1.3. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ МЕХАНИЗМІ
Кәсіпорынға қажетті заттар:
материал, шикізат;
қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар, есептеу құралдары, ақпарат, отын, отын- энергия, жер ресурстары, ғимараттар,қөлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал жабдықтар, ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның шығаратын заттары:
белгілі бір ассортименттегі, номенклатурадагы, көлемдегі дайын өнім;
өндіріс қалдықтары; өндіріс шығындары, ақша қаражаттары.
Кәсіпорынның құрылымы:
негізгі өндіріс;
көмекші өндіріс;
қызмет етуші және қосалқы бөлімдер.
Кәсіпорын жүргізетін процестер:
ғылыми зерттеулер;
проэкт (жобалау) конструкциялар;
дайындау;
жөндеу; бақылау;
қызмет ету,
сақтау,
тасымалдау
,түптеу,
орау,
басқарту
Кәсіпорынның басқару функциялары:
сатистика,
есеп;
талдау;
жоспарлау;
шешім қабылдау;
ынталандыру;
бақылау;
реттеу.
Кәсіпорындардың ұйымдастыру функциялары:
Нормалау;
оперативтік жоспарлау;
диспетчерлеу;
басқару функциясын орындау;
ресурспен қамтамасыз ету;
жұмыс орындарын жоспарлау;
ыңғайлы жұмыс жағдайларын жасау;
дайын өнімді сату.
Негізгі түсініктер
Өнеркәсіптік кәсіпорын
Кәсіпорын функциялары мен көлемі
Кәсіпорындардың салалық құрылымы
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы
Кәсіпорындардың негізгі түрлері
Ірі кәсіпорындар
Орташа кәсіпорындар
Шағын кәсіпорындар
Аса ірі кәсіпорындар
