- •Мазмұны
- •Дипломдық жобада қолданылған белгілеулер мен қысқартулар
- •1.Әдебиеттік шолу
- •Спрей дәрілік қалпының жалпы сипаттамасы және оған қойылатын талаптар.
- •1.2. Мұрын қуысы, ауруларына жалпы сипаттама, таралу және емдеу жолдары.
- •1.4. Кәсіпорынға жалпы шолу
- •2 Маркетингтік талдау
- •3 Инженерлік – техникалық бөлім
- •3.1 Өндірісті модернизациялау алғышарттары
- •3.1.2 Мұрынға арналған спрей өндірісін модернизациялау.
- •3.2 Өндірістің химиялық сызбасы
- •3.3 Шикізат пен дайын өнім спецификациясы
- •3.4 Оксивин-df спрей дәрілік қалпының технологиялық сызбасы
- •3.5 Өндірістің технологиялық кезең сипаттамасы
- •3.6 Аппаратуралық схема
- •3.7 Қолданылатын технологиялық жабдықтың негіздемесі
- •3.12 Технологиялық режимді нормалау
- •3.13 Энергетикалық теңгерім
- •4 Жабдықтың квалификация жоспары
- •5 Техника-экономикалық негіздемесі
- •6.1Техникалық қауіпсіздік, өртті қауіпсіздік және өндірістік санитария
- •7 Қоршаған ортаны қорғау
3 Инженерлік – техникалық бөлім
3.1 Өндірісті модернизациялау алғышарттары
1. Негізгі өндіруші фондтардың структурасын жақсарту:
өндірістік машиналарды жаңашалау және модернизациялау;
активті негізгі фондтардың,прогрессивті машина мен қондырғылардың түрлерін,автоматты және жартылай автоматты станоктардың,агрегатты универсальды станоктардың,программалы басқарылатын сандық станоктардың структураларын жетілдіру және көбейту;
мекеме орнын жақсылап таңдау және қолдану.
2. Құрылғы жұмыстарының ауысымын жоғарлату
өндіру сериясын жоғарлату және құрылғының жұмысын жақсарту барысында жұмыс орнында мамандандыру дәрежесін жоғарлату;
жұмыс үзіліссіздігін жоғарлату;
жұмыс ремонтын ұйымдамдастыру және тәсілдерін жаңашалау;
негізгі және көмекші еңбекті механизациялау және автоматизациялау.Осы арқылы қол еңбегінен арылу; 3. Жумыскерлердің еңбекке деген мотивациясын жоғарлату:
еңбекке қойылатын шарттарды жақсарту;
жарнамалауды кеңейту;
құрылғыға сақтықпен қарау және өндіріс экономикасын жақсарту
Компанияның негізгі өндірістік саясаты сапалы дәрілік заттарды қолжетімді бағамен шығару. Осы концепцияның арқасында барлық өндірістік схема серіктестермен қарым-қатынастың арқасында жасалынды. Сапалы шикізаттар мен көмекші заттарды іздейтін қызмет түрі ұйымдастырылып, шет мемлекеттерден қатаң түрде тексеріліп өтуде. DOSFARM компаниясынан шығарылатын өнімдер импорттық талапқа сай, бағасымен қатар сапасы да бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда өндіріс орнында «Дәрілік заттар өндірісін модернизациялау, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық GMP сапа стандартын бәсекеге қабілеттілігін арттыру сонымен қатар экспортты потенциалын ұлғайту » жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа құрал-жабдықтар дәрілік заттардың жаңа формада шығарылуын қамтамасыз етеді,қазіргі Қазақстан практикасында қолданылмағанмен, басқа дамыған және дамушы елдерде кеңінен қолданылуда. Шығарылатын препараттардың өзіндік бағасын төмендетеді,маркетингтік анализде жоғары нәтиже көрсете алады.
Бұл проекттің стратегиялық мақсаты:
1.Импортты аналогтар өзіндік өнімдерге ауыстыру.
2.Сыртқы саудаға шығу.
3.Өндірісті ұлғайту мақсатында өндірісті модернизациялау
GMP стандартына сай болу үшін алғашқы қадам 2008 жылы ИСО 9001:2008 стандартты енгізу болды. Қазіргі кезде өндірісті модернизациялау мақсатында заманауи,жоғары техникалық құрылғы және әлемдік көшбасшы «Rommelag» (Швейцария) ұсынған BFS (үрлеу/толтыру/бекіту) технологиясы енгізілді.Заводта стерильді тамшылар мен спрей өндірілгеннен кейін аса жоғарғы және асептикалық шарттарды талап етеді, демек орын үшін жоғарғы тазалық классы болу керек.
Көптеген жылдардан бері өндірістік орынның негізгі шығыны флакондарды сатып алу мен оны қаптау үшін кетуде.Бұл мәселені компания отандық тауаршығарғыш «Даму Ондырыс» бағдарламаның көмегімен Швейцарияда жасалынған бірегей құрылғы шешеді деп жоспарлануда. Өндірістік процессті толық автоматтауға,өндірісті жетілдіруге және тауар экспорт потенциалын жоғарлатады.
Бұл машина арнайы тапсырыспен жасалынады. Аналогы жоқ, әлемде санаулы ғана. Бүкіл жұмыс барысын автоматты түрде орындайды: дәрілік компонеттерді араластыру, ыдысқа құю, пластикалық қаптамаға орау. 24 сағат тоқтаусыз жұмыс жасайды. Құрылғы көмегімен мамандар дәрілік затқа араналған жаңа формалы ыдысты, пластикалық ампулаға арналған ерітіндіні, бір реттік қолдануға арналған тамшыларды өндіре алады.
