- •Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымымен танысу
- •Мемлекеттік мекеменің ішкі ортасын танып білу
- •2.Ұйым менеджментіне баға беру
- •2.1 Қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу
- •2.2 Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық қызметін реттейтін заңдар,құқықтық-нормативтік актілермен танысу
- •2.3 Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықбөлімінің қаржы көздерімен танысу
- •Өнеркәсіп өндіріс көлемі
- •3. Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің негізгі спецификалық бағыттарындағы үкімет-кәсіпкерлік арасындағы байланысты талдау
3. Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің негізгі спецификалық бағыттарындағы үкімет-кәсіпкерлік арасындағы байланысты талдау
ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ 2016 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ
2016 жылы Приозерск қаласында тұрғын үй объектілерінің құрылысы бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қайта қалпына келтіріліп жатқан Весенняя көшесіндегі 1 үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту құрылысына жасалған жоба-сметалық құжаттамаға түзету аяқталды. 2016 жылдың 30 маусымында сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны 88 225 мың теңгені құрайды. Облыстық бюджетті нақтылау кезінде қарастыру үшін облыстық құрылыс Басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Республикалық бюджет есебінен қайта жаңғыртылып жатқан Достық көшесіндегі 29 үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жалғастыру үшін Республикалық бюджеттен 10 501 мың тенге бөлініп игерілді. Нысан 2014 жылы басталған. 2014 жылы республикалық бюджеттен 17 716 мың теңге бөлініп игерілді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын аяқтау үшін қосымша 2 926 мың теңге қажет. Қалған аумақты көгалдандыру жұмыстары 2017 жылы үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары біткен соң аяқтау жоспарлануда. 1. 2016 жылдың сәуір–мамыр айларында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Панфилов көшесінде салынатын жеке тұрғын үйлерді қосуға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын мемлекеттік сатып алуға электронды конкурс өткізілді, оған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 130 103 мың теңге, облыстық бюджеттен 14 456 мың теңге бөлінді (қоса қаржыландыру). Қорытынды 2016 жылдың 27 мамырында шықты. Өнім берушімен («Аспап» ЖШС) 2016 жылдың 27 мамырында мердігерлік келісім- шарт жасалды. Техникалық қадағалауды ЖК Каков жүзеге асырады. Жобалаушы «Строй Бизнес Консалтинг» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталды. Жұмыс өндіріс кестесіне сәйкес жүріп жатыр. Нысанның конкурстық бағасы – 106 765 мың теңге. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаражатты игеру 100 пайызды құрады. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі 30.11.2016 ж.
ҚОРЫТЫНДЫ
2017 жылы тіркелген заңды және жеке тұлғалар, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 % өсіп 339 бірлікті құрады, онда жұмыс істейтіндер саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,8% ұлғайып, 708 адамға жетті, ал өткен жылмен салыстырғанда шығарылған өнім көлемі (жұмыс, қызмет көрсету) 843,2 млн.теңгені құрап 6,5% пайызға артық орындалды. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 3,4%-ға, жұмыс істейтіндердің саны 1%-ға, өндірген өнім көлемі (жұмыс,қызмет көрсету) 5%-ға ұлғайуы күтілуде. Аймақтық-Даму бағдарламасы бойынша облыстық комиссияға 29 млн.теңгені құрайтын 2 жоба (ЖК Кобенов, ЖК Еспенбетов) жолданған болатын. Кепілдеме мүлкінің жарамсыз болуына байланысты кәсіпкерлер бұл бағдарлама бойынша несие ала алмады. Қалада «Приозерск қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы» жұмыс жасайды, қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі және Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдігі, сонымен қатар қаланың қоғамдық-саясаттық өміріне қарқынды үлес қосуда. Сонымен қатар ай сайын кәсіпкерлердің қала әкімімен кездесуі болып отырады. Кездесуде заңдарды түсіндіру, жер телімін беруде және жекешелендіруде туындаған мәселелер қарастырылады. Қарағанды облысы әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арасында жасалған Меморандумға сәйкес, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді, кәсіпкерлікті бастайтын тұрғындарды жедел тегін кезеңдік оқыту курыстары жүргізіліп 2009-2010 жылдар аралығында 140 адам оқытылып сертификатталды. Қаланың салық салу базасын кеңейту, кассалардан түбіртектер талап ету, салық мәдениетін көтеру мақсатында жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2010 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсан аралығында «Түбіртекті талап етіп – жүлдені ұтып ал» акциясы жүргізілді. Аталған акция бойынша бөлімде ереже дайындалып түбіртекті көп жинаған адамдарға жүлделі орындар берілді. Қазақстан Республикасының призидентінің Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қойылған міндет, бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ISO сериялы сапа менеджмент жүйесін енгізу. Осы ретте қалада жұмыс пен қызметті мемлекеттік стандарттау мөлшерін енгізу қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнде ЖҚС (жанармай құю станциялары), «Центральный» мейрамханасы, «Садко» дәмханасы қызметтері стандарталған. 2017 жылы Приозерск қаласының «Гранд Құрылыс» ЖШС ISO сериялы сапа менеджмент жүйесінің 9001-2000, 14001-2004 стандартын енгізді.
