- •Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымымен танысу
- •Мемлекеттік мекеменің ішкі ортасын танып білу
- •2.Ұйым менеджментіне баға беру
- •2.1 Қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу
- •2.2 Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық қызметін реттейтін заңдар,құқықтық-нормативтік актілермен танысу
- •2.3 Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықбөлімінің қаржы көздерімен танысу
- •Өнеркәсіп өндіріс көлемі
- •3. Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің негізгі спецификалық бағыттарындағы үкімет-кәсіпкерлік арасындағы байланысты талдау
2.3 Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылықбөлімінің қаржы көздерімен танысу
ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ
2017 ЖЫЛҒЫ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
Өнеркәсіп өндіріс көлемі
2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша өнеркәсіп өндіріснің көлемі 1 392,1 млн. теңге құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92,3 % құрады (1 507,5 млн. теңге). Өнеркәсіп өндіріснің физикалық индексінің көлемі 51 % құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 660,1млн.теңгені құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,8 % құрады (2015 ж. 636,2 млн. теңге). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың физикалық индексінің көлемі 99,8 % құрады.
Жеке инвестиция
Негізгі капиталға салынған жеке инвестиция көлемі 225,2 млн.теңге құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,7 % құрады (2015 ж. 162,4 млн. теңге). Негізгі капиталға салынған жеке инвестициялардың физикалық индексінің көлемі 134,7 % құрады.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 514,7 млн. теңге, жоспардың 49,7% (1 035,5 млн. тг.) немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 50,6% (1 016,2 млн. тг.) құрады. Физикалық индекс көлемі 48,6% болды.
Тұрғын үй құрылысын пайдалануға беру 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 1 152 шаршы метрді құрап, жоспар (1 121 ш.м) 102,8 пайызға орындалды немесе 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 104,3% (1 104 ш. м) құрады.
Қаржы саласы
Жергілікті бюджетке түскен салықтар көлемі 1 042 478 мың теңгені құрады немесе жоспардың 106 % (1 036 129 мың теңге), 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 81,2 % құрады (1 283 132 мың теңге), соның ішінде:
жергілікті бюджетке табыстар – 111 221,0 мың теңгені құрады немесе жоспардың 105,1 % (105 843,0 мың теңге) және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,3 % (104 593,0 мың теңге).
Жергілікті бюджет бөлігі шығынының орындалуы 1 020 017,0 мың теңгені құрады немесе жоспарға 100 %(1 020 206,0).
Салық салу базасы кеңейту бойынша іс-шаралар жоспары
Салық салу базасын кеңейту бойынша іс-шаралардың жоспары 27 млн 920 мың теңге. 2016 жылдың 1 шілдесіне іс-шаралар жоспарының орындалуы 24 млн 652 мың теңге немесе жылдық жоспардың 88,3 % орындалды.
Мезгілінде төленбеген салық
2016 жылдың 01 шілдесіне мезгіліне төленбеген салық 62 млн 784 мың тенгені құрап, оның ішінде:
Жеке салық – 29 млн 295 мың теңге («Қазақстандық МСК» филиалы «УК «Строй Интеграл» ААҚ - 5 млн 743 мың теңге; «Приозерск КZ» филиалы «ТехМашЭксперт» ААҚ - 13 млн 617 мың теңге; «Приозерск Слав КZ» филиалы «ТехМашЭксперт Слав» ААҚ - 7 млн 435 мың теңге, КГП «УЖКР»- 2 млн 499 мың теңге).
Әлеуметтік салық – 19 млн 115 мың теңге («Қазақстандық МСК» филиалы «УК «Строй Интеграл» ААҚ - 5 млн 246 мың теңге; «Приозерск КZ» филиалы «ТехМашЭксперт» ААҚ - 4 млн 602 мың теңге; «Приозерск Слав КZ» филиалы «ТехМашЭксперт Слав» ААҚ - 4 млн 997 мың теңге, КГП «УЖКР»- 2 млн 395 мың теңге, Филиал «АТТА Сервис»- 1 млн 872 мың теңге).
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2016 жылдың 2 тоқсанында – 43,2 млн. теңгені немесе жоспарға 164,9 % (26,2 млн.тенге) құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 166,2% жоғары болды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің физикалық индекс көлемі 115,3 % құрады.
2017 жылдың 1 шілде айына мал мен құстың саны 5016 басты құрады, ол 2015 жылмен (4674 бас) салыстырғанда 106,3 % жоғары.
Приозерск қаласының аумағында ауыл шаруашылығымен 1 заңды тұлға – «Гранд Құрылыс» ЖШС, Құлагер», «Алимжан», «Ата-Кәсіп» шаруа қожалықтары және 52 үй шаруашылықтары айналысады.
Ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар
2017 жылы 011 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 1 801 мың теңге бөлінді, оның ішінде ауыл шаруашылық жануарларының ауруларына қарсы және профилактикалық диагностикалық іс-шараларды жүргізуге 1 625 мың теңге, ветеринарлық препараттарды сақтауға 176 мың теңге бөлінді.
Диагностикалық іс-шаралар
2017 жылғы жоспар бойынша 2 тоқсанда диагностикалық іс-шараларды тексеруге барлығы 4209 қан пробасын алуға жатады, тексерілгені 2385 қан проба, орындалысы 56,7 %.
Профилактикалық іс-шаралар (егу жұмыстары)
2017 жылғы жоспарға сәйкес 2 тоқсанда профилактикалық іс-шаралар бойынша егуге барлығы 5923 бас жатады, егілгені 3690 бас, орындалысы 62,3 %.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Приозерск қаласы бойынша 2016 жылы бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспарына сәйкес сырғалау, таңбалау және чиптеу тәсіліне барлығы 2032 бас жатады, бірдейлендіруден өткені 924 бас немесе 45,5%.
Бірдейлендірілген мал басы уақытында дерекқор базасына енгізіліп, веб порталға салынды. 2016 жылға бекітілген жоспар бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары ары қарай жалғасуда.
Мал сою алаңы туралы
Жеке меншікте «Гранд-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал сою алаңы жұмыс жүргізуде. «Гранд-Қурылыс» ЖШС-і директоры бұйрығымен мал сою үшін ақылы қызмет көрсету (прейскурант) бағасы бекітілген. ақылы қызмет көрсету бағасы: Жылқы -3000 теңге, ІҚМ-3000 теңге, шошқаға -2000 теңге, ұсақ мүйізді малға-1000 теңге. 2016 жылғы 2-ші тоқсанда барлығы 13 бас ірі қара мал сойылды.
Мал қорымы туралы
Қала аумағында типтік мал қорымы бар.
2017 жылы мал қорымын қарап ұстап тұруға 1 006 мың теңге бөлініп, игерілгені 168 мың теңге немесе 16,7%. Мал қорымы ветеринарлық санитарлық талаптарға сай.
Иесіз иттермен мысықтарды жою туралы
2017 жылы иесіз иттер мен мысықтарды жоюға жергілікті бюджеттен 897 мың теңге бөлініп, игерілгені 360 мың теңге немесе 40,1 %.
2017 жылы 6 айында барлығы 120 бас жойылды, оның ішінде мысық – 38 бас, ит – 82 бас.
Кәсіпкерлікті дамыту
2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің көрсеткіштері.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеп тұрған саны – 750 бірлікке жетті 111,1 % (2015 ж. 675 бірлік), оның ішінде істеп тұрған субъектілер 731 бірлікті құрап 2015 жылмен салыстырғанда 111,8 % өсті (2015 ж. 654 бірлік).
Шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны – 1036 адам немесе 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101 % құрады (2015 ж. 1025 адам).
Қаланың шағын кәсіпкерлерімен (қызмет, жұмыс) 489 млн. теңгеге өнім өндіріледі деп күтілуде бұл жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,4% құрады (2015 ж. 477,6 млн. теңге).
Статистикалық мәліметке сәйкес 2017 жылдың маусым айын 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік өнімдерінің 12 түріне деген баға 2,9 %-дан 42,9 %-ға дейін өскен.
