Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРАЙ ОТЧЕТ ГМУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.75 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................4

1 ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ.......................................................................................................................6

    1. ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫМЕН ТАНЫСУ..............................................................................................................9

    2. ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ТАНЫП БІЛУ....................................................................................................................13

    3. МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ІШКІ ОРТАСЫН ТАНЫП БІЛУ....................................................................................................................14

  1. ҰЙЫМ МЕНЕДЖМЕНТІНЕ БАҒА БЕРУ...................................................................................................................15

    1. ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ........15

    2. КӘСІПКЕРЛІК ПЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН РЕТТЕЙТІН ЗАҢДАР,ҚҰҚЫҚТЫҚ-НОРМАТИВТІК АКТІЛЕРМЕН ТАНЫСУ............................................................................................................16

    3. ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚБӨЛІМІНІҢ ҚАРЖЫ КӨЗДЕРІМЕН ТАНЫСУ............................................................................................................22

  2. ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫНДАҒЫ ҮКІМЕТ-КӘСІПКЕРЛІК АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫСТЫ ТАЛДАУ.............................................................................................................23

    1. КӘСІПКЕРЛІК ПЕН БИЛІК АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК ТИІМДІЛІГІ НЕГІЗІНДЕ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ ЖАУАПТЫ МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ТАЛДАУ.....................................................................26

    2. САЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫН ЖҮРГІЗУДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫП БІЛУ...................................................................................................................

    3. ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҚ БӨЛІМІНДЕ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСТІҢ САҚТАЛУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ......................................................26

Қорытынды..............................................................................................................27

Кіріспе

Мен Оңғар Арайлым Қанатқызы,өндірістік тәжірибиемді “Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шарушылық бөлімінде” өттім. Тәжірибенің өту аралығы 29.05.2017-01.07.2017. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым,тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен,ол мекеменің бөлімдерімен,атқаратын қызметтерімен,қауіпсіздік ережелерімен,жұмысқа қатысты заңдармен,ақпараттық жүйелермен танысу. Өндірістік тәжірибелік жұмыс – бұл студенттердің мамандандырылған өзіндік жұмысы. Бұл жұмыс оның оқу орынындағы алған білімінің деңгейін, алынған ғылыми талдау дағдыларын, жалпы әдістемелік принциптерді әлеуметтік – экономикалық орталарды  орынды қолдана алуын көрсетеді. Осы өндірістік - тәжірибені өту барысында ұйым қызметін, саясатын және оның іске асыру құқықтық үрдістерін, ұйымның жарғысын және оның қалыптасу тарихы туралы мәлеметтерімен таныстым. Ұйымның жарғысы – бұл кәсіпорынның қандай қызметпен айналысатыны туралы, ұйымның құрылтайшылары туралы, олардың міндеттері мен құқықтары, ең төменгі жарғы сомасы туралы, кәсіпорынның мақсаттары туралы мәлеметтерден құралған құжат болып табылады. Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ  қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды  игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

— Мекемедегі белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

— Әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

— Бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;

— Ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;

— Меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;

— Кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;

—Ұйымның қаржылық есептілігі  туралы мәліметтерді қарастыру.

Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Туризмді дамыту» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.

1.ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫКӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҚ БӨЛІМІ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ ЖӘНЕ БӨЛІМ БӨЛІМШЕЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ МІНДЕТЕРМЕН ТАНЫСУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілген. Тізілімге сәйкес мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен) мемлекеттік қызметтің 86 түрі Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі. - «Приозерск қаласының әкімі аппараты» ММ – 5 қызмет; -«Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – 17 қызмет; -«Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 6 қызмет; -«Приозерск қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 2 қызмет; -«Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ - 22 қызмет; -«Приозерск дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ – 1 қызмет; -«Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» ММ – 18 қызмет. -«Приозерск қаласының ветеринария бөлімі» ММ – 6 қызмет; - АХАТ қызметі – 9 қызмет; 2016 жылы 52 қызмет түрінен барлығы 9319 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: - мемлекеттік мекемелер арқылы  7844, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы   – 1373, «Электронды үкімет» порталы арқылы – 102 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер - «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» (2269 қызмет көрсетілген), «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» (1296  қызмет көрсетілген), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» (725  қызмет көрсетілген), «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» (835 қызмет көрсетілген) қызметтері болып табылды. 2. ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық стендтерінде және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған. Приозерск қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі, Приозерск аймағының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету нұсқаулығымен электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізілімі орналастырылған. Тиісті айдардағы ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі. 2016 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша семинарлар және «Ашық есік күні» өткізілді. 3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҮДЕРІСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру автоматизациялануына және олардың электрондық түрде көрсетілу сапасының жақсартылуына бірінші кезекте назар аударылады. 4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ. Приозерск қаласы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 11 сәуірдегі №15б бұйрығы негізінде  мемлекеттік қызметтер көрсетуге ішкі бақылау жүргізу жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау ай сайын жүргізіліп отырды. 5. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ОДАН ӘРІ ТИІМДІЛІГІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ САПАСЫНА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАНАҒАТТАНУЫН АРТТЫРУ Қызмет алушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен қызмет алушылардың қанағаттануын одан әрі арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың алдына келесі міндеттер қойылды: - өтініш қабылдау кезінде қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында қарастырылмаған құжаттарды талап етпеу; - мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тиісті уақытында тіркеу; -мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасау; -мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету; - қызмет алушылардымемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу; - тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың этикалық нормаларды сақтауын ұйымдастыр

қажетті таланты мен білік дағдылары бар адамдар осы мақсатқа қол жеткізумен айналысқанда Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру – күрделі, қайшылықта және көп қырлы үдеріс. Ол бірқатар талаптарды орындаған кезде нәтиже беруі мүмкін әрі ол ғылыми-зерттеу, ұйымдық-басқарушылық және заңдық іс-қимылдардың жүйелі жүзеге асырылуын білдіреді.

Әрбір ұйым кадрларды жоспарлауды дұрыс болса да немесе дұрыс болмаса да пайдаланады. Кейбір ұйымдар бұл орайда байыпты зерттеулер жүргізеді, екіншілері персоналды жоспарлауға үстірт қараумен шектеледі.

Қалай болғанда да, кез-келген ұйымның ұзақ уақыт бойы табысқа жетуі дұрыс тағайындалған лауазымдарда қажетті уақытта қажетті қызметкерлердің болуына байланысты. Осы мақсаттарға жетудің ұйымдық мақсаттары мен стратегиялары ғана маңызы болады.

Жауапсыз орындалған, оның үстіне мүлдем мән берілмей жасалған кадрларды жоспарлау барынша аз уақыттың өзінде қиын проблемалар туғыза алады. Көшеге шыға салып, қажетті қабілеттері бар адамды таба қою мүмкін болмас. Кадрларды тиімді жоспарлаудың көмегімен ғана бос орындарды «толтыруға», сонымен қатар компаниядағы мамандардың мансаптық өсу мүмкіндігін бағалай отырып, кадрлар тұрақтамаушылығын азайтуға болады.

Кадрларды жоспарлау қанша қызметкер бар, олардың біліктілік деңгейі қандай, персоналды жоспарлауда қашан және қай жерде қажет болады, қажетті персоналды қалай тартуға болады және артық персоналды қалай қысқартуға болады, әлеуметтік аспектілерді ескере отырып, штат қысқартуды немесе штатқа тартуды қалай пайдалануға болады (кадрларды пайдалануды жоспарлау), кадрлардың біліктілігін арттыруға қалайша мақсатты түрде жәрдемдесуге болады және олардың білімдерін өзгертіп отыратын талаптарға сәйкес (кадрларды дамытуды жоспарлау) бейімдеуге болады, жоспарланған кадрлық іс-шаралар қандай шығындарды талап етеді (персоналды ұстауға жұмсалатын шығындар) деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тиіс.

    1. Приозерск қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастырушылық құрылымымен танысу

«Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Бөлім, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерін қабылдайды. 7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесi, 5 үй. 9. Мемлекеттік органның толық атауы:  мемлекеттік тілде – «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi; орыс тілінде – государственное учреждение «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Приозерск». 10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Бөлімнің миссиясы: кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық  саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру. 14. Бөлімнің міндеттері: 1) қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау; 2) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету. 15. Бөлімнің функциялары: 1) Бөлімнің құзыретіне кіретін қаланың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік даму жоспарын өндеуге ат салысу; 2) үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу; 3) қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторингісін жүргізу; 4) өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі капиталды инвестициялау мониторингісін жүргізу; 5) қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру; 6) қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау; 7) қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету; 8) жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету; 9) Бөлімнің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау; 10) мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіру; 11) агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу; 12) аумақтың ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау; 13) ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу; 14) ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу; 15) емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру; 16) жыл сайынғы техникалық байқаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау; 17) ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау; 18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. 16. Құқықтары мен міндеттері: 1) әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға; 2) өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға; 3) қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға; 4) әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге; 5) өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға; 6) қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға; 7) Бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыстар ұйымдастыруға; 8) қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға; 9) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге; 10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасауға; 11) инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға; 12) кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысуға; 13) жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес  субьектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсетуге; 14) бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіруге; 15) базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындауға; 16) қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 18. Бөлімнің бірінші басшысын Приозерск қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 19. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады. 20. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі: 1) заңнамаларға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады; 2) заңдарда көзделген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді; 3) бұйрықтарға қол қояды; 4) барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда Бөлім атынан өкіл болады; 5) сенімхат береді; 6) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. Бөлімнің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 23. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады. 24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    1. ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУШАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ТАНЫП БІЛУ

2009 жылы тіркелген заңды және жеке тұлғалар, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4 % өсіп 339 бірлікті құрады, онда жұмыс істейтіндер саны өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,8% ұлғайып, 708 адамға жетті, ал өткен жылмен салыстырғанда шығарылған өнім көлемі  (жұмыс, қызмет көрсету) 843,2 млн.теңгені құрап 6,5%  пайызға артық орындалды. 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліктегі субъектілердің саны 3,4%-ға, жұмыс істейтіндердің саны 1%-ға, өндірген өнім көлемі (жұмыс,қызмет көрсету) 5%-ға ұлғайуы күтілуде. Аймақтық-Даму бағдарламасы бойынша облыстық комиссияға  29 млн.теңгені құрайтын 2 жоба (ЖК Кобенов, ЖК Еспенбетов) жолданған болатын. Кепілдеме мүлкінің жарамсыз болуына байланысты кәсіпкерлер бұл бағдарлама бойынша несие ала алмады.   Қалада «Приозерск қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы» жұмыс жасайды, қала әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі және  Қазақстан  кәсіпкерлер  қауымдастығының  өкілдігі, сонымен қатар қаланың қоғамдық-саясаттық өміріне қарқынды үлес қосуда. Сонымен қатар ай сайын кәсіпкерлердің қала әкімімен кездесуі болып отырады. Кездесуде заңдарды түсіндіру, жер телімін беруде және жекешелендіруде туындаған мәселелер қарастырылады. Қарағанды облысы әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арасында жасалған Меморандумға сәйкес, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді, кәсіпкерлікті бастайтын тұрғындарды жедел тегін кезеңдік оқыту курыстары жүргізіліп 2009-2010 жылдар аралығында 140 адам оқытылып сертификатталды. Қаланың салық салу базасын кеңейту, кассалардан түбіртектер талап ету, салық мәдениетін көтеру мақсатында жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2010 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсан аралығында «Түбіртекті талап етіп – жүлдені ұтып ал» акциясы жүргізілді. Аталған акция бойынша бөлімде ереже дайындалып түбіртекті көп жинаған адамдарға жүлделі орындар берілді. Қазақстан Республикасының  призидентінің Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру  стратегиясы, қойылған  міндет, бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ISO сериялы сапа менеджмент жүйесін енгізу. Осы ретте қалада жұмыс пен қызметті  мемлекеттік  стандарттау мөлшерін енгізу қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнде ЖҚС (жанармай құю станциялары), «Центральный» мейрамханасы, «Садко» дәмханасы қызметтері стандарталған. 2009 жылы Приозерск қаласының «Гранд Құрылыс» ЖШС ISO сериялы сапа менеджмент жүйесінің 9001-2000, 14001-2004 стандартын енгіз