- •Объективті мағлұматтар:
- •1,5 См ұлғайған, ауырмайды. Іш пердесінің тітіркену симптомдары жоқ.
- •Стандартты пациентті үйрету/ Ойын бойынша ескертулер:
- •Келісілген жауаптар: (керек болғанда)
- •«Шап аймағындағы ауру сезімі»
- •Клиникалық симуляциясы бойынша Жауаптар эталоны бар емтихан қабылдаушыға арналған бағалау парағы
Стандартты пациентті үйрету/ Ойын бойынша ескертулер:
Пациент футболка, спорттық шалбар киген. Аяғында - галош.
Пациент енжар, тежелген.
Оқтын˗оқтын түрін ӛзгертіп, оң жақ шап аймағындағы ауру сезімінен ыңырсиды, оң аяғын шетке созып жатыр, оң аяғын аздап қозғалтқан жағдайда айғайлайды.
Емтихан тапсырушының сұрақтарына ақырын дауыспен, баяу, кешігіп жауап береді.
«Қанша сұрай бересіз? Маған бірнесе істесеңізші. Менің жағдайым нашар болып тұр!» ˗ деп айтуы керек.
Қорқыныштары, уайымдары және ойлары туралы сұрақтарға үреймен, қорқынышпен жайап береді:
емтихан тапсырушының «Неге ӛз жанұяңызға жұғамын деп қорқасыз?» деген сұраққа ашуланқырап «Мен жанұям туралы уайымдаймын! Бұл дұрыс емес пе!» ˗деп жауап беру керек.
емтихан тапсырушының «Неге уколдар мен системалардан қорқасыз?», «Бұрын дәрілерге аллергияңыз болды ма?» ˗ деген сұрақтарына, ашуланып «Айттым ғой, аллергиям жоқ деп» ˗деген жауап қайтарылады. - Ойнауды қажет ететін физикалды мәліметтер:
аускультация жасау үшін кеуде қуысын босатуды ӛтінгенде (киімін шешіп), киімін баяу шешу, ұнамаған түрмен
аяғын шетке созып жатады, аяғын қозалпауға тырысады, аздап қозғалтқанның ӛзінде ыңырсыған дауыс шығарады.
Физикалық кӛріністер: Жағдайы ауыр, түрінде қатты ауру сезімі салдарынын уайым бар. Дене температурасы 390С. Тері жабындылары бозарған, беті қызарған, кӛздің қан тамырларының инъекциясы анықталады, аяғында бүрге шаққан орындар кӛрінеді. Сӛзі анық емес. Пациент орнынан тұрып, оң жақ шап аймағында қатты ауру сезімі салдарынан оң аяғына баса алмайды. Жатқанда бір қалыпты ұстануға тырысады: оң аяғын жазып, сыртқа қарай созып жатады, кез˗келген қозғалыс ауру сезімін тудырады. Ӛкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. ТЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары бәсең, ырғақты АҚҚ – 90/60 мм рт.ст. (ыптажатқан қа), ЖСЖ – минутына 120 рет. Тілі құрғақ, ісінген, бетін аппақ жабынды жапқан (бор жағып қойғандай). Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырмайды. Бауыры 1,5 см. ұлғайған, ауырмайды. Іш пердесінің тітіркену симптомдары жоқ. Бүйректі ұрғылау сиптомдары екі жақта да теріс. Таңертең кіші дәретке барған. Үлкен дәреті болмаған.
Қарап тексергенде дәрігер оң жақ шап аймағындағы кӛлемі 6,0х2,0см болатын, ұлғайған, консистенциясы тығыз лимфа түйінін анықтайды. Түйіннің үстіндегі тері гиперемияланған, ұстағанда ыстық, қатты ауырады, айналасындағы тіндерге жабысып тұруы керек.
Қойылуы мүмкін сұрақтар: Пациенттің сұрай алатын сұрақтары:
Бұл ауру қауыпты ма?
Мені неге ауруханаға алып келді?
Үйде емделуге болады ма?
Неге менің жолдасымды мұнда кіргізбейді? (жолдасы дәлізде қалды)
Туыстарым не істеуі керек?
Қойылуы міндетті сұрақтар: Пациент тӛмендегі сұрақтарды міндетті түрде қойюы тиіс.
Сіз не істейін деп жатырсыз?
Менің диагнозым қандай? Ол жұғады ма?
Менің естуімше «Оба» ӛліммен аяқталады?
Енді мен міндетті түрде ӛлемін бе?
Менің тустарыма да жұқты ма?
Бұл ӛзі емделетін ауру ма?
Қандай дәрілер маған тағайындалады? Ауруханада тиімді дәрілер бар ма? Әлде ӛзіміз сатып алуымыз крек па?
