Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_chuma_bubonnaya_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.18 Кб
Скачать

«Жұқпалы аурулар» пәні бойынша

6 курс «Ішкі аурулар» бағытындағы интерндердің қорытынды бақылауына арналған клиникалық есеп

Клиникалық есептің номері: ИБ -2 Жағдай:

Сіз – жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бӛлімше дәрігерісіз. Кезекшілік 03.08.2016 ж. ӛтіп жатыр. Сіздің ауруханаңыздың қабылдау бӛлімшесіне жедел жәрдем кӛмегінің бригадасы 34 жастағы ер адамды каталкамен алып келді. Жедел жәрдем қызметкерлерінің кӛмегімен науқас кушеткаға жатқызылды. Пациент кӛзін жұмып жатыр, кейде оң жақ шап аймағындағы ауру сезімінен даусын шығарып ыңырсиды.

Тапсырма:

  1. Ӛзін˗ӛзі таныстыру дағдысын қолдана отырып, анамнез жинаңыз (ауру анамнезін, эпидемиологиялық анамнез, ӛмір анамнезін).

  2. Пациентпен оның психологиялық жағдайын ескере отырып сӛйлесіп, жақсы қарым˗қатынас құру, алынған мәліметтерді қорытындылау.

  3. Науқасты қарап тексеріп, тексеру нәтижелерін пациентке түсінікті тілде қорытындылап айту.

  4. Ықтимал жағдай критерийлерін анықтау.

  5. Болжама диагнозды негіздеу (түрін, ауырлық дәрежесін, мүмкін асқынуларды анықтай отырып) (түйіндау дағдысы).

  6. Зерттеу жоспарын құру және науқасқа қандай зерттеулердің не үшін керек екенін түсінікті тілмен түсіндіру.

  7. Зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін науқасқа түсінікті тілмен айтып жеткізу.

  8. Эпидемиологиялық ошақтағы шараларды анықтап, пациентке бұл шаралардың не үшін жасалатынын түсінікті тілмен жеткізу.

  9. Контактіде болған адамдарды анықтау және не үшін керектігін пациентке түсіндіру.

  10. Емдеу жоспарын тағайындап, пациентке түсіндіру. 11. Науқасты жүргізу тактикасын анықтап, пациентке түсіндіру.

Объективті мағлұматтар:

Жағдайы ауыр. Жағдайы мәжбүрлі: оң аяғын шетке қарай жазып жатыр, аяғын қимылдатпауға тырысады, қималдатсы қатты ауру сезімі туындайды. Аяғы қатты ауырғандықтан бет келбетінде уайым бар. Есі анық, әлсіз. Дене температурасы 390С. Терісі бозғылт, беті қызарған, кӛзінің қан тамырлары айқындалған, аяқтарында бүрге шаққан іздері бар. Сӛзі анық емес. Пациент оң жақ шап аймағындағы қатты ауру сезімінен орнынан тұрып, оң аяғын баса алмайды. Ӛкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдары жоқ. ТЖ – 20 рет минутына. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты АҚҚ – 90/60 мм с.б. (жатқанда), ЖСЖ – 120 рет минутына. Тілі құрғақ, аппақ жабынды жапқан («бор жағып қойғандай»). Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырмайды. Бауыры

1,5 См ұлғайған, ауырмайды. Іш пердесінің тітіркену симптомдары жоқ.

Бүйректі ұрғылау симптомы екі жақта да теріс. Таңертең кіші дәретке барған. Үлкен дәреті жоқ.

St.localis: оң жақ шап аймағында ұлғайған лимфа түйіні анықталады, консистенциясы тығыз, кӛлемі 6,0х2,0см. Лимфа түйінінің үстіндегі тері гиперемияланған, ұстағанда ыстық, түйін айналасындағы тіндерге жабысқан, қозғалмайды, қатты ауырады.

Клиникалық зертханалық зерттеу нәтижелері

Пациентті үйінен алып келген. Қолында ешқандай дайын анализдері жоқ. Қабылдау бӛлімшесінде бірден лейкоциттерді анықтауға қан алынған, лейкоциттері -20,9 х 109

СТАНДАРТТЫ ПАЦИЕНТКЕ (СП) АРНАЛҒАН

КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ

Клиникалық жағдай номері: ИБ 2

Клиниаклық жағдайдың аты: Шаптағы ауру сезімі

Аты: Санжар

Жасы: 34 жас

Жынысы: ер

Негізгі білім беру мақсаттары:

  • қарым˗қатынас орнату

  • шағымдарын жинау

  • анамнез жинау (эпидемиологиялық, осы аурудың дамуының, ӛмір) • жалпы қарап тексеру (тері жабындыларын, лимфа түйіндерін қарау, пальпация, перкуссия, аускультация) • ықтимал жағдай критерийлерін анықтау

  • болжама диагнозды негіздеу

  • зерттеу жоспарын құру

  • анализдерді талдау

  • эпидемиологиялық ошақты бақылау шараларын анықтау

  • контактіде болған адамдар тізімін анқтау

  • емдеу жоспарын тағайындау

  • пациенттің күтетін нәтижелерін, қорқыныштарын анықтау

Оқыту және бағалай құралдары: СП кері байланыс жасайды, емтихан қабылдаушы бағалау парағы мен чек парақта белгілейді, бейне жазылым

Қоршаған ортасы: жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бӛлімшесі Емтихан тапсыратын бӛлменің кӛрінісі: Емтихан тапсыратын бӛлмеде пациентке (актерге) арналған кушетка, дәрігерге арналған орындық және стол, жабдықтарға арналған стол, медициналық жабдықтар (фонендоскоп, термометр, шпатель, фонарик, бір рет қолданылатын қолғаптар).

Симуляцияның жабдықталуы:

  1. Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмасы бар парақ.

  2. СП арналған сценарий.

  3. Қлиникалық зертханалық зерттеу нәтижесі (ҚЖА-лейкоциттер).

  4. Әр емтихан қабылдаушыға арналған бағалау парағы және чек парақ

  5. Стол – 1 шт.

  6. Орындық – 2 шт.

Клиникалық толықтырулар:

Сіз Санжарсыз, 34 жаста. Сіз жедел медициналық жәрдеммен каталкада қабылдау бӛлімшесіне жеткізілдіңіз. Оң жақ шап аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданасыз, дене температураңых жоғары, басыңыз ауырады. Үстіңізге футболка, спорттық шалбар кигенсіз. Аяғыңызда - галош. Сіздің кӛңіл˗күйіңіз жоқ, аздап тежелгенсіз. Оң аяғыңызды шетке созып, қимылдатпауға тырысасыз, аяғыңызды аздап қимылдатса да ыңырсып, бетіңізді тыжырайтасыз. «Дәрігердің» (емтихан тапсырушының) сұрақтарына біркелкі, баяу, ақырын дауыспен, сәл тежеліп (кешігіп) жауап бересіз.

Аурудың даму анамнезі:

Ауруыңыздың себебін білмейсіз.

Жедел түрде ауырдыңыз, 1 тамызда кешке жақын денеңіз қатты қызып, дірілдедіңіз, бірақ дене қызуыңызды ӛлшеген жоқсыз, басыңыз қатты ауырды. 1 таблетка аспирин іштіңіз, жағдайыңыз онда да жақсармады, жүрегіңіз айнып, 3-4 рет құстыңыз, құсқаннан кейін жүрегіңіздің айнығаны аздап басылғандай болды, тәбетіңіз тӛмендеді.

Ертесіне дене қызуы әлі де жоғары болды, басыңыздың ауырғаны қойған жоқ, жүрегіңіздің айнығаны да басылмады. Жолдасыңыз дене температурасын түсіретін бір дәрілер берген, бірақ дене қызуыңыз түскен жоқ. Түнде шап аймағымда қатты ауру сезімі пайда болды. Ал бүгін таңертең оң жақ шап аймағымдағы безімнің шошынғанын, қазарғанын байқадыңыз. Жолдасыңыз жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырып, олар сізді осы ауруханаға алып келді. Әлеуметтік анамнез:

Кәсібіңіз: Сіз шопансыз. Жайлауда қой бағасыз.

Жанұялық жағдай:

  • Үйленгенсіз, екі балаңыз бар (оқушылар)

  • Жолдасыңызбен және балаларыңызбен тұрасыз, олар сау.

Ӛмір сүру жағдайы(тұрмыстық жағдайы): қанағаттанарсыз (жайлауда баракта тұрасыз, суды ашық құдықтан ішесіз, басқа жағдай жасалынбаған).

Науқастың жағдайы

Тәртібі

Сіз кушеткада түріңізді тыжырайтып (аурудан бет келбетіңізді ӛзгертіп) жатасыз, оң жақ шап аймағындағы ауру сезімінен ыңырсып, айғайлайсыз. Оң аяғыңызды шетке шығарып, оң аяғыңызды қозғалтпауға тырысасыз, аздап қазғалтақан жағдайдың ӛзінде ауру сезімінен айғайлайсыз. Сіздің кӛңіл˗күйіңіз жоқ, аздап тежелгенсіз. «Дәрігердің» (емтихан тапсырушының) сұрақтарына біркелкі, баяу, ақырын дауыспен, сәл тежеліп (кешігіп) және жақтырмай жауап бересіз.

Ойларыңыз бен күмәндарыңыз:

  • Мен неден ауырдым?

  • Менің ауруыма не себеп болды?

Уайымдарыңыз:

  • Ауруханада жатуға тура келеді ма? Қанша күн? Менің орныма кім жұмыс істейді, жолдасым барлығына үлгермейді ғой.

  • Укол, капельница жасайтын шығар? Ауырады ғой!

  • Менде қандай ауру?

  • Қандай асқынулар дамуы мүмкін?

  • Мен ӛліп қалмаймын ба?

  • Жазылғаннан кейін жұмыс істей аламын ба?

  • Менің балаларым мен жолдасыма да жұғып кетпеді ма екен?

  • Таныстар мен кӛршілер не дейді? Бізден алшақ жүретін шығар!

Нені күтеді:

  • Диагнозын анықтап беруді (менде қандай диагноз? ол жұғады ма? ӛмірге қауыпты ма? неге оң жақ шап аймағым қатты ауырады? неге басым қатты ауырады?)

  • Қолданылатын шараларды түсіндіруді (ауруханаға жату міндетті ме? үйде емделуге бола ма? немен емдейсіздер? укол мен капельница жасайды ма? кейде үйге барсам болады ма? ауруханада ұзақ жатамын ба? неге мені бӛлек жатқызып қойды?)

  • Тағайындаған емді талқылауды (ауруханада тиімді дәрілер бар ма? әлде ӛзіміз сатып алуымыз керек пе?)

  • Жолдасы мен балалары үшін жұқпалы және қауыпты емес па екенін білу?

  • Болжамдарды түсіндіру (толық жазыламын ба? )

Сезімдері: (ауруға байланысты пациенттің жалпы эмоциялық жағдайы) - Ұайым, ашу, әлсіреу, қорқыныш.