Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11,12,13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.88 Кб
Скачать

11. 2)Бейімділік. Қабілет саласындағы дара айырмашылықтар. Жалпы арнаулы қабілеттер. Талант. Дарындылық. Данышпандық.

Бейімділік — адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділік әрекеітің бір саласына (сурет, музыка т.б.) әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады, мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне құлағының елеңдеуі, онда музыкалық қабілетке байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.

"Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын" дегендей адамдардың қабілет саласындағы дара айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мөселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мүндай адам жүмысты сапалы орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі өрі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі — зеректілігімен, екін-шілері байқағыштығымен, үшіншілері материалды еске сақтағыштығымен ерекше козге түседі. Бүл айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да тоғыса береді.

Қандай болмасын әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір түріне сүйенуге болмайды. Бір әрекеттің озін орындау үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады. Мөселен, мүғалімге үйымдастырғыштық қабілетпен қатар, бақылагыштық, ақыл-ой ерекшелік-терінің белсенділігімен қатар, сөйлеу шеберлігі, зейін қойғыштық т. б. қажет болады.

Адам қабілетін аз, коп деп сан жағынан олшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен коріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында корінуі де ғажап емес. Жас шақта созге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы болғандары; корген нәрсесін есінде жонді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып шыққандары да бар. Мәселен, ескі заманның аса корнекті ораторы (шешені) Демосфен бала кезінде түттықпа кекеш бола түрса да озін ерекше жаттықтырудың арқасында қабілетінің кемістігін жойып, аты-шулы шешен деген атаққа ие болған. Зор талант иелерінің арасында да қабілеттері оте кеш дамыған адамдар аз емес. Мәселен, В. Скотт бірінші романын 43 жасында, орыс жазушысы С. Аксаков алғашқы кітабын 56 жасында жазған. 40 жасында сауатын ашып, 73 жасында ғылым докторы болтан ғалым Е. К. Гусеваның омірі де осы айтылғанға жақсы дәлел. Осы адамдардың жас шағында да кабілеттері болғанмен оның лаулап жануына жағдай тумаған. Коздегеніне жетемін деген сенімнің күштілігі, қайрат-жігерлерінің молдыгы — осы адамдардьщ қай-қайсысына да тән қасиеттер. Адам психикасының басты бір ерекшелігі: бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның озінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Откен тараулардың бірінде орыс галымЫ О. Скороходованың омірі жайлы соз болды. Сол кісінің қүлағы естіп, козі кормесе де олшеусіз жаттьіғып, үйренудің нәтижесінде зор қабілетке ие болғандығы осы айтылғанға айкын дәлел. Сойтіп, адамның белгілі бір әрекетпен шүғылдануына оның бейімділігі, кызығуы және басқа қабілеттсрі демеу берсе, ол ерік жігері күшті еңбек сүйгіш адам болса, жеке бір қабілеттің жеткіліксіздігі оның іс-әрекетті ойдағыдай орындауына бөгет бола алмайды. Қабілеттіліктің даму шегі жоқ.

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі (бүл жонінде темперамент туралы тарауда толық айтылды) қабілеттердің физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Ми қабығында жасалатын уақытша байланыстар жүйесінің пайда болу жылдамдығы мен беріктігі , тежелу процестерінің күші мен тепе теңдігіне, қозғалғыштығына байланысты болатындығы, ал адамның іс-әрекетінің белгілі бір түрін нәтижелі етіп орындауда осылардың елеулі роль атқаратындығы күнбе-күнгі тәжірибеде жақсы байқалып жүр.

Адам кабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты. Нерв әрекетінің жеке көріністерінде сигнал жүйелерінің бір-бірінен басым келуін И. П. Павлов тән нерв қызметінің үш түрлі типі болады деп түжырымдады.

Қабілет жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүрді дейді К.Маркс. Ғылым осы тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.

Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.

Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.

Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]