Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11,12,13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
26.88 Кб
Скачать

11. 1) Тәрбие процесінің мәні, мақсаты мен міндеттері

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбиенің мақсаты – қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру.

Тәрбиенің мақсаты - тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған,әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді.

Тәрбиенің міндеттері:

- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;

- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;

- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.

Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу. Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстракттілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;

Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:

а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;

ө) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;

б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу.

Эстетикалық тәрбие міндеттері:

• бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, мүсін) көркемөнер шығармашылығы (көркем өдебиет, музыка, театр, кино) арқылы баланың сезімдері мен талғамдарын дамытып, сұлулық туралы ұғымдарын қалыптастыру

• эстетикалық құралдарды пайдалануға дағдыландыру.

• әсемдікке үлесін қосуға тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі міндеттері: оқушылар ағзасын дамыту; жастарды еңбекке, Отанды қорғауға даярлау, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, іскерлікке, тәрбиелеу.

Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл атқарады. Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.

Сыртқы қарама-қайшылықтар:

• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.

• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.

Ішкі қарама-қайшылықтар:

• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.

• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]