Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.

Мешіт. Боран мұнарасы Х ғасырдың аяғында немесе ХІ ғасырдың басында Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастағанда салынған. Мұнара жанында күмбезделіп жабылған кесенелер болған. Оның ішкі жағы қызғылт күрең түске боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген. Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ең ертедегі мешіт орны табылған күйдірілген шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұндай мешіт Тараз қаласының маңындағы Өрнек қаласынан да табылған.

Кесене. Жамбыл қаласының батыс жағында 18 км жерде орналасқан Бабаджа қатын кесенесі күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстары бар. , Айша бибі кесенесінің қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген. Кесененің сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот кірпішпен безендірілген. Кесене ішінде Күйдірілген кірпіштен сатылап қаланған шағын құлыптас сақталған.

Монша. Отырар қаласынан екі шығыс моншасы аршылып зерттелген. Сыртқы қабырғалары сақталмағанымен ішкі құрылысы жақсы сақталған. Мұнда құдық суы пайдаланылған. Тараз қаласында да екі шығыс монша аршылған. Бірінші монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ондағы аолихромдық әшекейлер, науалар, су құятын астаулар, сәкілер іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Екінші монша ыстық өткізетін құбырмен қыздырылған. Екі моншада таудан келетін су қазандыққа қыш құбыр арқылы жеткізілген.

10-билет

1)Х-ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары (Отырар,Тараз,Түркістан,Сайрам,Сығанақ)

2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)

3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.

Группа 5

Жауаптары:

1)Х-ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары (Отырар,Тараз,Түркістан,Сайрам,Сығанақ)

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.  Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.  Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.  Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.  Арыс өзенінің Сырдарияға құйылысында ортағасырлық Отырар қаласының үйіндісі жатыр. Отырар үлкен егіншілікті ауданның орталығы, көшпенділердің тірек қорғандарының бірі болған.9-12 ғасырлар кезеңі Қазақстанның оңтүстігінде қалалар өмірінің өрлеу уақыты болды. Жаңалары пайда болып, ескілері өсті. Қалалар ауқымы рабадаттар - сауда-қолөнер мекендері есебінен өсті . Отырармен қатар оның төңірегі өркендейді. Солардың бірі орта ғасырдың үздік ғалымдарының бірі Абу Насыр єл-Фараби туған Весидж қаласы болды. Қала Оқсызтөбе үйінділерімен теңестіріледі. Қаланың көркейуі моңғол шапқыншылығымен үзілді. Қала жан түршігерлік қирауларға ұшырады, ал халқы қуылды немесе ішнара құлдыққа єкетілді. Қираулар мен апаттардың қайғылы толқыны болған моңғолдық атты єскер Қазақстанның барлық аумағын басып өтті. Қалалар қаңырап, бұрын гүлденген елді мекендер иесіз қалды. Алайда Отырар қайта көтеріле алды. Отырар 13 жүзжылдықтың ортасына қарай Батыстан Шығысқа бастаған жол бойындағы ірі сауда торабына айналады . Отырар Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияда кең қолданылған тиындар соғудың орталығы ретінде де белгілі. Қалада 13-14 ғасырларда ірі қоғамдық ғимараттардың құрылысы жүргізіледі. Ерзене ханның тұсында мұнда медресе, ханака жєне мешіт салынады. Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген керамикалар , металл бұйымдар, тиындар жєне єшекейлер жиналды .  2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(БҰҰ, Әлемдік Банк,ХВФ)

Әлемдік бірлестікке кіру мақсаты Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету.

Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.  1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.