- •1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.
- •2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.
- •2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
- •1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.
- •2. 1822 Ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
- •1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)
- •2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
- •1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы
- •2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және оның тарихи маңызы.
- •2. «Мәңгілік Ел» - ұлттық идеясының негізгі мақсаты және тарихи маңызын анықтаңыз.
- •1.Қола дәуіріндегі шаруашылық пен қоғамдық –мәдени өміріндегі өзгерістер.
- •2.Ж.Нұрмұхамедұлы мен е.Көтібарұлы бастаған көтерілістердің ортақ және ерекше белгілерін анықтаңыз.
- •1.Кенесары Қасымұлының бастаған ұлт- азаттық көтеріліс (мақсаты,кезеңдері және сипаты)
- •2.Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
- •1.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз.
- •2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «Кіші Қазан» идеясы.
- •2.Қазақстандағы социалистік индустриаландыру саясатының мазмұны,нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз
- •1.«Анимизм», «тотемизм», «фетишизм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіздер.
- •2.Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты және оған қарсы көтерілістерді талдаңыз.
- •1.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
- •2.1920-1930 Ж.Ж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
- •1.«Протекторат», «геосаясат», «экспансия», «еуроцентризм» терминдерінің мағынасына түсінік беріңіз.
- •Бастауыш кәсіпкерлерге көмек
- •2.1867 Ж. «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша Ереженің» мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
- •2. Қазақстан ғылымының дамуындағы қ.И.Сәтбаевтың орны мен рөлі.
- •3. Картадан ерте темір дәуіріндегі тайпаларды көрсетіңіз.
- •2.ҚазАкср құрылуы
- •1. Энеолит заманының өндірістегі және қоғамдық өмірдегі
- •2. «Кіші Қазан» саясаты және оның қазақстанға кері әсері.
- •3. Хvііі ғ. Жоғарғы Ертіс бойында орналасқан бекіністердің
- •11 Билет
- •Батыс түрік қағанаты
- •Түргештер қағанаты
- •Қарлұқтар мемлекетінің құрылуы
- •Оғыз мемлекетінің құрылуы
- •КИмақ мемлекеті
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу түбіндегі шайқастағы қазақстандықтардың көрсеткен ерліктері
- •1870Ж. Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс
- •12 Билет
- •Сақ, сармат дәуіріндегі әйелдердің қоғамдағы орнын сипаттаңыз.
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтардың ерліктері. (с. Баймағамбетов, б.Момышұлы, т. Бигелдиев)
- •Кестені салыстыра отырып, толтырыңыз.
- •2. Ш. Уәлихановтың зерттеулеріне талдау жасаңыз.
- •1. Киіз үй құрлымына талдау жасаңыз
- •2.Қазақ жерінде салынған әскери бекіністер.
- •3.Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикадағы қиындықтар.
- •Жәңгір Бөкейұлының қазақ тарихындағы алатын орны мен рөлі.
- •1. Палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінің даму ерекшеліктері.
- •Хііі –хv ғғ. Жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз
- •Сақ тайпалары туралы жазба деректер (грек, рим, парсы)
- •Ресейдің і және іі Мемлекеттік думасындағы қазақ депутаттары көтерген маңызды мәселелер.
- •1. Неолит төңкерісі.
- •2.Мырзарабат, Якка сардоба ғимараттары мен Дың ескерткіштерін салыстырыңыз.
- •3. Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
- •2. Хіх ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірін зерттеген орыс ағартушылары және олардың еңбектері.
- •2.Алтын Орда мемлекетінің басқару жүйесінің ерекшелігі
- •3.Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.
- •2. 1989 Жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз.
- •3. Е.Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.
- •2.Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.
- •1.Савромат, дай тайпалары
- •Жошы ұлысы
- •Үгедей ұлысы
- •Шағатай ұлысы
- •1. Үйсіндердің әдет- ғұрыптары және діни наным– сенімдері.
- •Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •Т Тың және тыңайған жерлерді игеру ың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
- •2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •3. 1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.
- •1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)
- •2. Хх ғ. 60-80 ж. Әлеуметтік демографиялық жағдай.
- •3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.
- •2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.
- •3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).
- •2.Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.
- •3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.
- •Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
- •3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз.
- •Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.
- •3. 1917 Жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.
- •Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.
- •2.1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •1916 Ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.
- •Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.
- •1 Билет
- •2 Билет
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Ііі билет
- •1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.
- •2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны
- •3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.
- •Іү билет
- •1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі
- •2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Қимақ мемлкетінің құлауының себептері
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Ү билет
- •1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •6 Билет
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
- •2)1960-1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым
- •3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •Үіі билет
- •1)Сақтардың мәдениеті.
- •2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.
- •3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.
- •Үііі билет
- •3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Іх билет
- •1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары
- •3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)
- •3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру
- •2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз.
Түргештер қағанаты
Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы.
707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», - деп екі ағайынды өлтіріледі.
Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты.
Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай қызмет етті».
717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап атқа ие болды.
Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ». Осылайша Сұлық бұл ұсыныстан бас тартады.
737 жылы Сұлық өз шатырында қастандықпен өлтіріледі. Сұлықтың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның билігі бір-екі жылға ғана созылды.
Сұлықтан кейін сары және қара түркештер арасында жағдай шиеленісіп, Түркеш қағанаты әлсіреп, ішкі бірлігінен айырылды. Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748жылы Суябты басып алады.
751 жылы шілде айында Таласқа жақын Атлах қаласы түбінде арабтар мен Тан әскері кездесті. Бұл шайқас тарихта «Талас шайқасы» деген атпен қалды. Атлах қаласы туралы араб тарихшысы әл-Макдиси «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі...», - деп жазады.
Түркеш мемлекетінде билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Билік әкеден балаға немесе ағадан ініге мұрагерлік жолмен қалып отырды.
Түркеш тайпалары қолайлы географиялық орналасуы, табиғи климат жағдайларына байланысты отырықшы, қала мәдениеті дамыған, көп салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түрі, егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласынан «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.
756 жылы түркештер тәуелсіздігінен біржола айырылып, Жетісудағы билік қарлұқтар қолына өтті.
