Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

Іх билет

1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.

2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары

3)Х- ХІІ ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз

Жауаптары:

1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы шығыстан тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына жеткен. Отырардан шыққан бір жол Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өтіп, Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан Сыр бойымен жоғары өрлеп, Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай жент қаласына жеткен. Жолдың бір тармағы Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішті, одан әрі Еділ бойы Кавказды байланыстырған.

Жетісудағы Тараз қаласы арқылы жол Испиджабқа келгеннен кейін басты екі тармаққа бөлінеді. Бірінші оңтүстік батыс бағыт, ол Испиджабтан Шаш қаласына келіп, Орта Азиядағы Самарқан, Бұқара қалалары арқылы Батысқа қарай шығады. Ал екінші бағыт Испиджабтан шығып, Шымкент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалаларын басып өтіп, Баршынкент қаласында екіге бөлінеді. Біріншісі оңтүстік батысқа Хорезмне қарай бағытталса, екіншісі Жанкент қаласынан өтіп, Арал теңізінің солтүстік жағын жағалай жүріп, Каспии теңізінің солтүстік шығысынан батысқа қарай бет алады. Ал сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай және бір тармақ шығады. Бұл жаққа сауран қаласынан шыққан екінші бір бағыт Қарақорым арқылы басталады.

2)1990 жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары. Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті. Бірінші кезеңде жекешелендіру мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион, конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді.

Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995) «ҚР 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыруды мақмат етіп қойды. Банк ісі, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемде жекешелендіруді қарастырды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.

1995 жылы «Жезқазғантүстіметалл» комбинаты банкротқа ұшыраудың алдында тұрды. Кәсіпорынның 170 миллион доллар қарызы болды, оның 10 миллионы еңбекақы үшін қарыз еді. 1996 тжылы тендерде «Самсунг» компаниясы жеңіске жетті, комбинатқа жүздеген миллион доллар инвестиция салды.

Жекешелендірудің үшінші (1996-1998жж) кезеңі электр қуаты мен мұнай газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.

1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдісімен сипатталады.