Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

Батыс түрік қағанаты

 

Батыс Түрік қағанаты Шығыс Түріктен мүлдем ерекшеленді. Егер шығыста көшпелі мәдениет үстемдік құрса, керісінше, батыста отырықшы- егіншілік шаруашылық дамып, сауда мен қолөнер гүлденді. Оған Жетісудың табиғи географиялық орналасуы қолайлылық туғызды. Оған қоса Орта Азияда Ферған соғыстарының басталуы себепті Ұлы Жібек жолының басты бағыттары Жетісуға ауысқан еді. XI-XIII ғасырларда тек Шу аңғарында ғана 18 ірі қалалар мен қала қоныстары болған екен. Батыс Түрік қағанатының астанасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы.

Батыс Түрік қағанаты ортағасырлық деректерде «он тайпа елі» («он оқ будун») ретінде мәлім. Қағанат екі ірі тайпалық конфедерация - дулу мен нушибиден тұрды. Әр одақ бес тайпаны біріктірген. Батыс Түрік қағанатының тарихы осы екі конфедерация арасындағы билік үшін күреске толы. Дулу - Жетісу мен батыс Жоңғарияны қоныстанса, Нушиби - батыс Тянь Шань мен Ыстықкөл маңын мекендеген.

Батыс Түрік қағанатының гүлденген мезгілі Жегуй қаған (610-618 жж.) мен Тон жабғу (618-630 жж.) билігі тұсы болды. Жегуй Алтайды қағанаттың шығыс шекарасы етсе, кейін Тон жабғу батыста Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. Бұлар нушиби тайпасының өкілдері.

Тон жабғу тұсында түріктер Ауғанстан арқылы солтүстік - батыс Үндістанға жетті. Византия императорымен байланыс орнатып, Ираклийдің Закавказьеге үшінші жорығына қатынасты. Тбилисиде Ираклиймен кездесіп Тон жабғуға император өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны беруге уәде етеді. Тон жабғу өзіне тәуелді жерлерге, яғни солтүстікте Испиджаб, Шаштан, оңтүстікте Ауғанстанның оңтүстігі мен солтүстік - батыс Пакистанға дейінгі аумаққа өз өкілдерін - тұдындарды жіберді. Қытай дерегі «Көне Таңнама» авторлары Тон жабғу саясаты туралы «батыс варварлар мұндай күшті болып көрген емес» деп жазды.

Мемлекеттің жоғарғы билеушісі қаған (хакан) лауазымын иеленіп, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына басшылық етті. Қағаннан кейінгі екінші адам ұлық еді. Сонымен қатар қаған руынан шыққан ябғу, тегін, шад, бек, бұйрық, елтебер сияқты вассал тайпаларды билейтін жоғарғы лауазымдар болған.

Қытай деректері Батыс Түрік қағанатында 28 дәрежелі лауазым иелері болды деп көрсетеді. Дегенмен, бұл қағанат аумағының үлкейіп-кішірейіп отыруына байланысты бірде көбейсе, ал енді бірде азайып отырған.

Халық бұқарасы, ерікті ұсақ қауым мүшелері «қара бұдұндар» (budun -халық) аталған.

Түрік иеліктері туралы будда монахтары көп мәліметтер қалдырды. Солардың бірі 630 жылдың басында Жетісуда болған будда монахы - қытайлық Сюань Цзан. Сюань Цзан Тоқмақ жанында аң аулап  жүрген Тон жабғуды кездестіреді. Будда монахын жылқылардың көптігі таңқалдырады: «Қаған жасыл жібек желбегей киген. Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қалқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Аттары өңшең сәйгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді. Қаған үйінің алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті көз қаратпайды». Үзінді Батыс Түрік қағанатының байлығы мен молшылығын бейнелейді. Бұл 630 жылдың басы болатын. Ал жыл соңында қағанат үшін нағыз апат басталды. Бірақ, мұны Сюань Цзан  көре алған жоқ. Тайпа ақсүйектерінің басқыншылық соғыстардағы жеңісі нәтижесінде әбден баюы қағанаттағы сепаратизмді күшейтті. Билік үшін күрес өршіді. Нәтижесінде Тон жабғу өлтірілді. Бұл оқиғалар «Көне Таңнамада» баяндалған.

Деректер осыдан кейін батыс түріктерде тыныштық болмағанын жазады. Қағанат Сырдарияның батысындағы ортаазиялық иеліктерінен айырылды. Елде саяси дағдарыс басталды. 659 жылы қағанатқа қытай әскерлері басып кірді. Тан империясы Батыс Түрік тайпаларын қаған руынан тағайындаған сенімді адамдары арқылы басқаруға әрекет жасады. Бірақ түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. «Дулу» бірлестігіне кіретін түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады.

Осы кезде Орталық Азияда саяси жағдай өзгерді. Шығыста Шығыс Түрік қағанаты күшейіп, оңтүстікте арабтардың жаулаушылық соғыстары басталды.