Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

11 Билет

  1. VI-IXғғ Қазақстанда өмір сүрген мемлекеттерді атап көрсетіңіздер

  • Түрік қағанаты (552-603 жж)

  • Батыс түрік қағанаты (603-704 жж)

  • Түргеш қағанаты (704-756 жж)

  • Қарлұқ қағанаты (756-940 жж)

  • Оғыз мемлекеті (ІХ ғ соңы ХІ ғ басы)

  • Қимақ мемлекеті (ІХ ғ соңы ХІ ғ басы

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ.

БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ.

 

Шығыс Азияда IX ғасырдың ортасында көшпелі дала хандығы Жужан мемлекеті  құрылды. Жужандар Халха мен Хинганға дейінгі жерлерді қоныстанып, хан ордасы Хангайда орналасты. Жужандар монғол тілінің бір диалектісі сяньби тілінде сөйлеген. Олар Ордос өзенінен батысқа қарайғы далаларда көшіп жүрген теле тайпаларын бағындырған.

Ал телелер IX ғасыр соңында Жоңғарияны мекендеген еді. Зерттеушілер теле тайпаларының шығу тегін III-IX ғасырлардағы cюннулардың ұрпақтары гаогюй тайпаларымен («биік арбалар») байланыстырады. Телелердің негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Олар биік дөңгелек арбалармен көшіп жүрген жауынгер тайпалар еді. Қытай дерегі «Сүйнаманың» хабарлауынша «бұлардың бәрі жалпы телек деп аталады. Тұрақты қоныстары жоқ. Өріс пен суаттың жағдайына қарай көшіп жүреді. Атқа мықты әрі шетінен мерген. Өте дүниеқор, қарақшылықпен күн кешеді. Батыс жақтағы ұлыстары егіншілікпен де айналысады».

X ғасырдың басында Хинганнан Алтайға дейінгі далаларда Жужан ханы Шелун билік етіп,  телелерді өзіне бағындырды. 418-419 жылдары жужандар Тарбағатайға еніп,  Жужан империясы күшейді.

XI ғасырдың ортасынан XII ғасырдың ортасына дейін Орталық және Ішкі Азияда үстем тайпа, жоғарыда аталған теле тайпаларын бағындырған қытай деректерінде тюцзюелер (тужюе), руникалық ескерткіштер тілінде, түркологияда  türk, türük, türkü аталған тайпалар болды.

X ғасырдың ортасында Алтай тауларының оңтүстігіне оңтүстік-шығыстан Ашын бастаған 500 жан ұя (500-көп емес деген ұғымды білдіреді) қоныс аударған. Олар жужандықтарға тәуелділікке түсіп, темір өндірумен айналысады. Мұнда олар жергілікті тайпаларды топтастырып Алтай тауларының жергілікті атауымен «түріктер» атанды. 

460 жылы жужандардың Турфан мен Шығыс Түркістанға басып кіруімен Алтай түріктері жужандықтарға тәуелді болды.

Өздерін түрік деп атаған (қытайша «тужюе») халық  XI ғасырдың басында монғолдық Алтайда қалыптасты.

Түріктерге қатысты олардың ата-тегінің аналық қасқырдан бастау алатындығы туралы Қытай дерегі «Жоунамада» берілген екі тарихи аңыз бар.

Түрік тайпалары өз иеліктерін Алтайдан Хуанхэге дейін жеткізіп, 542 жылы қытай деректерінде алғаш рет кездесті. Бұл оқиғалар осы «Жоунамада» көрініс тапқан: «...Кейінгінің аты Тамын. Оның заманында ұлысы біраз күшейіп, шекара аймақтарымызға келіп әр түрлі жібек маталар сатып алып, Кіндік қағанатпен қарым- қатынас жасау ниеттерін байқатты». Осы кезде қытай патшалығы - Батыс Вэй өзіне жужандарға қарсы әскери одақтас іздеді. Осы мақсатпен Батыс Вэй билеушісі Тайцзу түріктерге елшілік аттандырды. 545 жылы Соғдылық Альнопанто елшілігі Бумын ордасына келді. Бұл кездегі түріктер көсемі Бумын еді. Елшілікті «Ордада бәрі бір-бірін құттықтап, бүгін бізге Ұлы державаның өкілі келіп отыр, көп ұзамай біз де сондай дәрежеге жетеміз» деп жорыды. Бумын Батыс Вэйге өз елшісі Чаньонды жіберді. Сөйтіп өз сюзерені жужан ханының қас жауымен одақтасты. Бұл одақ өте құпия жағдайда өтті. 551 жылдың жазында Бумын қытай қызы Чан Леге үйленді. Оқиға Монғолияның оңтүстік, орталық аудандарын мекендеуші жужан езгісінде отырған теле (тирек) тайпаларының көтерілуімен сәйкес келді. Оларды Бумын қабылдап, өз сюзереніне қарсы екінші «сатқындыққа» жол берді. Түріктер күшейді. Жужандарға қарсы үлкен күш пайда болды. Сюзеренімен қақтығысты бастау үшін Бумын сылтау іздей бастады. Жужан ханы Анағұйдан «қызыңды маған әйелдікке бер» деп талап етті. Бұл даланың дәстүрі  бойынша өзін ханмен тең қою деген сөз еді. Хан «маған бас иетін- вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды?» деп ашуға басады. Түріктердің күткені де осы болатын. Түріктер жужанға қарсы соғысын бастады. Жужан ханы Анағұй өзіне қол жұмсап, өзін - өзі өлтіреді, билікке баласы Ян Лочен келеді. 552 жылы жужандар толық талқандалды.  Бумын түріктердің тәуелсіздігін жариялап, жаңа мемлекет - Түрік қағанатын құрды. Өзі «Ел-хан», әйелі «хатун» лауазымын алды. Ұлы жеңісінен кейін, Бумын ұзақ өмір сүрген жоқ. Кейбір деректердің айтуынша,  сол 552 жылы, ал «Билік ғибратнамасының» (165 бумасы) мәлімдеуінше,  553 жылдың басында қайтыс болған. Билік інісі Қара Ескеге өтеді, бірақ, ол да көп отырмаған. 553 жылдың соңында оның орнына інісі Мұқан қаған келді. Мұқан қаған (553-572 жж.) мен Таспар қағандар (572-581 жж.) тұсында түрік елінің билігі Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, оңтүстік-батыс Маньчжурия, Енисей қырғыздары елі, монғол тайпасы қидандар еліне тарады. 

Батыста билік Бумынның басқа бір інісі Истемидің (553-576 жж.) қолында болды. Ол түріктердің батыс тармағында дәстүрге айналған ябғу лауазымын иеленіп, 554 жылы батысқа жорығын бастады. Фирдоуси Истеми державасының шекараларын «От Чина (Китая) до берегов Джейхуна (Амударьи) и до Гульзариуна»(Сырдарьи) по ту сторону Чача (Ташкента)» деп көрсетеді. Зерттеушілер Фирдоуси тек өзіне таныс жерлерді ғана атап, Солтүстік-батыс шекараларды көрсетпеген деп есептейді. 555 жылы түріктер Шығыс Түркістан, Жетісу, Орта Азия, Сырдария, Арал маңына жетіп, мұндағы жергілікті тайпалар қағанат құрамына кіреді немесе аварлармен батысқа жылжиды. 558 жылы Истеми Поволжьені бағындырып, Еділге шығады. Одан оңтүстікке бет бұрып, Эфталит, Ауғанстан, солтүстік Үндістан, Кавказ, Батыс Қырым, Батыс Босфорға дейін жетті. 576 жылы Истеми қайтыс болды.

XI ғасырдың 80-жылдары Суй әулетінің (581-618 жж.) қол астына біріккен Қытай күшейіп, империяның әскери-экономикалық өрлеуі басталды. Бұл түріктердің өзара ішкі тартыстарының күшеюімен, 582-583 жылдардағы жұтпен сәйкес келді. Осы жылдары басталған әлеуметтік - саяси дағдарыс 603 жылы қағанаттың Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуімен аяқталды. Орталығы Монғолияда болған Шығыс Түрік қағанаты және  Орта Азия мен Батыс Жоңғария, Жетісуда құрылған Батыс Түрік қағанаттары тарих сахнасына шықты.