Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Барлық билеттің жауабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.54 Mб
Скачать

ІІ нұсқа

1-билет

1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.

Қазақстан аумағында 800-ге жуық неолиттік тұрақтар табылған. Шоғырланған аймақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан ( Қараүңгір, Сексеуіл) Солтүстік Қазақстан (Пеньки), Орталық Қазақстан ( Зеленая Балка, Қарағанды, Жезқазған)

Қараүңгір Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Бұл жерде шақпақтастан жасалған құралдар, сүйек бұйымдары олардың ішінде көзі бар инелер, біз, тескіштер т.б. болған. Қызылорда облысындағы Сексеуіл тұрағында қой мен сиырдың, жабайы жылқылардың қаңқалары табылғандықтан олардың мал өсірумен және аңшылықпен айналысқанын айтамыз.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден, құс балық аулау, терімшілік болған.Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылғандықтан, олар мал шаруашылығымен айналысты. Жезқазған жерінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басының солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл – неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеде өмір жалғасады деген сенімі болғандығының куәсі. Шығыс Қазақстандағы қоныстардан ұсақ тастардан өткірленіп жасалған ұштар, кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін пайдаланған және де жалпақ пышақ, жонғыш, қашаулар мен тас балталар да табылған. Неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан.

2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды.Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы,Қазақстанның Республикалық партиясы және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.

Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін.Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады.

Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады.Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады.Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады.

Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

2-билет