Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2вар+астана+новый сурактар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
968.7 Кб
Скачать

05_09_Акушерия және гинекология (ждт)_каз

$$$001

Әйелдер кеңесінде ұрықтың даму ақауын анықтауда МЕЙЛІНШЕ қолданылатын зерттеу әдісі?

А) Ұрық аускультациясы

В) Гравидограмма+

С) Кардиотокография

D) Адамның хорионды гонадотропинін анықтау

E) Жүкті әйелдің дене салмағын анықтау

$$$002

Әйел босанғаннан жеті күн өткен соң ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезіміне, дене температурасының 38,5°С дейін жоғарлауына шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Іші жұмсақ, пальпация кезінде төменгі бөлігінде ауыру сезімді. Ішастардың тітіркену симптомы теріс. Жатыр жұмсақ консистенциялы, ауыру сезімді. Лохиялары қанды-іріңді.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Босанғаннан кейінгі жара

B) Эндометрит

C) Сальпингоофорит

D) Параметрит

E) Эндомиометрит+

$$$003

Преэклампсиясының ауыр дәрежесі бар босанушы әйелде, босану әрекетінен кейін іш аймағында ауыру сезімі пайда болды. Пульс минутына 120 рет. Артериальды қан қысымы 170/100 ммс.бб. Жатыры қозған, толғақ арасында босаңсымайды, пальпацияда жатыр түбіне жақын алдыңғы қабырғасы бойынша ауыру сезімді. Жыныс жолдарынан аз мөлшерлі қанды бөлінділер. Ұрықтың жүрек қағысы естілмейді.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

  • Плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы +

  • Плацентаның толық бітісуі

  • Плацентаның жартылай бітісуі

  • Жатырдың жыртылу қаупі

  • Басталған жатыр жыртылуы

$$$004

16 жастағы қыз, екіншілік жыныстық белгілері жақсы дамыған, біріншілік етеккірдің болмауына байланысты жалпы тәжірибелі дәрігерге қаралды.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Аменореяның орталық формасы

В) Аменореяның аналық безді формасы

С) Аменореяның гонададан тыс формасы

D) Аменореяның жатырлық формасы +

E) Етеккір қанының шығуының бұзылуына байланысты дамыған жалған аменорея

$$$005

Мерзімінен бұрын босану басталды. Жүкті әйелдің аяқтарында, бетінде, алдыңғы құрсақ аймағында ісінулер бар. Жалпы зәр анализінде: ақуыз 4 г/л. Артериальды қан қысымы 190/100 ммс.бб. Бірден бас ауыруы пайда болып, көруі нашарлады. Жатыр мойнының ашылуы 8 см. Қағанақ қабығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғуы бәсендеген. Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

  • Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

  • Преэклампсияның ауыр дәрежесі +

  • Геморрагиялық шок

  • Эклампсия

  • Амавроз

$$$006

Жаңа туған нәрестеде демалу белгілері жоқ, цианозды, тітіркендіргіштерге жауап бермейді, пульсі минутына 90 рет, аяқ-қолдары салбыраған.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Жетілмаген нәресте

В) Асфиксияның орташа дәрежесі

С) Өлі туылған

D) Шала туылудың 1 дәрежесі

Е) Асфиксияның ауыр дәрежесі +

$$$007

32 жасар әйел, жалпы тәжірибелі дәрігерге 3 жыл көлемінде жүктіліктің болмауына шағымданып келді. Бірінші жүктілігі босанумен аяқталған. Гинекологиялық PV қарауда: қынап босанған әйелдікі. Жатыр мойны цилиндрлік формалы. Жатыр ұлғаймаған, қозғалмалы, ауыру сезімінсіз. Сол жақтан жатыр қосалқылары пальпацияланады, оң жақтан – 7,0х6,0 см эластикалық консистенциялы домалақ пішінді, ауыру сезімінсіз түзіліс анықталды.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Созылмалы екіжақты аднексит

B) Аналық без кистасы+

C) Аналық без поликистоз синдромы

D) Тубоовариальды түзіліс

E) Параметрит

$$$008

Ірі ұрықпен мерзімінде босану, ұрық массасы 4500 грамм. 10 минуттан кейін, өздігінен және бүтін плацента бөлінген соң, жыныс жолдарынан көп көлемді қан ағу басталды. Жалпы қан жоғалту көлемі 500 мл және әлі жалғасуда. Жыныс жолдары бүтін. Жатырды пальпациялағанда жұмсақ, кіндік деңгейінде.

Дәрігердің МЕЙЛІНШЕ дұрыс жүргізу тактикасы?

A) Жатыр қуысын қолмен тексеру.

B) Көктамырға окситоцинді енгізу +

C) Қолқа аортасын басу

D) Бимануальды жатырды компрессиялау

E) Тік ішікке энзапрост

$$$009

20 жастағы әйел, криманалды түсіктен кейін 10 күннен кейін келіп түсті. Қарап тексергенде: ентігу, денесін қолмен ұстағанда ыстық, тахикардия. Дене температурасы 39,00С, қалтырау. Сағаттық диурез – 30,0 мл. Айнамен қарағанда- қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер іріңді, жағымсыз иіспен. PV: жатыр мойны цилиндрлі, цервикалды канал саусақтың ұшын өткізеді. Жатыр денесі жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ, ауыру сезімді. Қосалқылар палпацияланбайды. Күмбездері бос.

Дәрігердің МЕЙЛІНШЕ ықтимал іс-әрекеті?

А) Инфекционистке жіберу

B) Хирургка жіберу

C) Участкелік акушер-гинекологка жіберу

D) Гинекологиялық стационарға жаткызу +

E) Күндізгі стационарға жатқызу

$$$010

Қайта босанушыда кенеттен бет және қол бұлшықеттерінің құрысуы басталды, кейін барлық дене бұлшықеттерінің тоникалық құрысуымен жалғасты, дем алудың толық тоқтауы және бүкіл денеге жоғарыдан төмен тараған клоникалық ұстамалар басталды. Беті көгерген, аузынан қан аралас шырышты көбік. Ұстама 1,5 минут жалғасуда. Қынаптық зерттеуде: ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Басы кіші жамбасқа кіре беріс жазықтығында.

Дәрігердің МЕЙЛІНШЕ ықтимал іс-әрекеті?

  • Ұстамаға қарсы терапия +

  • Ұрықтың вакуум-экстракциясы

  • Окситоцинмен стимуляция

  • Акушерлік қысқыш

  • Краниотомия

$$$011

26 жасар әйел, жүктілігі 16 апта. Анамнезінен: 2 жыл бұрын кіші аборт, 7 апталық ұрық. Қарап тексергенде: 12 см дейін жатыр ұлғайған (кіндік пен қасаға арасының ортаңғы деңгейінде). Айнамен қарауда: қынаптың цианозы, ал жатыр мойнының қынаптық бөлігінде қызыл түсті ошақтар бар, тиген кезде қанайды.

Диагностикалық әдістердің ішінде МЕЙЛІНШЕ нақтысы?

A) Кольпоскопия+

B) Микроскопияға жағынды алу

C) Вагинальды УЗИ

D) Томография

E) Кіші жамбас ағзаларынының эндоскопиясы

$$$012

17 жасар қыз, 4 айға етеккірінің кідіруіне шағымданады. Жыныстық қатынаста болмаған. Соңғы 2 айда дене салмағының төмендеуін байқады. Кезеңді болып тұратын қалтырау, құрсақ қуысындағы жағымсыз сезім мазалайды. Ректоабдоминальды зерттеуде: оң жақ қосалқылырында кедір-бұдырлы 7,5х 8 см ауыру сезімінсіз түзіліс анықталды.

Диагностикалық әдістердің ішінде МЕЙЛІНШЕ нақтысы?

А) Ультродыбыстық зерттеу+

В) Допплерометрия

С) Пулевті қысқышпен сынама щипцами

D) Компьютерлі томография

Е) Магнитті-резонансты томография

$$$013

16 жасар қыз, жыныс жолдарынан сұйық бөлінділерге, зәр шығару жолында күйдіру сезіміне шағымданады. Жыныстық серігін жиі өзгертеді. Бактериальды флораға жағынды алынды. Жағындыда 20 лейкоциттер және патогенді флора теріс.

Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Хламидиоз+

В) Жедел гонорея

С) Қынап кандидозы

D) Трихомонадты кольпит

Е) Герпетикалық инфекция

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]