Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2вар+астана+новый сурактар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
968.7 Кб
Скачать

1 Вариант

05_06_Неврология овп_каз

$$$001

Ритм бұзылысымен болған жедел миокард инфаркты кезінде церебральды ишемияның басты себебі қандай (кардиоцеребральды синдром)?

A) Қан тұтқырлығының жоғарлауы

B) Қан ұю жүйесінің белсенділігінің артуы

C) Қанның реологиялық қасиеттерінің нашарлауы

D) Жүйелік перфузионды қысымның төмендеуі +

E) Қанның формалық элементтерінің агрегациясының жоғарлауы

$$$002

25 жасар қызда жедел респираторлы инфекциядан кейін бетінде тамақ ішкенде, сөйлегенде және жәй жанасу болғанда күйдіретін сипаттағы ұстама тәрізді ауыру сезімі пайда болған. Қарап тексеруде: қасүсті аймағында, мұрын қанаттарының негізі аймағында, иектің ортаңғы үштен бір бөлігінде локальды ауырсыну сезімі.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

A) Бет нервтің невралгиясы

B) Үшкіл нервтің невралгиясы+

C) Көзқозғалтқыш нервтің невралгиясы

D) Тіласты нервтің невралгиясы

E) Әкеткіш нервтің невралгиясы

$$$003

Ер бала, 13 жасар, мимикалық бұлшықеттерінің еріксіз қозғалуына шағымданады. Қасын көтеріп қабағын түйеді, тілін шығарып ұстап тұра алмайды, иығын қысады, қол саусақтарын шамадан тыс сыртқа жазады. Барлық қимылы жылдам, серпімді, стереотипті емес, қобалжығанда күшейеді. Аяқ-қолдарында бұлшықет тонусы төмендеген. Ангинамен ауырған соң бір айдан кейін ауырған.

Қандай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

A) Менингит

B) Кіші хорея+

C) Үшкіл нервтің невриті

D) Бет нервтің нервалгиясы

E) Бас миының ісігі

$$$004

Әйел, 23 жаста, аяқ қолындағы әлсіздікке, қол ұшы мен табанының ұюына, жүргенде теңселуге шағымданады. Екі апта бұрын тұмауға ұқсас аурумен ауырған. Қарап тексеруде: аяқ-қолдарында бұлшықет тонусының төмендеуі, алақан мен табан күшінің 1 балға дейін төмендеуі, "шұлық және қолғап" түріндегі сезімталдықтың барлық түрінің төмендеуі, карпорадиальды және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Ликвор түссіз, цитоз лимфоциттер 10, ақуыз 20 грамм литрге.

Төмендегі емдеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?

А) Церебролизин

В) Прозерин

С) Кавинтон

D) Преднизолон

Е) Плазмоферез+

$$$005

Ер адам, 35 жасар, басының қатты ауыруына, оң жақ аяқ-қолындағы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: физикалық жүктеме кезінде кенет ауырған. Қарап тексеруде: есі бар, шамалы тежелген, қарашықтары OS>OD, оң жақ аяқ- қолында бұлшықет күші 3 балл, шүйде бұлшықеттері ригидті, Керниг симтомы екі жақты айқын оң.

Қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ тиімді?

A) Бас миының КТ+

B) Электроэнцефалограмма

C) Экстракраниальды қантамырлардың УДДГ

D) Транскраниальды доплерография

E) Холтерлы мониторлеу ЭКГ

$$$006

15 жасар балада жалпы дамуының тоқтап қалуы, бойы ергежейлі, буындары мен сүйектері қысқа және жұқа, эпифизарлы-диафизарлы өсу сызығы ашық, басы кішкентай, түрік ертоқымы кішірейген. Ішкі ағзалардың көлемдері пропорциональды кішірейген, сыртқы жыныс ағзаларының гипоплазиясы.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

A) Церебральды нанизм+

B) Қантты емес диабет

C) Лимбиялық жүйенің зақымдануы

D) Қыртысты-вегетативті бұзыылыс

E) Церебральды паралич

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]