- •1 Вариант
- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •1 Вариант
- •05_02_Каз_ Ішкі аурулар ждт
- •1 Вариант
- •05_02_Қаз_Балалар аурулары ждт
- •1 Вариант
- •05_04_ Хирургиялық аурулар ждт каз
- •1 Вариант
- •05_05_Каз_ Психиатрия және наркология (ждт)
- •1 Вариант
- •05_06_Неврология овп_каз
- •1 Вариант
- •05_07_Инфекциялық аурулар ждт_каз
- •1 Вариант
- •05_08_Фтизиатрия (ждт)_каз
- •05_09_Акушерия және гинекология (ждт)_каз
- •1 Вариант
- •05_10_Онкология (ждт)_каз
- •2Вариант
- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •05_02_ Қаз_Ішкі аурулар ждт
- •05_02_Каз_ Детские болезни овп
- •05_04_ Хирургические болезни овп_каз
- •05_05_Каз_Психиатрия және наркология (ждт)
- •05_06_Неврология ждт_каз
- •05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
- •05_09_Акушерство и гинекология (овп)_қаз
- •05_10_Онкология (овп)_каз
1 Вариант
05_07_Инфекциялық аурулар ждт_каз
$$$001
Сіреспе токсині МЕЙЛІНШЕ зақымдайды:
A) Холинергиялық синапстарды
B) Жұлынның артқы мүйізін
C) Бас ми қыртысының қозғалтқыш аймақтарын
D) Сопақша мидың ретикулярлы формациясын
E) Эфферентті рефлекторлы доғаның аралық нейронын+
$$$002
Әйел, 33 жаста, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, сарғаюға, жалпы әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Аурудың 3-ші күні дене температурасы 38°С дейін жоғарылаған. Аурудың 6-шы күні қоршаған адамдар сарғайғандығын байқаған. Қарап тексергенде: тері мен склерасы сарғайған. Іші кепкен. Бауыры бұғана ортаңғы сызығы бойынша қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, пальпацияда сезімтал.
Қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ сенімді?
A) Копрограмма
B) Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ
C) Жалпы қан анализі
D) Жалпы билирубин және оның фракциялары
E) Серологиялық маркерлер+
$$$003
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Қызылша қызамығы
В) Менингококкцемия+
С) Жұмсақ тін жарақаты
D) Геморрагиялықваскулит
Е) Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
$$$004
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Есек жем
В) Желшешек+
С) Стрептодермия
D) Атопиялық дерматит
Е) Жұқпалы моллюск
$$$005
Қыз, 5 жаста, дене температурасының 38,20С дейін жоғарылауына, бұлшықеттеріндегі және жұтыну кезіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысы және көрінетін шырышты қабаттары түсі қалыпты, ылғалды. Тізе, сирақ-табан буындарында көптеген геморрагиялы бөртпелер. Аңқасында – жұтқыншақтың артқы қабырға гиперемиясы, алдыңғы таңдай доғасында ұсақ везикулалар. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыры қабырға доғасынан 1,5 см, көкбауыр 1,0 см шығып тұр.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Герпестік инфекция
B) Қызылша
C) Аденовирусты инфекция
D) Қызамық
E) Ирсиниоз+
$$$006
Ер адам, 35 жаста, сиырдың тұтас етін бөлшектегеннен кейін жедел ауырып қалған. 3 күн бұрын жоғарғы температура, оң шап аймағында ісіну және ауыру сезімі пайда болған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, дене температурасы 40,2С, тілі қалың ақ жабындымен жабылған, еріндері құрғақ, беті мен коньюнктивасы гиперемияланған, қозған. Ұлғайған лимфа түйіндері қоршаған тері асты шел қабатымен біріккен, қозғалмайды, тері қатайған және қызарған, пальпацияда ауыру сезімді.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Листериоз
B) Мелиоидоз
C) Туляремия
D) Бруцеллез
E) Оба+
1 Вариант
05_08_Фтизиатрия (ждт)_каз
$$$001
Қандай науқастар туберкулез микобактериясын анықтауға қақырық анализіне жіберіледі?
А) 1 аптадан аз жөтелген
В) 1 апта жөтелген
С) 2 апта жөтелген
D) 2 аптадан артық жөтелген+
Е) бронхөкпелік симптомдармен ұзақтығына байланыссыз
$$$002
Бала 5 жаста. Перзентханада екпе жасалған, БЦЖ тыртығы 5 мм. Кезекті туберкулиндиагностикада алғашқы оң Манту сынамасы анықталды, папула 13 мм. Фтизиатрда тексеруде интоксикация симптомдары анықталмаған. Гемограммада: эритроциттер 4,5х1012/л, гемоглобин 125 г/л, лейкоциттер 6,8х109/л, ЭТЖ 4 мм/сағатына. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпе алаңдары мөлдір, таза. Өкпенің түбіралды аймағының суреті күшейген. Өкпе түбірі құрылымды, кеудеішілік лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Қандай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Латентті туберкулез кезеңі
B) Туберкулездің жиналуға дейінгі формасы
C) Туберкулин сынамасының виражы
D) Параспецификалық реакция +
E) Вакцинадан кейінгі аллергия
$$$003
Қыз, 8 жаста, туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым-қатынаста болған. Қарап тексеруде: жалпы интоксикация белгілері, параспецификалық реакция, микрополиадения, алғашқы оң туберкулинді Манту сынамасы – папула 8 мм. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпе алаңдары мөлдір. Өкпе түбірі кеңейген, аз құрылымды.Түбіралды аймақта өкпе суретінің күшеюі. Кеудеішілік лимфа түйіндер көрінбейді.
Қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Фибробронхоскопия
B) Компьютерлі томография+
C) Полимераза тізбектік реакция
D) Иммуноферментті анализ
E) Қақырық бактериоскопиясы
$$$004
Ер адам, 45 жаста, жөтелге, кешкі уақытта дене температурасының 37,20С-ға дейін көтерілуіне, еңбекке қабілетінің және тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Флюрографиялық зерттеуде: оң өкпенің 1-2 сегменттерінде интенсивті диаметрі 10 мм болатын ошақ анықталды.
Қандай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Өкпе туберкуломасы
B) Өкпенің ошақты туберкулезі+
С) Біріншілік туберкулездік кешен
D) Өкпенің инфильтративті туберкулезі
E) Өкпенің диссеминирленген туберкулезі
$$$005
40 жасар ер адамда біріншілік рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде көлемі 12 сантиметр болатын контуры айқын, айналасында фиброзды ошақты өзгерістері бар дөңгелек көлеңке анықталды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал? A) Біріншілік туберкулездік кешен
B) Оң өкпенің ошақты туберкулезі
C) Өкпенің диссеминирленген туберкулезі
D) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкуломасы+
E) Оң өкпенің фиброзды-ошақты туберкулезі
$$$006
Ер адам, 32 жаста, кешкі уақытта дене температурасының 37,70С-ға дейін көтерілуіне, қақырықпен жөтелге, оң жақ кеуде қуысындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке, шаршағыштыққа, салмақ жоғалтуына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,50С. Өкпеде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс жиілігі 24 рет минутына. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб., пульс минутына 100 рет. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,9х1012/л, гемоглобин 135 г/л, лейкоциттер 9,5 х10, ЭТЖ 20 мм/сағатына.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы ЕҢ бірінші кезекті?
A) Спирография
B) Бронхография
С) Томография
D) Рентгенография+
E) Қақырықты ТМБ-ға зерттеу
