Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2вар+астана+новый сурактар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
968.7 Кб
Скачать

1 Вариант

05_05_Каз_ Психиатрия және наркология (ждт)

$$$001

Ер адам 38 жаста, анамнезінде эмоциональді бұзылыстары болмаған, ол әуеде ұшуға қорқумен шағымданып келді. Ұшақ апатынан соң ол ұшуға қорықып қалған. Ұшу алдында айқын алаңдаушылық сезімімен қоса «ауаның жетіспеушілігі» дамиды. Науқаста ұйқысыздық, өз міндеттерін орындауға қабілетсіздік пайда болады. Самолет қонғаннан кейін жағдайы тез тұрақтанады.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал болып табылады?

А) Аменция

В) Онейроид

С) Невростения

D) Жабысқақ жағдайлар неврозы

Е) Мазасыздық-үрейлі невроз+

$$$002

Ер адам 35 жаста, ауыр бас-ми жарақатын алған, әйелімен кездесу кезінде тыныш әңгімелесіп отырғанда баласына госпитализация алдында сатып алып берген аяқ киімді кимей жүргенін естіп қозып кетті: әйеліне қатты айқай салып, қолдарын бұлғап, қорлау сөздер айта бастады. Бет әлпеті ашулы кейіпке енді, тыныштандыру сөздер әсер бермей жағдайды одан әрмен ушықтыра бастады. Әңгімелесуді тоқтатып палатаға жатқызуға тура келді.

Көрсетілген симптомдардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тән?

А) Мазасыз

В) Делириозды С) Маниакальді D) Параноидты E) Психопат тәрізді+

$$$003

Әйел, 19 жаста, нейродермит асқынуымен тері аурулар ауруханасына келді: терісіндегі бөртпелер қолдарында және бетінде анақталады. Екі апта бойы үйінен шықпаған, өйткені «оған барлығы қарайды», оның ұсқынсыз түріне күледі деп ойлайды. Қарау кезінде: сананың қарауытуы жоқ, түрінің өзгергеніне фиксацияланған, «ұсқынсыз болғанын» айтады. Әңгімелесу барысында ырыққа көнеді, емдеу кезінде бөртпелер азайғанына келіседі. Көмек сұрайды, жанашырлыққа мұқтаж.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал болып табылады?

А) Астено-депрессивті синдром B) Истериялық синдром C) Астеникалық синдром

D) Дисморфобиялық синдром+ E) Фобиялық синдром

$$$004

Студент қыз, 23 жаста, әлжуаз, оқуға деген ынтасын, таныстарымен қарым-қатынасын, "музыка ғана деп өмір сүрген" өнерге қызығушылығын жоғалтқан. Ауруы ешқандай айқын себептерсіз дамыған. Есту псевдогаллюцинациялары, аңду сандырақтары пайда болған. Оның ойын "қоршаған орта оқиды" деп айтады. Қызмет атқаруға қабілетсіз, бей-жай, әр түрлі мазмұндағы орынсыз ойларын білдіреді. Жағдайға критикасы жоқ.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал болып табылады?

A) Психопатия B) Шизофрения+ C) Жабысқақ жағдайлар неврозы D) Бас ми қан тамырларының склерозы

E) Маниакальді-депрессивті психоз

$$$005

Әйел, 30 жаста, эпилепсиямен зардап шегеді, құрысу ұстамалары тілін тістеп және еріксіз зәр шығарумен бірге дамыды. Құрысу ұстамалары 5-10 минут аралықпен қайталанды. Ұстамалары арасында коматозды жағдайда болды. Төменде көрсетілгендердің ішінде МЕЙЛІНШЕ қабылдау маңыздырақ препарат?

A) Галоперидол B) Натрии оксибутираты C) Корглюкон D) Седуксен

E) Налоксон+

$$$006

Қыз бала, 20 жаста, жалпы жағыдайының нашар болуымен, дене салмағының және тәбетінің төмендеуіне, іш қатуға шағымданып келді. Кешке қарай аздап жақсарып қалған кезде үнемі тұрақты төмен көңіл күй болатынын, болашағының жоқтығын, ұйқысы қысқа мерзімді екенін айтады. Жиі өмірімен қоштасу ойлары келеді.

Төменде көрсетілгендердің ішінде МЕЙЛІНШЕ маңызға ие препарат?

A) Мелипрамин+ B) Аминазин C) Седуксен D) Лития карбонаты E) Сиднокарб

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]