- •1 Вариант
- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •1 Вариант
- •05_02_Каз_ Ішкі аурулар ждт
- •1 Вариант
- •05_02_Қаз_Балалар аурулары ждт
- •1 Вариант
- •05_04_ Хирургиялық аурулар ждт каз
- •1 Вариант
- •05_05_Каз_ Психиатрия және наркология (ждт)
- •1 Вариант
- •05_06_Неврология овп_каз
- •1 Вариант
- •05_07_Инфекциялық аурулар ждт_каз
- •1 Вариант
- •05_08_Фтизиатрия (ждт)_каз
- •05_09_Акушерия және гинекология (ждт)_каз
- •1 Вариант
- •05_10_Онкология (ждт)_каз
- •2Вариант
- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •05_02_ Қаз_Ішкі аурулар ждт
- •05_02_Каз_ Детские болезни овп
- •05_04_ Хирургические болезни овп_каз
- •05_05_Каз_Психиатрия және наркология (ждт)
- •05_06_Неврология ждт_каз
- •05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
- •05_09_Акушерство и гинекология (овп)_қаз
- •05_10_Онкология (овп)_каз
1 Вариант
05_02_Қаз_Балалар аурулары ждт
$$$001
Бойдың аласа болуы, дамудың артта қалуы, микроцефалия, микрофтальмия, тері түсінің реңсіздігі, терідегі гипо- жəне гиперпигментация аймақтары - түсі"сүт қосылған кофе", қандай ауруға тəн?
A) Де Тони-Дебре-Фанкони ауруы+
B) Аддисон ауруы
C) Виллебранд ауруы
D) Гиппель-Линдау ауруы
E) Луи-Барр синдромы
$$$002
Бала, 2 жаста, қарап тексергенде: жүрек түрткісі, эпигастральды аймақтағы пульсация, жүрек шекараларының шамалы ұлғаюы анықталады. II қабырға аралықта төстің сол қырында II тонның әлсіреуі, дөрекі систоликалық шу естіледі. Электрокардиограммада: жүректің электрлік өсінің оңға жылжуы, оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы. ЭХОКГ: оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының және қабырға аралық перденің қалыңдауы, оң жүрекшенің дилятациясы анықталады.
Балада жүрек ақауының МЕЙЛІНШЕ қандай түрі?
A) Жүрекшеаралық перденің дефектісі
B) Қарыншаралық перденің дефектісі
C) Аорта стенозы
D) Өкпе артериясының изолирленген стенозы+
E) Аорта коарктациясы
$$$003
Қыз, 12 жаста, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, салмағының азаюына шағымданады. Дене температурасы 38 0С дейін көтерілген, буындарындағы және бұлшықеттердегі ауыру сезімі байқалған. Қобалжығанда, күн көзіне шыққанда күшейетін бетіндегі, мұрнындағы, декольте аймағында қызаруды байқаған. Ауыз қуысында, ернінің шырышты қабатында аздаған ауыратын жаралар бар. Аускультацияда: өкпеде плевраның және перикардтың үйкеліс шуы. Жалпы қан анализі: гемоглобин 101 г/л, эритроциттер 3,9 х 1012/л, түстік көрсеткіш 0,85, лейкоциттер 3,4х109/л, тромбоциттер 112 х109/л. Қан жағындысында LЕ- жасушалар.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Ювенильді дерматомиозит
B) Жүйелі қызыл жегі+
C) Ювенильді склеродермия
D) Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
E) Ювенильді идиопатиялық артрит
$$$004
Бала, 8 жаста, оң жақ сирақ-табан буынындағы қимылдағандағы ауыру сезімі, таңертең жиірек, таңертеңгілік құрысу байқалады, 40 минутқа дейін жалғасады. Түске дейін ауыру сезімі толық басылады. Көру қабілеті төмендеген, «көздегі құм сезімі» бар. Бір ай шамасында ауырады. Қарап тексергенде: оң жақ сирақ-табан буынында ісіну бар, ұстап тексергенде ыстық, қозғалысы шектелген. Жалпы қан анализінде эритроциттер 3,8х1012/л, гемоглобин 110 г/л, лейкоциттер 8,9х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 23 мм/сағ, С-реактивті протеин оң. Сирақ-табан буынының рентгенографиясыда: буын аралық cаңылаудың тарылуы , остеопороз.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте қолданылады?
A) Индометацин+
B) Переднизолон
C) Метотрексат
D) Купренил
E) Циклофосфамид
$$$005
Бала, 7 айлық, емшек емеді. салмақты аз қосады, психо-моторлы дамуы артта қалған. Анамнезде: кіндік қалдығының кеш түсуі, ұзаққа созылған дене сарғыштығы. Қарап тексергенде: аяқ-қолдары денесіне қарағанда қысқарақ, мойны қысқа, көздері қысыңқы. Электрокардиограммада: QRS тісшелерінің вольтажының төмендеуі, брадикардия. Кәрі жілік-білезік буынының рентгенограммасында: сүйектену темпінің кешігуі.
Қай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте қолданылады?
А) Қалқанша безінің гормоны+
В) Бауырлық сынамалар
C)Қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі
D) Кариотипті анықтау
Е) жүректің эхокардиографиясы
$$$006
Бала, 12 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне, тамақтан кейін күшейетін ауырлық сезіміне, арқаға, оң жақ жауырын астына иррадиацияланады, жүрек айнуға, ауыздағы ащы дәмге шағымданып келді. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, Кер нүктесінің ауыруы. Бауыры қабырға доғасынан 1 сантиметрге шығыңқы, пальпациялауда ауырмайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалы. Биохимиялық қан анализі: билирубин 25 мкмоль/л, тура 10,4 мкмоль/л, гамма глутамилтранспептидаза 22 Ед/л, сілтілі фосфатазасы 785 Ед/л, холестерин 5,8 ммоль/л.
Қай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте қолданылады?
A) Құрсақ қуысы ағзаларының ультрадыбысты зерттеуі+
B) Фиброгастродуоденоскопия
C) Эхохолецистография
D) Құрсақ қуысы ағзаларыныңрентгенографиясы
Е) Ретроградтыхолангиопанкреатография
$$$007
Бала, 9 жаста, жедел дене температурасының 39С дейін көтерілуімен жедел ауырған. Бұлшықеттерінде, білезігінде, табанында жедел ауыру сезімі мазалайды. Жалпы әлсіздік. Соңғы уақытта салмақ жоғалтып жүр. Анасының айтуы бойынша бала баспалдақпен қиын көтеріледі. Түзу отыра алмайды.
Қай препарат МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Преднизолон+
B) Метотрексат
C) Циклофосфан
D) Метипред
E) Тиосульфат натрия
$$$008
Бала, 5 жаста, жұтынғанда тамағындағы ауыру сезімі, бас ауыру, қалтырау, дене температурасының көтерілуі мазалайды. Дене температурасының 390С көтерілуімен жедел ауырған. Қарап тексергенде: аңқасында айқын, жайылған гиперемия, бадамшалары борпылдақ II дәрежелі, сары-ақ түсті жабындымен көмкерілген, шет жағынан оңай сылынады. Жұтқыншақты лимфа түйіндері 1,5-2 см дейін ұлғайған, ауырады. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 120 г/л, эритроциттер 4,1х1012/л, лейкоциттер 12,2х109/л, таяқша ядролы - 6%, сегментті ядролы - 61%, эозинофилдер - 1%, лимфоциттер - 32%, эритроциттердің тұну жылдамдығы - 35 мм/сағ.
Қай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Ауыз-жұтқыншақ дифтериясы+
B) Скарлатина
C) Иерсиниоз
D) Қызылша
E) Псевдотуберкулездің скарлатина тәрізді түрі
$$$009
Бала, 3 жаста. 4 күн бұрын ауырған. Дене температурасы 400С, бірнеше рет құсу. Тамағы ауырған, 2-ші күні майда нүктелі, геморрагиялы бөртпе бүкіл денесіне шыққан. 4-ші күні сирақ-табан, табан буындарындағы ауыру сезміне шағымданды. Қарап тексергеде: айқын некротикалық баспа, тілі емізік тәрізді, жұтқыншақ лимфа түйіндері ұлғайған, тізе, сирақ-табан буындарында көптеген геморрагиялы бөртпелер.
Қай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Ювенильді ревматоидты артрит
B) Псевдотуберкулез
C) Вирусты гепатит В
D) Қызамық , артроз тәрізді түрі
E) Иерсиниоз+
$$$010
Бала, 7 жаста, дене температурасының 390С көтерілуіне, әлсіздікке, бұлшықет пен буындарындағы ауыру сезіміне, самай, маңдай аймақтарындағы, қасүсті доғасындағы, көз алмасындағы ауыру сезіміне шағымднып келді. Ауырғанына 2 тәулік. Қарап тексергенде: мұрнынан шырышты бөлінулер. Аңқасында: таңдай доғасының гиперемиясы, қатты таңдайы түйіршіктелген. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 128 г/л, эритроциттер 4,7х 1012/л, лейкоциттер 3,9х109/л, таяқша ядролы 4%, сегментті ядролы 51%, эозинофилдер 6%, лимфоциттер 39%, эритроциттердің тұну жылдамдығы 6 мм/сағат.
Қай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Парагрипп
B) Грипп +
C) Аденовирусты инфекция
D) Респираторлы-синтициалды инфекция
E) Риновируснты инфекция
$$$011
Қыз, 2 айлық, анасының айтуы бойынша жөтелге, тынысының жиіленуіне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 390С. Мұрын қанаттарының үрленуі, ырсылдап демалуы анықталады. Тыныс алу жиілігі минутына 65 рет. Төменгі кеуде торының тартылуы. Аускультивті: мұрынмен демалу, оң өкпенің төменгі бөлігінде ысқырықты сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 125 г/л, эритроциттер 4,9х1012/л, лейкоциттер 12,4х09/л, таяқша ядролы 7%, сегментті ядролы 62%, эозинофилдер 1%, лимфоцитер 30%. эритроциттердің тұну жылдамдығы 6 мм/сағ. Кеуде торы рентгені: көптеген инфильтраттармен интерстициалді өзгерістер, өкпе түбірі лимфат түйіндерінің ұлғаюы.
Қай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) ЖРВИ
B) Пневмония+
C) Бронхит
D) Бронхиолит
E) Өкпе туберкулезі
$$$012
Қыз, 9 жаста, іштегі ауыру сезіміне, жиі зәр шығаруға шағымданып келді. Анамнезінде: бір апта бұрын дене температурасы 38°С көтерілген, іштегі ауыру сезімі, жиі ауырсынумен зәр шығару пайда болған. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 8,9х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы 33 мм/ч. Зәрінде – белок 0,08 г/л, лейкоциттер 18-22 көру аймағында, эритроциттер 8-10 көру аймағында. Бүйректің ультрыдыбысты зерттеуінде: түбекшелердің кеңеюі оң жақтан.
Қай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ қолданылады?
А) Реберга-Тареев сынамасы
В) Цистография
C) Тамырішілік урография
D) Зәр бактериалды себіндісі+
E) Радиоизотоптызерттеу
$$$013
Бала, 10 жаста, созылмалы жүрек ревматикалық аурумен 3 жыл аурады. Соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрии аймағында ауырсыну пайда болған. Жүрек айну, қыжыл мазалайды. Фиброгастродуоденоскопияда: асқазанның антралды бөлігінің шырышты қабатының гипертрофиясы, гастроэзофагеальды рефлюкс.
Қай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте қолданылады?
A) Копрограмма
B)Асқазанды зондтау
C) Дуоденальды зондтау
D) Ультрадыбысты тексеру
E) Морфологиялық тексеру+
