Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

3 Зерттеу нәтижелері

3.1 Жылыжай қиярының өнімділігі мен сапасын және зиянды организмдерге төзімділігін бағалау

Қияр жылыжайда өсірілетін негізгі дақылдың бірі. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан тауар өндірушілерге көрсетілген қолдау арқасында жылыжайлардың аумағы едәуір кеңейген. Еліміздің жылыжай шаруашылығын бірқалыпты дамыту үшін өнімділігі жоғары қияр сорттары мен оны өсіруде тиімділігі жоғары агротехнологияларға мән берген жөн.

Қазіргі таңда Қазақстан жылыжайында қиярдың 40 түрлі будандарын өсіруге рұқсат етілген. Соның ішінде қиярдың 2 буданы ғана (алма-атинский мен айбын будандары) отандық селекцияға жатады.

Жылыжай қиярының отандық сорттарының (будандарының) болмауына байланысты, республикамыздың шаруалары бағасы 10-15 есе қымбат тұратын, еліміздің табиғи-климаттық жағдайларына дағдыланбаған, шетелдік будан тұқымдарын сатып алуға мәжбүр. Сондықтан, қазіргі таңда өнімділігі жоғары және зиянды организмдерге төзімді болатын жылыжай қиярын өндіріске енгізу аса маңызды болып саналады.

Зерттеу жұмыстары жүргізілген жылдары (2016-2017жж.) Коллекциялық көшеттікте шетелдік селекциясы жылыжай қиярының 4 үлгілері шаруашылық- бағалы белгілері бойынша, оның ішінде ерте пісуі, өнімділігі, жемістің орташа салмағы, зиянды организмдерге төзімділігі бағаланды. (10-кесте). Кестеде ерте піскен 5-шетелдік сорт үлгілері қарастырылған.

Маусымаралықта тұрғындарды ерте өніммен қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткіштер өте маңызды және жылыжай шаруашылықтарына өнімнің құны бойынша тиімді болып келеді.

Кесте 10 – Жылыжай қиярының сорт үлгілерінің шаруашылық белгілері (2016-2017 жж.)

Жылыжай

қиярының

сорт үлгілері

Өнімділік, кг/м2 (орташа)

Стандартқа қосылған жалпы қосымша өнім, %

Жемістің орташа салмағы, г

1 айда жеміс беруі

Бір айналымда жалпы өнім

Кураж F1

12,7

31,3

І42,7

120

Феномен F1

9,4

18,9

І23,4

140

Директор

10,8

20,7

І39,4

90

Криспина

8,6

15,1

-

100

Директор Магнит

8,2

17,5

285,3

90

Жылыжай өнімдері өндірісінде экологиялық қауіпсіздік пен экономикалық тиімділік тұрғысынан, жылыжайлардың фитосанитарлық жағдайы аса маңызды болып табылады. Жылыжайда көкөніс дақылдарының зиянды организмдеріне төзімді сорттары мен будандарын өсіргенде, өсімдіктерге пестицидтерді қолдануын шектеп немесе мүлдем қолданбау керек. Нәтижесінде, құны жоғары болатын улы химикаттарды (инсектицидтер мен фунгицидтер) сатып алуға және бүрку жұмыстарына кететін шығындар едәуір азаяды. Сондай-ақ, алынатын өнімнің улы заттармен ластануын болдырмау маңызды болып табылады. Бұл әсіресе қияр дақылы үшін өте өзекті мәселе.

Біз жылыжай жағдайында қиярдың вегетациялық кезеңінде көзбен шолу арқылы сорт үлгілердің аурулар мен зиянкестерге төзімділігіне баға бердік. Аурулармен залалдану дәрежесі мен зиянкеспен зақымдалу дәрежесін анықтау кезінде фитопатологиялық және энтомологиялық бағаларын Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институтының әдістемесі бойынша жүзеге асырылды. Бұл әдістемеде өсімдіктің аурумен залалдану және зиянкеспен зақымдалу дәрежелері баллдық бағамен ескерілді. 11-ші кестеде қиярдың әртүрлі будандарының зиянды организмдермен зақымдалу дәрежелерін бағалау нәтижелері көрсетілген.

Кесте 11 – Қиярдың әртүрлі сорт үлгілерінің зиянды организмдеріне төзімділігін бағалау, 2016-2017 жж

Жылыжай қиярының сорт үлгілері

Жапырақтың залалдану дәрежесі, баллмен

Жапырақтың зақымдалу дәрежесі, баллмен

ақ ұнтақ

Пероноспороз

жылыжай аққанаты

Біте

Кураж F1

2

2

3

3

Феномен F1

2

3

3

3

Директор

2

2

3

2

Криспина

2

2

3

3

Меренга

2

2

3

4

Қиярдың зиянды аурулары, ақ ұнтақ пен пероноспорозға будандардың көбісі төзімді және салыстырмалы төзімді болып келді. Ақ ұнтақ ауруына қиярдың Директор, Криспина, Феномен Ғ1, Маринго будандары төзімді болып табылды.

Ауруларға төзімділігіне баға берумен қатар, жылыжай қияры сорт үлгілерінің зиянкестерге төзімділігі бағаланды. Ең қауіпті зиянкестердің ішінен аққанат, трипс, біте, үңгі шыбыны, өрмекші кене, жұмыр құрт болып табылады. Жапырақ-сабақтары мен тамыр жүйесіне зиян келтіретін бұл зиянкестер қияр өнімін үлкен шығынға ұшыратады. Жылыжай аққанаты жабық танапта аса көп таралып, өте қауіпті болып келеді. Сондай-ақ жылыжай жағдайында әртүрлі бітелер де өсімдікке үлкен зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында бұл екі зиянкес түрлері жиі кездесіп, қиярды зақымдайды.

Зиянкестерге толық төзімді және салыстырмалы төзімді болатын қияр сорттары мен будандары болмайтынын ескере кету керек. Дақылдың сорттық (будандық) ерекшеліктеріне қарамастан, зиянкестер қияр өсімдіктері нәзік, шырынды болып келуіне және тығыз орналасуына байланысты зақымдайды. Жылыжай қиярының белгілі бір сорттарында (будандарына) таралу дәрежесі мен тигізетін зияндылығында ғана айырмашылық болады. Дегенмен, кейбір зерттелген сорт үлгілері бойынша зиянкестермен зақымдалуына байланысты өзгерістер болды. Зиянкестерді есептеу бойынша, Директор-буданы аққанатпен әлсіз, ал қалған будандар орта деңгейде зақымдалды. Криспина, Кураж Ғ1, Феномен және Маринго будандары бітелермен әлсіз зақымдалды

Жылыжай шаруашылықтары үшін өнімнің сапасы мен өнімділік көрсеткіштері маңызды болып табылады. Өйткені, жылыжайда өнімді өндіруде үлкен шығын жұмсалады, оны тек көкөністердің, соның ішінде қиярдың жоғары өнімін алған кезде ғана орнын толтыруға болады. Тұтынушылар үшін өнімнің бағасымен қатар, сапалық көрсеткіштері өте маңызды болып табылады. Бірінші кезекте өндірілген өнімнің өзіндік құны анықталады. Сондықтан, бізбен жаңа жылыжай будандары жемістерінің сапасын тексеру үшін биохимиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Сорт үлгілерін зерттеу нәтижесінде құнды белгілері бойынша жақсы көрсеткіштерімен жылыжай қиярының 2 үлгісі ерекшеленді. 12-ші кестеде өнімділігі мен биохимиялық көрсеткіштерімен ерекшеленген жылыжай қияры сорт үлгілерінің мәліметтері көрсетілген.

Кесте 12 – Жылыжай қиярының ерекшеленген сорт үлгілерінің өнімділігі мен биохимиялық көрсеткіштері (2016-2017 жж.)

Қиярдың

орташа өнімділігі,

кг/м2

Жылыжай қияры жемістерінің сапалық көрсеткіштері

құрғақ зат, %

С дәрумені, мг/%

Жалпы қант, %

Кураж

12,1

3,2

7,7

3,0

Директор

11,0

4,0

8,2

2,0

Криспина

8,6

3,8

6,4

3,2

Директор - Магнит

14

4,0

8,1

2,0

Феномен

11,2

3,8

6,2

3,0

Қиярдың Директор және Кураж сорт үлгілері жемістерінің ерте өнім қалыптастыруы мен дақылдың жалпы өнімділігі бойынша стандарт-будан Криспинадан жоғары болды. (кесте - 13)

Кесте 13 – Қияр сорттарының өнімділігі,кг/түп

Қияр сорты

Өнім,кг

Артық өнім

кг

%

Криспина-бақылау

8,6

-

100

Феномен

11,2

2,6

130,2

Кураж

12,1

3,5

140,1

Директор

11,1

2,5

129

Директор -Магнит

14

5,4

162,8

Қорыта келгенде, әр түрлі жылыжай қиярының сорттары мен будандарын зерттеу барысында, шаруашылыққа бағалы белгілері жоғары болатын будандар іріктеліп, магниттелген сумен тамшылатып суарылған Директор-магнит сортының жоғары өнім бергені дәлелденді.