Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. «Қазақстан 2050» ұлттық стратегиясы және «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің алдында жаңа технологиялар енгізу есебінде жылыжайларда өсірілетін экологиялық таза өнімдерді өндіру міндеті тұр. Республикамыздың жылыжай құрылыстарын қайта салу және жаңарту үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы барысында өнеркәсіптік жылыжай ғимараттарының ауданын ұлғайту арқылы жалпы өнімін 36 мың тоннадан (2012 ж.) 112 мың тоннаға дейін (2020 ж.) жеткізу жоспарлануда [1].

ҚР АШМ мәліметтері бойынша Қазақстанда қазіргі таңда жылыжай көкөністерінің аумағы 576 га құрайды. Оның ішінде 230 га жоғары технологиялы жылыжайлар болып табылады. Қазіргі таңда жылыжай көкөністерінің жалпы өнімі 90 мың тоннаға жеткенімен, еліміздің ішкі қажеттілігін маусымаралық кезеңінде тек 67% қамтамасыз етеді. Мемлекет «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша жылыжай көкөніс өндірісінің аумағын 2014-2020 жж. аралығында 364-461 га дейін ұлғайтуға және импорт көлемін төмендетуге барлық қажетті жағдай жасауда. Сонымен қатар фермерлерді минералдық тыңайтқыштарды (ИРК) алуы үшін 255,8 мың тоннадан (2014ж.) 412,7 мың тоннаға (2020ж.) дейінгі көлемде қаржыландырылатын болады [2].

Көкөніс шаруашылығы - ауыл шаруашылығының қаржы мен энергияны ең көп қажет ететін саласының бірі болып табылады. Көкөніс шаруашылығы жылдам бұзылатын өнімдер қатарына жатқанымен, ел тұрғындарының көп бөлігі оны өсірумен айналысады және оның жыл сайынғы көлемі 110-115 мың га. құрайды. Сондықтан көкөніс шаруашылығымен айналасатындар сақ және ұқыпты болу керек [3].

Қазақстанда көкөніс шаруашылығы астық пен картоп өндірісінен кейінгі үшінші орында тұр. Көкөністер басқа азық-түліктерде кездеспейтін табиғи дәрумендердің, антиоксиданттардың, алмаспайтын амин қышқылдары мен биологиялық белсенді заттардың бай қайнар көзі болып саналады, олар халықтың денсаулығы мен өмірінің ұзақтығына тікелей әсер етеді.

Көкөніс дақылдарының ішінде, әсіресе еліміздің оңтүстік және оңтүстік- шығыс аймақтарында, ашық алаңда да, жылыжайларда да аса кең тарағаны қияр көкөнісі болып табылады. Бұл дақылды өсіру ауданы ашық алаңда 12-24 мың га (көкөніс дақылдары алқаптарының жалпы көлемінен 10-12%), ал жылыжайда 170 га құрайды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында қияр өсіретін жабық танаптар (жылыжайлар мен пленкалы құрылыстар) көлемі шамамен 50 га құрайды [3].

Қияр - калориялық құндылығы төмен азық-түлік, С және каротин дәрумендерінің негізгі көзі. Өсімдіктің негізгі құрамы 94-95% су болып табылады. Қиярдың құрамында С және Р-каротин дәрумендерінен басқа, аздаған қант (1,5-2%), ақуыз (1%), жасұнықтар (0,75%), В2 дәрумені (рибофламин), никотин қышқылы (РР), тиамин (ВД сонымен қатар хош иісті заттектер, жануар ақуызының сіңірілуіне әсер ететін пектиндік ферменттер болады. Басқа көкөністер мен картопқа қарағанда, қияр жемісінде йод көбірек болады [4].

Қияр дақылында адам ағзасының ас қорыту жүйесін реттейтін, асқазан сөлінің қышқыл-сілтілі ортасын бейтараптандыратын дәрумендер мен минералды тұздар өте көп болады. Жаңа піскен жемістері, әсіресе бүйрек ауруларының бастапқы кезеңінде, өт шығару жолдарында тұз шөгінділерінің түзілуі барысында аса пайдалы. Қияр жемісі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға пайдасы зор [5-10].

Елімізде қазіргі таңда қиярдың жаңа піскен жемістері маусымаралықтарда жеткіліксіз екені білінуде, соны пайдаланған көрші елдер өнімдер сапасының құрамы күмәнді және құны өте жоғары көкөністерді ұсынуда. Сондықтан, сапасы жоғары жылыжай көкөністерін, соның ішінде қияр өндірісін арттыру республика үшін маңызды міндет және өзекті болып табылады.

Соңғы жылдары қиярды зиянды ағзалардан кешенді қорғау технологиясын жасау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жылыжайда кездесетін зиянкестердің түр құрамы анықталды [8]. Бұлар кәдімгі өрмекші кене (Теtrапусһus urticae Косһ.), әртүрлі бітелер (Aphids), жылыжай аққанаты (Тrіаlеиrоdеs уароrаrіоrum Westw.) трипстар (Тһrірs), үңгі шыбыны (Lіrіоmуzа sоlапі Негіng) ,т.б. және едәуір мөлшерде ақ ұнтақ, тамыр шірік және т.б. аурулар зиян келтіреді [12].

Осы зиянкес түрлеріне қарсы Қазақстанның көкөніс өсірушілері негізінен химиялық әдісті қолдануда. Көбінесе зиянкестердің жаппай дамуын басу үшін өсімдіктің бір дақыл айналымында 15-20 ретке дейін пестицидтермен өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай химиялық заттарды көп мәрте пайдаланудың салдарынан көкөністерде пестицид қалдықтарының жиналуы, зиянкестерде резистенттілік пайда болуы, қоршаған ортаның ластануы, жылыжайда жұмыс істейтін мамандардың денсаулығына қолайсыз жағдайлар тууы мүмкін. Улы химикаттардың кері әсерінен әртүрлі онкологиялық және аллергиялық аурулар, жаңа туған нәрестелерде патологиялық өзгерістер пайда болады.

Дүниежүзілік қауымдастық пестицидтерді пайдаланудың кері әсерін мойындап, көптеген елдерде оны пайдалануды шектеу керектігін негіздеп жатыр. Осыған байланысты, зиянкестер мен ауруларға қарсы өсімдіктерді биологиялық қорғау әдістерін жасау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Биологиялық қорғау әдісінің негізгі мақсаты зиянкестердің табиғи жауларын көбейтіп, оларды егістік агроценоздар мен жылыжайларда қолдану болып табылады. Мысалы, жылыжайда қиярдың өрмекші кенесіне қарсы фитосейулюс жыртқышы, жылыжай аққанатына энкарзия және бітелерге қарсы афидиус тоғышарлары қолдануда.

Республикамызда жылыжай көкөніс дақылдарын зиянды организмдерден биологиялық қорғау әдістері дамымағандығы, сонымен қатар пестицид қалдықтарымен ластанбаған экологиялық таза өнім алу қажеттілігі негізінде осы бағытта ғылыми зерттеулер жүргізу өзекті болып табылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты-Жылыжайда өсірілетін қиярдың өнімділігі мен сапасын арттыру және зиянкестерден қорғауда қауіпсіз тәсілдерді қолдану арқылы экологиялық таза өнім алуды қамтамасыз ететін кешенді агротехнологиялық тәсілдерді жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  1. Қиярдың «Директор»- сұрпы будандарының өнімділігі мен зиянды организмдерге төзімділігін зерттеу;

  2. Қиярды зиянкестерден қорғауда биологиялық және химиялық тәсілдердің шаруашылықтық тиімділігін зерттеу;

3. Жылыжайда қиярды магниттелген сумен тамшылатып суғарудың экономикалық тиімділігі мен егістіктің фитосанитарлық жағдайына әсерін анықтау;

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Жылыжайда зиянды организмдерге төзімді және вегетативтік биомассасы мен сапалы өнімділігі жоғары қиярдың 4- жаңа будандары сыналды. Қияр зиянкестерінің түр құрамы мен олардың тиімді энтомофагтары зерттелді.

Практикалық маңызы-Жылыжай шаруашылығында қияр өнімділігін 15- 20% арттыруға мүмкіндік беретін төзімді және өнімділігі жоғары будандары ұсынылды. Жылыжайда қиярды магниттелген сумен өсіру оның өнімділігін 25% дейін арттыруын қамтамасыз етті. Қияр зиянкестеріне қарсы көбейтілген биогенттерді қолданғанда, 75-95% дейін фитофагтарды жойып, сонымен бірге экологиялық қауіпсіз өнім алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу нысаны-ТарМПИ жылыжайында өсірілетін қияр сорттары. Жылыжай қиярының 4-түрлі сорт будандары, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың түрлері мен мөлшері, қияр зиянкестері мен энтомофагтары, қияр өсімдіктерін жылыжай зиянкестерінен қорғаудың биологиялық және химиялық тәсілдері жатады.

Зерттеу пәні- Қолданбалы биология

Зерттеу болжамы-Қиярдың биологиялық ерекшелігі оны түрлі қорғалған топырақ жағдайларында жыл бойы үздіксіз өсіруге мүмкіндік береді. Сол себептен, озық технологиялар мен жылыжай қиярының көптеген сорттарын сынап ішінен перспективалы сорттарын өндіріске енгізу арқылы ауылшаруашылығының осы саласын дамытуға болады.

Зерттеу әдістері: Эмпирикалық және теориялық, бақылау, жылыжайдағы тәжірбие.

Зерттеу базасы: ТарМПИ жылыжайы

Зерттеу кезеңдері: 3-кезеңге бөлінді: әдебиеттерге шолу, зерттеу әдістері, зерттеу нәтижелері

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 44, Дипломдық жұмыс көлемі 63 бет, 22 кесте мен 17 сурет.

1 Әдебиетке шолу

1.1 Қияр дақылының әлемде және Қазақстанда өсірілетін көлемі

Қияр - әлемде ең көп таралған көкөніс дақылдарының бірі. Гректер қиярды «аорос» деп атаған. Пісіп жетпеген жемістері тағам ретінде қолданылғандықтан, бұл сөз «піспеген» деп аударылады. «Аорос» сөзі бірте- бірте «аугурос» сөзіне ауысып, орыс елінде «огурец» (қияр) деп өзгертіп айтылды [4-7]. Үндістанда ежелгі мекені болып саналатын қиярды 3 мың жыл бұрын өсіріп бастаған. Қытайда қиярды өсіру біздің дәуірімізге дейін II ғасырда басталған. Біздің дәуірімізге дейін бірнеше жыл бұрын Мысыр елінің ғибадатхана қабырғаларында құрбандыққа шалынғандар арасында жемістері суреттелген қияр басқа асқабақ өсімдіктерімен өсірілгені анықталды. Сондай- ақ, ХІІ династиясының (б.д.д. 2000-1788 жж.) мазарларын қазу кезінде тасқа айналған қияр қалдықтары табылды [7].

Қазіргі уақытта қияр көкөніс дақылы ретінде бүкіл дүние жүзінде кең таралған. Шындығында бұл бүкіл халық сүйіп жейтін дақыл субтропикалықтан полярлық ендіктерге дейін өсіріледі. Қиярдың ірі және дәстүрлі территориясы Ресей Федерациясының орталық облыстары, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Украина, Беларусь пен Молдова болып табылады. Ресей Федерациясы мен Украинада қияр егісі 120 мың га жерді алып жатыр. Жабық танапта ол 70% ауданды алып жатыр [6,11]. Қазақстанда қиярды өсіру ауданы ашық алаңда 12-14 мың га (көкөніс дақылының жалпы ауданынан 10-12%), жабық алаңда 170 га дейін жетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылыжай қиярының ауданы 50 га шамасын құрап жатыр [10].

Қиярды Қытайда жалпы ауданы - 190 мың га, Еуропа мемлекеттерінде - 200 мың га және Азияда - 300 мың га өсіреді. Қияр әлемде 880 мың га алаңда өсіріліп, орташа өнімділігі 15 т/га болатын, жылына 12 млн.т өнім алынады. Қытайдың субтропикалық аудандарында жылына 3,9 млн. т, Жапонияда - 1 млн. т, Туркияда - 0,8 млн. т, АҚШ - 0,6 млн. т, ал Қазақстанда - 90 мың т қияр жиналады. Қазақстанға қияр жеткізілімі бойынша импортер-мемлекеттер арасында Иран (36%), Қытай (20%), Украина (14%), Испания (9%), Әзербайжан (8%) топбасшылар болып табылады [9-10,14].

Жылыжайда өсірілетін қияр бұрынғы Одақ мемлекеттерінің бірінші көкөніс дақылы болды. XX ғасырдың 60 жылдары полимерлік пленкалар пайда болуымен, көктемгі жылыжайлар мен паналардың құрылыс серпілістері басталды. Пленкалы жылыжайлар әйнектен немесе поликарбонатпен жасалған жылыжайлармен салыстырғанда, осы күнге дейін өзінің арзандылығымен бағаланатын жылыжай құрылыстары болып саналады[8,10].

Қазіргі кезде Ресейде мұндай жылыжайлардың ауданы шамамен екі мың гектарды алып жатыр [22].

Республикалық статистика агенттіктің мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда көкөністерді өсіру көлемі үнемі өскенімен, 1991-2000 жылдар аралығындағы өнімділік көрсеткіштері 1990 жылғы көрсеткіштен төмен болды (кесте 1).

Кесте 1 – Қазақстан Республикасындағы 1990-2014 жылдар аралығындағы ашық танапта өсірілген көкөністердің динамикасы

Жылдар

Ауыл-шаруашылық дақылдарының ауданы, мың га

Ашық танапта өсірілген көкөністер,

мың га

Көкөніс алқаптарының %- дық үлесі

Жиналған жалпы өнім, мың тонна

Орташа

Өнімділік,

Ц/га

1990

35 182,1

70,8

0,20

1 136,4

154,0

1991

34 935,5

75,1

0,21

954,9

121,0

1992

34 839,9

83,3

0,24

985,1

114,0

1993

34 060,4

74,0

0,22

808,0

106,0

1994

31 662,4

73,4

0,23

781,2

104,0

1995

28 679,6

76,1

0,27

779,7

101,0

1996

25 644,1

79,8

0,31

778,0

96,0

1997

21 843,7

87,1

0,40

879,7

101,0

1998

18 610,4

96,5

0,52

1 079,2

114,0

1999

15 285,3

96,1

0,63

1 287,1

134,0

2000

16 195,3

102,6

0,63

1 543,6

153,0

2001

16 785,2

107,7

0,64

1 782,0

166,0

2002

17 756,3

108,7

0,61

1 857,0

172,0

2003

17 454,2

110,2

0,63

1 938,3

177,0

2004

18 036,4

111,3

0,62

2 059,3

186,0

2005

18 445,2

110,8

0,60

2 168,7

196,0

2006

18 369,1

103,0

0,56

2 059,2

201,0

2007

18 954,5

104,2

0,55

2 196,4

211,0

2008

20 119,2

112,9

0,56

2 280,0

204,0

2009

21 424,9

110,6

0,52

2 457,2

218,7

2010

21 438,7

120,3

0,56

2 576,9

214,4

2011

21 083,0

128,7

0,61

2 877,7

222,9

2012

21 190,7

128,7

0,61

3 061,5

234,0

2013

21 271,0

133,1

0,63

3 241,5

238,7

2014

21 244,6

137,7

0,65

3 469,9

243,0

Көкөніс дақылдарының 2009-2014 жылдар аралығындағы жыл сайынғы артуы орташа алғанда 4,8% шамасын құрады. Егістік аудандары мен олардан алынған өнім көлемдері тұрақты түрде артып отырған. (2-кесте). Ауылшаруашылық кәсіпорындарындағы көкөніс алқаптарының үлестік көлемі айнымалы, ал шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарда үнемі артуда және тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарындағы үлестік салмақтың азайып келе жатқандығын байқаймыз (сурет 1).

Жиналған өнім бойынша ауылшаруашылық кәсіпорындарының үлесі айнымалы, тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарының үлесі кеміп, сәйкесінше шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың үлесі артуда (сурет 2).

«КазАгро» ұлттық басқару холдингінің сараптамасы бойынша қияр дақылы егілген егістік алаңы мен өнім динамикасын 2-кестеден көруге болады [3,9,10,14].

Кесте 2 – Көкөніс дақылдарының егістік ауданы мен өнімділік динамикасы, 2009-2013 жж.

Көрсеткіштер

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

Шаруашылықтардың барлық түрлері

ауданы, мың га

110,6

120,1

128,7

128,7

133,1

жалпы өнім, мың т

2457,2

2576,9

2877,7

3061,5

3241,6

Ауылшаруашылық кәсіпорындары

ауданы, мың га

6,5

6,6

8,7

9,1

8,7

жалпы өнім, мың т

138,8

120,5

166,0

209,1

209,3

Шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар

ауданы, мың га

42,4

48,7

56,3

56,3

60,0

жалпы өнім, мың т

971,1

1091,1

1303,5

1391,1

1522,6

Тұрғындардың қосалқы шаруашылығы

ауданы, мың га

61,7

64,8

63,7

63,3

64,4

жалпы өнім, мың т

1347,3

1365,3

1408,2

1461,3

1509,7

Сурет 1. Шаруашылықтардың түрлері бойынша көкөніс алқаптарының үлестік салмағы, %-бен

Сурет 2. Шаруашылықтардың түрлері бойынша көкөніс дақылдарының жалпы өнімінің үлестік салмағы, %-бен

«КазАгро» Ұлттық басқару холдингінің мәліметтері бойынша жан басына шаққанда көкөністерді пайдалану бойынша алдыңғы орында Греция - 257 кг, Оңтүстік Корея - 250, Түркия - 238, Иордания - 216, Қытай - 212, АҚШ - 200, Израиль - 197 кг тұр. Ал Қазақстандағы көкөністерді пайдаланудың 2012 жылғы нақты мөлшері 68,4 кг құраған. Ал, ұлттық мөлшер 78,6 кг-ды құрайды, атап айтар болсақ: капуста - 19,1 кг/жыл/адам; сәбіз - 17,9 кг/жыл/адам; пияз - 18,6 кг/жыл/адам; қызанақ - 8,9 кг/жыл/адам; қияр - 6,6 кг/жыл/адам; асханалық қызылша - 2,1 кг/жыл/адам [14].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша физиологиялық ең төменгі көкөніс және бақша дақылдарының мөлшері 400 г/тәулік немесе 146 кг/жылына болуы керек. Көкөніс бақша дақылдарының ішінде көкөністердің үлестік салмағы 75-80%-ды құрайды деп есептейтін болсақ, Қазақстан халқының жылдық сұранысы шамамен 1,86-1,98 миллион тоннаны құрайды [10,14].

2014 жылы республикада жан басына шаққанда 207,1кг көкөністер өндірілген. Дегенмен республикада өндірілген өнімдердің барлығы жергілікті тұтынушыларға жете бермейді. Оған топырақ-климаттық және технологиялық себептерге байланысты өнім сапасының төмендігі, логистика-маркетинг желілерінің жолға қойылмауы, көкөністерді сақтау мен өңдеу кәсіпорындарының жеткіліксіздігі, сондай-ақ біршама көлемдегі өнімдердің Ресейге экспортталуы сияқты мысалдарды келтіруге болады. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша қиярдың 119073 тоннасы 2010 жылы экспортталған (кесте 3).

Кесте 3 – Қазақстан Республикасындағы көкөніс дақылдары өнімдерінің импорт- экспортының нақты және құны бойынша мәліметтері, 2007-2010 жж.

Бағыт

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Тонна

мың $

Тонна

мың $

Тонна

мың $

Тонна

мың $

Экспорт

151499

52809

131410

72711

112807

29415

119073

19156

Импорт

7673

2868

48153

16977

45918

13805

192022

67522

Суармалы егіншілікпен айналысатын оңтүстік облыстарда көкөністік дақылдарды өндіруде жеке шаруа қожалықтары мен фермерлік шарушылықтар экономика жағынан тиімді тамшылатып суару технологиясын қолданып жоғары өнім алуда. Сонымен көкөніс өсірілетін аймақтың агрометеорологиялық жағдайлары мен дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, көкөністерді өсірудің жаңа технологиялық аспектілерін жетілдіру арқылы, алынатын өнімнің өзіндік құнын төмендетіп мол өнім алуға болады.

Қазіргі таңда Қазақстанда республика бойынша жылыжай қиярының өсіру ауданы 170 га құрайды (кесте 4).

Кесте 4 – Қазақстан Республикасы бойынша жылыжайда өсірілетін қияр алқаптары (ҚР АШМ деректері)

Қияр өсірілетін аймақтар

Жылыжайлардың орташа ауданы, га

Жалпы өнім, тонна

Ақмола облысы

0,03

18,0

Алматы облысы

48,89

698,5

Атырау облысы

5,6

39,2

Шығыс-Қазақстан облысы

25,8

240,6

Жамбыл облысы

0,36

8,0

Батыс-Қазақстан облысы

0,045

3,5

Қарағанды облысы

0,6

27,0

Қызылорда облысы

0,17

11,5

Қостанай облысы

14

107,5

Маңғыстау облысы

20

700,0

4-кестенің жалғасы

Павлодар облысы

0,9

23,0

Солтүстік-Қазақстан облысы

-

-

Оңтүстік-Қазақстан облысы

29,5

715,0

Барлығы республика бойынша

169,895

2591,8

Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялық қолдаулар республикамыздағы жылыжай аумақтарының көбеюіне ықпал етуде. АШМ «Агробизнес-2020» Мемлекеттік Бағдарламасы бойынша Республикада жылыжай көкөніс дақылдарын 2014-2020 жж. аралығында 364 га-дан 461 га-ға ұлғайту үшін субсидиялар бөлінуде. (кесте 5) [3].

Кесте 5 – Қазақстан Республикасының жылыжайларын субсидиялау («Агробизнес-2020» бағдарламасы)

Көрсеткіш атауы

Жылдар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Субсидиялауға кіретін барлық дақылдардың егіс аудандары, млн.га

18,9

19,7

19,8

19,9

19,9

19,9

20,0

19,9

Субсидиялауға кіретін жылыжай көкөністерінің ауданы, га

0

364

394

424

461

461

461

461

Сонымен қатар ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің, соның ішінде жылыжай шаруашылықтарының өнімдерінің сапасын арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыруға ынталандыру мақсатында, минералдық тыңайтқыштарды экономикалық тұрғыдан қол жетімді етуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. NРК-тыңайтқыштары жыл сайын 256 мың тоннадан 413 мың тоннаға дейін көбейіп субсидияланады (6 кесте).

Кесте 6 – Қазақстан Республикасы бойынша минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау («Агробизнес-2020» бағдарламасы)

Көрсеткіш атауы

Жылдар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Субсидияланатын минералдық тыңайтқаштардың көлемі,

мың тонна

231,2

255,8

269,2

303,0

334,5

360,6

386,6

412,7

Өндірістік жылыжайларда бағасы қымбат, тез еритін, кешенді тыңайтқыштар қоданылады. Сондықтан минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау, шаруалардың сол тыңайтқыштарды сатып алуға кеткен шығындарын едәуір азайтуға және өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттің бұл көмегі халықты маусымаралық көкөніс жетіспеушілігінен құтқарып жыл бойы балғын, жоғары сапалы, экологиялық таза және бағасы тиімді болатын жергілікті өндірушілердің жемістерімен қамтамасыз етеді. Жылыжайдағы өнім өндірісінің рентабельділігі жоғары болғандықтан, шаруалар өте тиімді пайда көзіне ие болады. Қиярдың биологиялық ерекшелігі бұл көкөніс дақылын түрлі қорғалған топырақ жағдайларында (өндірістік жылыжайлар, шаруашылық жылыжайлар, парниктер, уақытша пленкалы жамылғылар) жыл бойы үздіксіз өсіруге мүмкіндік береді. Сол себептен, озық технологиялар мен жылыжай қиярының көптеген сорттарын сынап ішінен перспективалы сорттарын өндіріске енгізу арқылы ауылшаруашылығының осы саласын дамытуға болады.

Қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттері ішінде Қырғызстан мен Тәжікстанда ғана су жеткілікті болса, қалған республикалар оның тапшылығын сезінуде, жан басына шаққанда сумен қамтамасыз етілуі бойынша Қазақстан ТМД бойынша ең соңғы орында. Қазақстан пайдаланылатын жер бетіндегі сулардың жылдық көлемі 100,5 текше км. құраса, оның жартысына жуығы көршілес мемлекеттерден келеді [15].

Қазақстан су ресурстары шектеулі мемлекеттердің қатарына жатады. Қазақстанның көпшілік территориясы шөлді және жартылай шөлейтті құрғақшылық аудандар, ол жерлерді шаруашылықты жүргізу үшін ғана емес, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету күрделі мәселе болып тұр.

Жылдық жерасты және жерүсті су қорлары аймақта 20%-дан (Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан) 80-90%-ға дейін ауытқиды. Халық санының өсуін есепке ала отырып су ресурстарының тапшылығы: таяудағы 10 жылда 20%-ға үлғаюы мүмкін [15,17-18].

2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық дамуы Стратегиясында басқа ресурстармен қатар мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін - халық денсаулығына әсер ететін стратегиялық маңызға ие су ресурстарының тиімділігін арттыру міндеті қойылған.

Елімізге келетін су ресурстарының жартысына жуығы көршілес Қытай, Ресей мен Қырғызстанда орналасқан, ол елдерде экономикалық белсенділіктің артуы салдарына еліміздің территориясына ағып келетін су мөлшері жылдан-жылға азаюда. Бұл мемлекетералық сипаттағы мәселе, сондықтан осындай жағдайда еуропалық мемлекеттердің су ресурстарын пайдалану бойынша тәжірибелерін қарастыру керек [18].

Суармалы жерлерді пайдалану кезінде жергілікті табиғи (ландшафттық) жағдайларды ескермеу, аймақты шөлейттенуге соқтыратын белгілі бір фактор болып отыр.

Соңғы жылдары нарықтың қатынастарға өтудегі экологиялық және экономикалық қиыншылықтар қатарына су ресурстарының тапшылығының өсуімен қатар топырақтың қайтара тұздануы, су сапасы мен гидромелиоративтік жүйелердің техникалық күйлерінің нашарлауы, т.б. жатады. Нәтижесінде ХХ- ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап көкөністер мен астық дақылдарының, жеміс, жидек және мақтаның өнімділігі төмендей бастады. Суармалы жерлерден жиналатын өнімнің алынбай қалуы жалпы алғанда Өзбекстанда - 30%, Түркменстанда - 40%, Тәжікстанда - 18%, Қазақстанда - 30%, Қырғызстанда - 20% шамасында [17].

Соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттерінде қуаңшылық жиі орын алуда және таяу болашақта жаһандық жылынумен байланысты бұл қалыпты жағдайға айналуы мүмкін.

Су ресурстарын тиімді пайдалануды түрлі бағалаулар бойынша Орталық Азия аймағы өзін-өзі су ресурстарымен 2015-2025 жылдарға дейін ғана қамтамасыз ете алады. Бұл болашақта аймақтағы суармалы жерлерді қысқартуға алып келеді [18].

Әлемде БҰҰ бағалауы бойынша 2025 жылы судың қазіргі бар көлемінен 22%-ға артық су қажет болады, бұл сусыз жүрмейтін өндіріс салаларының азаюына алып келеді.

Су ресурстарының сарқылуының негізгі көздері:

  • қоршаған ортаның ластануы;

  • суды тиімсіз пайдалану;

  • су ресурстары жеткіліксіз елдердегі тиімділігі төмен мелиорация және халық санының өсуі.

Су пайдаланудағы ескі технологиялар мен оларды пайдалану масштабтары судың ластануын ұлғайтады және ауыз суға, тұрмыстық, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпке пайдалануға жарамды су ресурстары көлемін азайтады. Бұл халық санының қарқынды өсуі кезінде одан да ары ушыға түседі [15-19].

Қазақстан - Еуразия құрлығының орталығында орналасқан ішкі континентальды мемлекет, оның күрт континентальді климаты, құрғақшылық пен судың тапшылығы табиғи экожүйелерінің антропогендік әрекеттерге жоғарғы сезімталдылығына жағдай жасайды.

Осылайша, Қазақстанда жерлердің ары қарайғы деградацияға ұшырамауының алдын алу мен қайта қалпына келтірудің, еліміздің табиғи ресурстарын, оның ішінде жер және су ресурстарын ары қарай тиімді пайдаланудың превентивті шараларын қабылдаудың аса қажеттілігі орын алуда [18].

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының егістік ауданы 35 млн га құраса, бұл көрсеткіш 20 млн га шамасына дейін кеміп, жартысынан көп суармалы жерлер айналыстан шығып қалған[18].

Сонымен әдебиеттерге шолу елімізде суды үнемді пайдалана отырып суармалы жерлердегі көкөніс дақылдарының ауданын, олардан алынатын өнім көлемін арттыру, топырақтың су эрозиясының алдын алу, топырақты жақсарту бойынша күрделенген мәселелердің жинақталып қалғандығын, және осы мақсаттағы кешенді өндірістік ұсыныстар мен жаңа заманауи агротехнологиялардың жеткіліксіз екендігін көрсетті.