Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айдана отчет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.81 Mб
Скачать

Білім және ғылым министрлігі

  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География және табиғатты пайдалану факультеті

5В050731-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы

ОҚУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША

Күнделік

СТУДЕНТ: Калмаганбетова А.Е.

КУРС: 2- курс

КАФЕДРА: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО

практикаға іс-сапар қағазы болып табылады,

есепке міндетті қосымша

Алматы 2017

ПРАКТИКАДА ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖАЙЛЫ

Айы, күні

Атқарылған жұмыстың қысқаша мазмұны

1

29.05.2017

Практикамыздың алғашқы күнінде бізге Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар Департаментінің міндеттерімен,қызметтерімен, құрылымымен танысу жүргізілді. Департаменттің бөлімшелерімен, яғни: кадр бөлімімен, төтенше жағдайларды жою және алдын алу бөлімімен, баспасөз қызметі бөлімімен, ақпараттық талдау жұмыстары бөлімімен таныстық. Таныстыру барысында Төтенше жағдай Департаменті туралы толық мағлұмат алдық.

2

30.05.2017

Екінші күні тобымызды Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне бөлді. Мен Азаматтық қорғаныс басқармасына бардым. Бұл жерде бізді ең алдымен АҚБ қызметтерімен, міндеттерімен таныстырды. Азаматтық қорғаныс Басқармасы төтенше жағдай кезінде халықты құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және іс-шараларын айқындау, төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдай кезінде халыққа алғашқы көмек көрсету сияқты т.б. жұмыстарды қамтиды.

3

31.05.2017

Практикамыздың 3-ші күні Азаматтық қорғаныс басқармасына бөлді, бұл бөлімше Алматы қаласы тұрғындарын, мектеп басшыларын, әкімдерді, мемлекеттік қызметіндегі жұмыскерлерді төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау, алғашқы көмек көрсету, қорғаныс құралдарын пайдалану, эвакуация жұмыстарын жүргізуді сияқты т.б. оқытады. Азаматтық қорғаныс басқармасының арнайы Тіршілік қауіпсіздігі бойынша арнайы сабағына қатыстық.

4

01.06.2017

Практикамыздың төртінші күні Азаматтық қорғаныс Басқармасының арнайы өткізілген Тірішілік қауіпсіздігі сабағынан алған білімімізді практикалық негізде байқап көрдік. Бұл кезде табиғи және теxногендік төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсетумен, жеке және қорғаныс құралдарымен таныстық.

5

02.06.2017

Практикамыздың бесінші күні Азаматтық қорғаныс басқармасына келіп түскен xаттармен, баяндамалармен, xаттамалармен және жинақтау жоспарларымен таныстық. Осы құжаттармен таныса отырып, оқыту жұмыстары қалай жүзеге асырылатынын, құжат түрінде жұмыстарын қарап үйрендік.

6

05.06.2017

Практикамыздың алтыншы күні Азаматтық қорғаныс басқармасындағы құжаттармен танысып, олардың жазылу ережелерін, кіріс-шығыс xаттарымен және басқа да құжаттармен жұмыс жасауды үйрендік. Осы құжаттарды жасау барысында оларды жылдарымен, күндерімен бөліп реттедік. Яғни, біз құжаттармен жұмвс жасадық, олардың дұрыстығын тексеріп, құжаттарды тігумен айналыстық.

7

06.06.2017

Практикамыздың жетінші күні біз мұрағатқа тиісті құжаттарды жазуды, электронды құжаттарды рәсімдеуді, оларды тиісті орындарғажіберуді , компьютермен жұмыс жасауды үйрендік. Сонымен қатар, мұрағатқа жіберілетін құжаттардың тізімін жасадық. Яғни, ол құжаттардың келген күндеріне сәйкес жүргізілді. Жылы, айы, күні бойынша тізімін жасап, тапсыру керек құжаттарды номенклатура бойынша құжат тігілетін мұқабаға тігу жұмыстарын орындадық.

8

07.06.2017

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕ СТУДЕНТ ЖИНАҒАН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен 2004 жылы 28 қазанда бекітілген.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы қаулысы. 2003 жылы 10 қарашада бекітілген.

  1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ЕРЕЖЕ. 2014 жылы 15 қарашада ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасымен бекітілген.

  1. «Өрт қауіпсіздігі ережелері» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысымен бекiтiлген.

  1. Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы ереже Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 қарашадағы N 850 бұйрығы.

ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]