Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗФ отчет (2).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
590.93 Кб
Скачать

Экологияға афз-ның әсері

Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады.

Ақтөбе қаласындағы сол атмосфераны ластаушы көздердің бірі болып «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамы табылады. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен, қоршаған ортаға зиянды газдармен және де зауыттың қалдықтарымен ластайды.

Қазіргі таңда Еңбекті қорғау секілді экология бойынша айлық өткізіп, оның аясында цехтар мен бөлімшелерде табиғатты қорғау жөнінде шаралар өтілуде, мәселен «Экология менен басталады» деп аталатын зауыт қызметкерлерінің балалары арасында барлығы жақсы көретін байқау ұйымдастырылды. Жартыжылдықтың кең көлемді шараларының бірі – Илек өзенінде  мыңнан астам тұқы құртшабағын өсіруде. Бұл үшін АФЗ-ы екінші жыл қатарынан «Ардағым» шаруа қожалығы тоғандарында өсірілетін балықтарды сатып алды.

Ағаш отырғызу бойынша да биыл көп жұмыс жасалды. Биосантүрлілікті сақтау жөніндегі шараларға сәйкес 210 көшет отырғызылды. Ақтөбе қаласында өткен науқан аясында АФЗ-ның жұмысшылары жалпы алғанда 220 көшет екті. Былтырғы жылы бірінші рет Жастар кеңесі Ақтөбе ферроқорытпалар зауытының еңбек сіңірген зейнеткерлерінің аулаларында жеміс-жидек ағаштарын отырғызды. Осылайша АФЗ-ы экологияға септігін тигізуге ат салысып жүр.

Қорытынды

Қазақстанның қара металлургиясының тұңғышы - Ақтөбе ферроқорытпа зауыты республика экономикасының дамуына үлесі зор. Қазіргі таңда «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту жөніндегі стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Арада жыл өткенде ақтөбеліктер Қазақстанның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кіретін ірі жобаның — жаңа зауыттың игілігін анық сезінетін болады. Өйткені ол — мыңдаған жаңа жұмыс орны деген сөз

Ақтөбеде жастарға арналған еңбек апталығы басталып, шара аясында студенттер мен оқушылар қаладағы зауыттарды аралап, өндіріс барысымен танысты. Ақтөбеде ферроқорытпа зауытына барған жастар №4 цехтың жұмысын көрді. 3жыл бұрын ашылған цехтың қуаттылығы 440 мың тонна феррохром өндіруге жетеді.Заманауи қондырғылар автоматты түрде басқарылады. Баламасы жоқ цехта ұсақ рудалардың өзі электр қуатының күшімен балқытылады. Зауытта 3 мыңға жуық адам еңбек етсе, олардың жартысынан астамы жастар. Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өнімдері әлемдік нарықта маңызды рөлге ие.

Бұл дегеніміз зауыттың елімізді гүлденділуге апарар тікелей жол. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының болашағы зор!