Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗФ отчет (2).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
590.93 Кб
Скачать

Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының саясаты

Миссия – Кәсіпорынның тұрақты жағдайы мен тиімділігінің негізі ретінде тұтынушыларды қажетті сападағы өніммен қамтамасыз ету.

Ұмтылыс – сапалы ферроқорытпалар өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.

Осы саясат ISO 900, ISO 14001, OHSAS 18001 стандарттарының талаптарына сай келетін, Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының менеджменті жүйесінің қолданылуы мен жетілдірілуіне арналған негіз болып табылады және зауыттың ферроқорытпа мен ильменитті концентрат өндіру бойынша қызметіне тартылады.

«Казхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының өз жұмысшылары, әріптестері, қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігі бизнес жүргізу ұстанымдарын анықтайтын осы саясатта көрініс тапқан: қажетті сападағы өнімді жеткізу бойынша міндеттемелерін уақытылы және нақты орындау, қызметкерлердің әлеуеті мен дамуын ашуға арналған жағдайлар туғызу, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиянды ықпалды азайту.

Зауыт гүлденуін кіммен және кім үшін жасап жатқанымен байланыстырады – сәтті де пайдалы жұмыстары қызметкерлердің, тұтынушылардың, жеткізушілердің, қоғамның және басқа мүдделі тараптардың гүлденуімен тығыз байланысты. Өнімнің сапасын зауыттың пайдалы жұмысы мен әлеуметтік – экономикалық дамуының негізі ретінде қарастырады.

Зауыт өзінің өндірістік қызметіне қатысушылардың өмірін сақтау мен денсаулығына деген жауапкершілігін сезінеді және қайғылы оқиғалар, апаттар, кәсіби аурулар санын азайту мүмкіндігіне сенеді.

Зауыт өз бизнесін өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі нормативті-құқықты актілерге сәйкес жүргізеді. Өндіріс қауіпсіздігін ұйымдастыру ішкі ұстанымға негізделген, зауытың әр қызметкері қызметінің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Зауыт бәсекелестік артықшылықтың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылған менеджмент жүйесін ұдайы жетілдіруде.

Бұл ұстанымдарды жүзеге асыруға келесілер арқылы қол жеткізіледі:

- барлық қызмет пен қорларды басқаруда процестік ұстанымды пайдалану;

- қызметкер құрамының сапа, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білім деңгейін үнемі жетілдіру;

- еңбек және өнім, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология сапасына қойылатын талаптардың орындалуына әр қызметкердің жеке жауапкершілігін белгілеу және ынталандыру;

- барлық мүдделі тараптармен ашық әнгіме жүргізу: зауыттың өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы көрсеткіштері ашық және қолайлы;

- қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, мүлік пен қоршаған ортаға зиян келтірілу мүмкіндігін үнемі бағамдау мен қатерлерді азайту;

- тұтынушылардың ағымдағы және болашақтағы сұраныстарын үнемі талдау және есепке алу;

- өнім жасау мен оның сапасын тұрақты түрде ұстап тұру және еңбек

жағдайын жақсарту үшін өндірістік базаны үнемі жетілдіру, табиғи қорлардың үлестік тұтынылуын азайту, қалдықтарды залалсыздандыру мен пайдалану үшін өндірістік процестерді оңтайландыру;

- өндірістік қызметкердің барлық кезеңдерінде сапаны, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды міндетті түрде орындау.

Зауыт басшылығы осы саясатты жүзеге асыру жауапкершілігін өзіне жүктейді, баяндалған ұстанымдарды мүлтіксіз орындауды және менеджмент жүйесін үнемі жетілдіруді көздейді және Ақтөбе Ферроқорытпа зауытының барлық қызметкерлерін осыған үндейді.