Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прак.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.5 Екі өлшемді массивке арналған есептер

Турбо Паскаль  программалау тілі бір өлшемді массивтермен қатар екі  өлшемді  және көп өлшемді массивтерді  қолдануға мүмкіндік береді. Егер  массив атауында бір ғана индекс болса,онда ол массивті бір өлшемді деп айта -тынбыз. Ал егер  массивтің  индексі екеу болса, мұндай массивті екі өлшемді массив деп атаймыз және т.с.с. n индекс болса, n-өлшемді индекс дейді.Массив элементтері былай белгіленеді: A[i ], B[i, j], C[i, j, k] және т.с.с., мысалы,  В[i][j].Мұндағы A[i ] бір өлшемді массивтің i-ші элементі, B[i, j] – екі өлшемді  массивтің  i-жолы  мен j-бағанасының қиылысында орналасқан элементінің белгіленуді; ал  C[i, j, k] үш өлшемді массив, оны элементін кеңістікте орналасқан нүкте координаталары (i, j, k) деп қарауға болады.

Екі өлшемді массивті  Var бөлімінде сипаттаудың жалпы түрі:

 Var массив атауы  : array [ а1..аn, б1..бn]  of  элемент типі;

Мұнда айнымалылар бөлімінде  осы типке жататын  массивтер  көрсетіледі.

   Екі өлшемді  массивті Type  бөлімінде сипаттаудың  жалпы түрі:

Type   массив  типінің  атауы = array [ а1..аn, б1..бn]  of  элемент типі;

   Мұндағы ,а1..аn, б1..бn – екі өлшемді массивтің  көлемі.

а1 және аn – массив қатарының алғашқы және соңғы мәні;

б1 және бn – массив бағанының алғашқы және соңғы мәні.

  А [n ,m] – массивін сипаттау жолы:

 А  массиві:    і     1     2    3   ...  n

     j 1     2   3 ...  m

9 Тапсырма

12.12. mn өлшемді матрица берілген. Матрицаның элементтерін келесі тәртіппен шығару керек: тақ нөмірлі бағандарды – жоғарыдан төмен қарай, ал жұп нөмірлі бағандарды – төменнен жоғарыға қарай. Бағандарды шығару кезінде нөмірлену реті сақталсын, яғни 1,2,3,…

program Matrix12;

var

  a:array [1..10,1..10] of integer;

  M, N, i, j:Integer;

 begin

Write('N: ');

Readln(N);

Write('M: ');

Readln(M);

 

for  i:=1 to M do

  begin

   writeln(i,': ');

   for j:=1 to N do

    begin

     Write(j,' : ');

     Read(a[i,j]);

    end;

  end;

 

for i:=1 to M do

  begin

   for j:=1 to N do

    if j mod 2 <> 0 then Write(' : ',a[i,j])

    else Write(' : ',a[M-i+1,j]);

   writeln(' : ');

  end;

end.

10 Тапсырма

12.33 mn өлшемді матрица берілген. Матрицадағы оның арифметикалық орта мәніне ең жақын элементтің индекстерін анықтау керек

program Matrix33;

var

a:array [1..10,1..10] of integer;

column, Num, M, N, i, j, RezN,RezM:Integer;

begin

Write('N: ');

Readln(N);

Write('M: ');

Readln(M);

for i:=1 to M do

begin

writeln(i,': ');

for j:=1 to N do

begin

Write(j,' : ');

Read(a[i,j]);

end;

end;

column:=0;

for j:=1 to N do

begin

Num:=0;

for i:=1 to M do

if a[i,j]<>0 then Num:=Num+(a[i,j] div abs(a[i,j]));

if Num=0 then column:=j;

end;

Writeln(column);

end.

2.6 Жолдық қатарға арналған есептер

Программаларда кездесетін әр түрлі символдардан тұратын тізбектерді жолдық қатарлар деп атайды. Өрнектерде жолдық қатарлар апострофқа алынып жазылады.  Turbo Pascal-да жолдық қатарларға компьютердің жадынан 0 байттан 255 байтқа дейін орын беріледі (жолдық қатар ұзындығына – 255 символ, ұзындықтың мәніне –1 символ).  Жолдық қатарлардан тұратын идентификаторлар String типі арқылы сипатталады. Идентификатордың типінен кейін тік жақшаның ішінде осы идентификатордың ұзындығының мәні неше символдан тұруы мүмкін екені көрсетіліп кетеді. Егер бұл мән көрсетілмесе, онда жолдық қатар ұзындығына компьютердің жадынан 255 символға дейін орын беріледі.  Жолдық қатарлы идентификаторды типтер бөлімінде (TYPE) немесе бірден айнымалылар бөлімінде (VAR) сипаттауға болады. Сонымен қатар программалауда жолдық қатарлар тұрақты шамалар ретінде де қолданылады (таңдау селекторытұрақтысынан басқа).  Жолдық қатарлардың сипатталу мысалдары:  PROGRAM Katarlar;  CONST S=’Қайсар’; {S тұрақтысы Қайсар тіркесіне тең }  TYPE Gumn=String [10];  VAR X: String [17]; {Х айнымалысының ұзындығы 17 символға дейін}  A: String [6]; {Aайнымалысының ұзындығы 6 символға дейін}  B: String айнымалысының ұзындығы 10 символға дейін}