Бекітемін
Педагогика және психология кафедрасының
меңгерушісі ________ А.С.Мустояпова
«__» __________ 2016
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінен 5В010000-«Білім» тобындағы мамандықтардың студенттеріне арналған тест тапсырмалары
Тәрбие үдерісі:
Ата-аналар, мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасын реттейтін процесс
Оқытушы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнату
Сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі
Ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үрдісі
Ата-ананың мінез құлқындағы ауытқушылықты тәрбиелейтін процесс
Оқытушының мақсатқа жетудегі іс-әрекеттер мен дағдылар жиыны
Баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне әсер ететін талап формалары
Кеңес, өтініш, сенім, қолдау
Қабылдау
Түсіндіру
Сыйластық, тәжірибе
Ойын, оқу, қызмет
Білім беру
Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:
Оқушылардың қажеттіліктері
Мемлекеттік саясат
Ата-аналар
Педагогтар
Педагогикалық үдерістің мүмкіндіктері
Тәрбие әдістері
Мектептегі негізгі тәрбие жұмыстарының негізгі қызметі жүктеледі
Мектеп директорының орынбасарына
Мектеп директорына
Пән мұғаліміне
Ата аналар комитетіне
Сынып старостасына
Әр оқушыға
Сыныптағы тұлға аралық қарым қатынасты зерттеу әдістері
Жазалау
Мектеп құжаттарын тексеру
Социометрия
Статистикалық әдіс
Педагогикалық эксперимент
Тестілеу
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбие бағыттары:
Ұлттық ойындар
Патриоттық тәрбие
Үйірмелік жұмыс
Жас натуралистер мен техниктер станциясының жұмысы
Инабаттылыққа үйрету
Тақырыптық кештер
Тәрбие ісінің мақсаты мен жоспарлаудың негізгі көздері
Тұлғада қалыптасуы қажет сапаларға анықтама
Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасына тәуелді
Іс-әрекетке араласуды жеңілдетуді
Мәдени тынығу шараларын жоспарлау, ұсыну
Оқу жоспарын жүзеге асыру
Тәрбие үдерісінде қолданылатын формалар
Жеке тұлғаны отбасында тәрбиелеудегі адамгершілік-имандылық, азаматтық моральдық құндылықтар:
Өзін-өзі тану еркіндігі, өз еркіндігі
Жағымпаздық пен алауыздық
Салғырттық, немқұрайлылық
Өсек, өтірік, мақтаншақтық
Әділдік пен ар-намыс
Еріншектік, жалқаулық
Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал етуді көрсететін категория:
Қозғау мен түйсік
Тәрбие формасы
Әлеуметтендіру заңдылықтары
Әлеуметтік тәрбие ықпалы
Тәрбие тәсілі
Дамуға басшылық жасау
Жарыс:
Басқару әдісі
Көзделген нәтижеге жету мақсаты
Бала мүмкіндігін ашу
Тәрбиешімен бірге кез келген тапсырманы орындау
Кез келген жолмен бірінші болу
Балалардың арасында бәсекелестік орнату
«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы:
Тәні саудың, жаны сау − салауат клубы
Достық бағыты
Бейнелер сыры бағыты
Алыстағы бауырлар бағыты
Бабалар өсиеті бағыты
Заманай бағыты
Шығармашылық іс-әрекеттер бағытына қарай бөлінеді:
Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс
Музыка − өнер мектептері
Балалардың сурет галереялары
Бастаған істі аяғына дейін жеткізуі
Сыныптың қоғамдық өміріне араласуы
Сенбіліктер
Тәрбиенің жалпы мақсаты:
Белсенді тұлға тәрбиелеу
Уақытқа қарай бейімделу
Еңбекші адамды тәрбиелеу
Жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
Баланы бастапқы біліммен қаруландыру
Адамгершілікке тәрбиелеу
Диспут:
Пікірталас
Лекция
Спорттық ойын
Әңгіме
Тәжірибелік жұмыс
Түсіндіру
Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастырушысының басты міндеттерінің бірі:
Тәртіпке шақыру
Бағалау
Тапсырмаларды тексеру
Жобалаушылық
Қорытынды жасау
Талап қоя білу
Оқушылардың дүниетанымына әсер ететін факторлар:
Адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары
Әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары
Адамның өмірге ұмтылушылығы
Әртүрлі көзқарастардың болуы
Адамның жеке көзқарастары
Адамның өмірге талаптанушылығы
Саяси хабарлама:
Бір аптадағы әлемдегі жағдайларға қысқаша сипаттама
Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын хабарлар
ҚР халық шаруашылығы туралы
Саясаткерлер туралы
Өміріміздегі күнделікті спорт және дене шынықтыру туралы
Облыс көлеміндегі мәдени шаралар туралы
Мектептен тыс мекемелердің жұмыстары төмендегі бағыттарда ұйымдастырылады:
Қоғам талабына сай жұмыстар
Жеке жұмыстар
Ұйымдастыру-көпшілік жұмыстар
Оқушы мүмкіншілігіне сай жұмыстар
Ата-ана талабына сай жұмыстар
Үй тапсырмаларын орындату бойынша жұмыстар
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері:
Үйрету
Пікірталас
Жаза
Жаттығу
Жарыс
Тапсырма беру
Мектептен тыс мекемелер:
Балалардың шығармашылық үйі
Мектеп жанындағы үйлер
Қонақ үйлер, жатақханалар
Оқушылардың өз үйлері
Туристік саяхат жасайтын шетел
Мектептегі би үйірмесі
«Экологиялық тәрбие» ұғымы:
Қазақстанда экологиялық білім берудің жаңа жүйелерін жасау
Не себепті олай етуге болмайтындығын түсіндіру
Білім беретін ұстаздарға қамқорлық жасау
Білім беру жүйелерін қаржыландыру
Экологиялық білім беру
Әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасау
Сынып жетекшінің шеберлігі:
Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық білімі мен қабілеттерінің болуы
Оқушының тек қана адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруы
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын өз мүддесіне бағындыра білуі
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымының өмірін, белсенділігін нығайтуы
Сынып жетекшісі оқушыларды саяхаттық істерге жан-жақты тәрбиелеуі
Тәрбие процесіндегі әрекеттерде оқушыларды таңдандаруы
Тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария ету әдісі:
Мадақтау әдісі
Сендіру әдісі
Жазалау әдісі
Жаттықтыру әдісі
Талап қою әдісі
Әңгіме әдісі
Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың маңызды жақтары:
Міндеттеу арқылы іс-әрекетті орындату
Ата аналардың шығармашылық қызығушылықтарын ояту
Бала бойындағы өзіне деген сенімін қалыптастыру
Оқушылардың өзара көмек ұйымдастыруы
Оқушылардың педагогикалық білімдерін қалыптастыру
Оқушылардың математикалық ойлауын қалыптастыру
Тәрбиелік шаралар:
Олимпиада өткізу
Білімдерін тексеру
Оқырмандар конференциясы
Оқушыларды тестілеу
Сауалнама алу
Қызықты әңгімелер өткізу
Зерттеу жүргізу
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері:
Сыныптан тыс жұмысты тек қана сынып мұғалімі ұйымдастырады
Сыныптан тыс жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетіледі
Зерттеу жұмыстарының жүретіндігі
Міндетті оқу бағдарламасымен байланысты емес
Еріктілік негізінде ұйымдастырылады
Тақырыптары пән бойынша оқу бағдарламасында көрсетіледі
Барлық оқушылар міндетті түрде қатысады
Тәрбие заңдылықтарының негізгі қозғаушы күші
Тәрбие процесінің қарама қайшылықтары
Педагогикалық процестің мүмкіндіктері
Педагогтың талап қоюы
Объект пен субъект
Педагогтың тәрбие мімдеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдай білуі
Тәрбие мақсаты мен міндеттері
Қарама-қайшылықтар
Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері
Оқушының ойлауын, қиялын дамыту
Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау
Шапшаңдық, ептілік, батылдық қасиеттерін қалыптастыру
Ұжымдық шығармашылық жұмыстар өткізу
Ұлттық мәдени дәрежесін көтеру
Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру
Еңбекті өз бетімен, шығармашылықпен істеуге үйрету
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері
Отбасы мүшелерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру
Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету
Ауылдық тәрбие қызметі
Аймақтық қызметі
Жанама қызметі
Тереңдете білім беру
Педагогикалық қызметті ұйымдастыру
Отбасы тәрбиесі, экологиялық тәрбие, еңбек тәрбиесі, имандылық тәрбиесі
Жазалау
Тәрбие жұмыстарының бағыттары
Институционалдық белгі
Ынталандыру
Кешенді тәрбие жұмысы
Тәрбие формалары
Тәрбие әдістері
Мектептен тыс мекемелер арқылы мына міндеттер жүзеге асырылады
Адамгершілік қасиеттерін дамыту
Оқушыларды күнделікті бақылау
Қызықты есептер, тапсырмалар, жобалар құру
Жеке және ұжымдық шығармашылық дамыту
Сынып жетекшілері семинарларына қатысу
Оқушылардың жеке іс қағаздарын толтыру
Ата-аналармен жұмыс
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері
Оқушылардың белсенділік өмірлік ұстанымын қалыптастыру
Кәсіби бағдар беру
Қарым-қатынастарын қалыптастыру
Еңбекке баулу
Сөз бен істің бірлігін адамгершілік талаптарынан ауытқымауына бағыт беру
Табиғатты аялауға тәрбиелеу
Эстетикалық талғам қалыптастыру
Тәрбиенің заңдылықтары:
Тәрбиенің мақсаттылығы
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы
Мадақтау, жазалау, жарыс
Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы
Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу
Жеке адамның санасын қалыптастыру
Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру
Сыныптың тәрбие жоспарына қойылатын талаптар:
Нақтылығы
Қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі
Мекеме қызметкерлерінің құзіреттілігіне сәйкестігі
Шаралардың орындалу мерзіміне тәуелділігі
Ауқымының кең болуы
Нәтижесінің айқындығы
Ата-аналардың міндетті түрде қатысуы
Оқушылардың сыныптық ұжымы
Мектептен тыс мекемелердегі шығармашылық ұжым
Шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру тобы
Қызығушылықтары сәйкес келетін әр жастағы балалар тобы
Бір мектепте білім алатын әр жастағы балалар тобы
Жас ерекшелігіне қарай бір бағдарламамен оқуға біріккен балалар ұжымы
Білім, тәрбие мақсатына жету үшін құрылатын оқушылар ұжымы
Әр түрлі мақсатта біріккен балалар тобы
Педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары:
Педагогикалық үдерістің компоненттері, бір-біріне тәуелсіз дербес маңызы бірдей
Тұтас тәрбие үдерісіндегі мақсат-мазмұн, әдістер мен тәрбие формаларының бір-біріне тәуелділігі
Оқытудағы көрнекілік қағидасы
Педагогикалық үдерістің қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігімен негізделуі
Оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы
Педагогикалық үдерістің қызмет ету қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігімен байланысты емес
Педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері бірдей
Мектептен тыс мекемелердің оқушылармен өткізілетін тәрбиелік шаралары
Ашық сабақтар
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Байқаулар өткізу
Сайыстар өткізу
Ата-аналар жиналысы
Сынып сағаттары
Педагогикалық консилиум
«Болашақ» оқушылар ұйымының сатылы бөлімдері:
«Балдырған»
«Мұрагер»
«Талапкер»
«Жасыл ел»
«Балдаурен»
«Балбұлақ»
«Балбөбек»
Тәрбие үдерісі нәтижелерінің нақты айқын болмау себептері
Девиантты тәртіпті жастармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру
Қарт адамдар арасында салауатты өмір салтын ұйымдасытру
Субьективті факторларға байланысты болу
Тәрбие үдерісіндегі кедергілер
Тәрбиеленеушілердің жеке ерекшеліктеріне байланысты
Тәрбие мен дамыту және оқыту үйлесімдігі
Денсаулықты қалыпқа келтіру
Адамгершілікке тәрбиелеудің формалары
Мамандық таңдау
Көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу
Қайырымдылық акциялары
Өнер мұражайына саяхат
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Сабақ
Үй жұмысы
Орта Азия ғұламасы Әл Фараби еңбек тәрбиесі тағылымдарының ең маңыздысы деп көрсетті:
А) Еңбекке ынталы болуға тәрбиелеуді
В) Ұлттық салт-дәстүрлерді жоюды
С) Әрбір жеке адамды еңбекке тәрбиелеуді D) Амалдарды жүзеге асыруды
E) Іс-әрекеттерді ұйымдастыруды F) Ақпарат көздерін анықтауға
Н) Баланы ойнауға үйретуді
Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері:
А) Мадақтау
В) Сендіру
С) Тапсырма беру D) Жазалау
E) Жаттығу F) Дәріс
G) Этикалық әңгіме
Сабақтан тыс әрекеттердің ұйымдастыру формасы:
А) Клубтағы қызықты кездесулер
В) Түрлі бағыттағы сайыстар
С) Шығармашылық кештер D) Ойға шабуыл
E) Дене шынықтыру − спорттық әрекет F) Интелектуалдық шоу
G) Қоғамдық пайдалы еңбек әрекеті
Сынып жетекшісінің басты міндеттері:
А) Үй тапсырмасын орындау
В) Түзетушілік
С) Ынталандырушылық
D) Оқушының гигиенасын қадағалау
E) Күн тәртібін сақтауын қадағалау
F) Оқушының үй тапсырмасын орындауын қадағалау
G) Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Сынып ұжымының тәрбие жұмысын жоспарлауда ескеріледі:
А) Оқушылардың жас ерекшелігі
В) Белсенді топ
С) Жоспарланатын істің жүйелілігі D) Жеке оқушылармен жұмыстар
E) Оқушылардың сабақ үлгерімі F) Отбасы мүмкіндіктері
G) Отбасылық тәрбие сипаты
