Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айдын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
469.12 Кб
Скачать

4 Экономикалық бөлім

4.1 Теміржол көлігінде жүрісті басқару

Теміржол көлігіндегі көрсеткіштер екіге бөлінеді:

 сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық станциялардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;

 сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық станцияларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі. [10]

Тасымалдау бөлімшесінде пойыздар жүрісін диспетчерлік аппарат шұғыл басқарады. Оны аға диспетчер (ДНЦС) басқарады, оның екі-үш орынбасары бар, соның ішінде локомотив пен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша орынбасары болады. Диспетчерлік ауысымды бөлімше бойынша кезекші басқарады (ДНЦО). Ауысым құрамына пойыз, торап және телімдік диспетчерлер енген. (ДНЦ) – бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлер саны бойынша (әдетте 5-7); локомотив диспетчерлері (ТНЦ) және энергодиспетчерлер (тек электрлік тартымы бар бөлімшелерде). Жүк тиеу, түсіру жұмысы ауқымды бөлімшелерде ауысым құрамына вагон таратушы диспетчерлері (ДНЦВ) кіреді.

Бөлімшесіз жұмысқа ауысуға байланысты бөлімшелердің диспетчерлік персоналы жолдың тасымалдау департаментінің шұғыл реттеу бөліміне қарайды және жолдың бірыңғай диспетчерлік орталығында шоғырлануы мүмкін.

Аға диспетчер диспетчерлік сектордың жұмысын орынбасарымен бірге жалпы басқарады және бөлімшенің пайдалану жұмысының тәуліктік жоспарлауын қамтамасыз етеді.

Бөлімше кезекшісі бөлімшенің пайдалану жұмысының ауысымдық жоспарлауын жүзеге асырады. Осы мақсатта ол диспетчерлік шеңберлердің жұмысын қадағалайды, пойыздарды құрастыратын станцияның жұмысын және жергілікті жұмысты жоспарлайды. Жоғары деңгейде тұрған басшылардың нұсқаулары тек бөлімше кезекшісі арқылы беріледі.

Торап диспетчерлері ірі тораптарда пойыздар жүрісін шұғыл басқарады. Олардың жұмысы пойыз диспетчерінің жұмысымен бірдей, бірақ айтарлықтай ерекшеліктері бар.

Телімдік пойыз диспетчері пойыздардың телімдерде жүрісін басқарады. Диспетчерлік нұсқаулар ауызша немесе белгілі жағдайда диспетчерлік бұйрық түрінде беріледі және арнайы журналда бекітіледі. Диспетчерді пойыз жүрісіне қатыссыз жұмыстармен жүктеуге болмайды.

Пойыз диспетчері мен станция кезекшілерінің өзара байланысы үшін арнайы селекторлы телефон байланысы бар. Бұл байланыс желіге қосылған кез келген бекетті бөлек, немесе бірнеше бекетті бір уақытта және барлық бекеттерді шақыртуға мүмкіндік береді. Бір бекетті шақырту үшін диспетчер бір түймені басуы керек. Сөйлесулер түймелі пульт, микрофон көмегімен жүргізіледі.

Пойыз диспетчері мен жүрістегі пойыздар машинистерімен байланысу үшін радиобайланысты қолданады.

Жолда тасымалдау үрдісін шұғыл басқару міндеті шұғыл басқару бөліміне жүктелген. Оның жұмысын щұғыл жұмыс бойынша департамент басшысының орынбасары жүзеге асырады. Бөлім құрамына шұғыл басқару бөлімінің басшысы, бөлім басшысының орынбасарлары, аға көмекшілер, кезекші көмекшілер және жол диспетчерлері мен жол локомотив 90 диспетчерлері, сонымен қатар тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша аға инженер, бөлімнің аға технигі енеді.

Станцияның, бөлімшенің және жалпы жолдың пайдалану жұмысын шұғыл басқарумен тасымалдау қызметі айналысады және бұл қызмет жол басқармасы бекіткен шұғыл жоспар көрсеткіштерінің орындалуына жауапты.

Тәуліктік және ауысымдық жоспардың орындалуы бойынша:

 станция басшысының алдында – станция (маневр) диспетчері есеп береді;

 тасымалдау бөлімше басшысының алдында – станция басшысы, пойыз диспетчері, бөлімше кезекшісі есеп береді;

 тасымалдау бөлімшесі және қызмет басшыларының алдында – тасымалдау бөлімшелерінің басшылары есеп береді;

 тасымалдау бөлімшесі басшысының алдында – шұғыл-басқару бөлімше басшысының ауысымдық орынбасары және кезекші аға көмекшілер есеп береді.

Теміржолдың пойыз және жүк жұмысын шұғыл жоспарлау, тасымалдау үрдісін ұйымдастыру жүйесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады және жүк түсіру мен тиеудің айлық мөлшерлерінің, пойыздар мен вагондарды жолдар мен тасымалдау бөлімшелерінің арасында беру мөлшерлерінің, бос вагондарды тапсыру бойынша реттеу тапсырмаларының, жылжымалы құрамды қолданудың техникалық мөлшерлерінің орындалуы мен шамадан тыс орындалуын қамтамасыз ету керек. [11]

Шұғыл жоспарлаудың мақсаты болып:

 сұрыптау, телімдік және ірі жүк станцияларынан жөнелтілетін пойыз саны мен жөнелту уақытын анықтау;

 жолдың барлық телімдері бойынша жүру өлшемдерін және тасымалдау бөлімшелері мен жолдар арасында пойыздар мен вагондарды беру өлшемдерін анықтау;

 белгіленген жүріс өлшемдерін қамтамасыз ету үшін локомотив пен локомотив бригадаларының қажеттілігін анықтау;

 жүк түрі, жылжымалы құрам түрі бойынша және жалпы жүк тиеу көлемдерін анықтау;

 реттеу тапсырмалары бойынша тапсырылатын вагондар санын, оларды жөнелту мен жүргізу тәртібін анықтау;

 жергілікті жүкті және бос вагондарды тиеу үшін тарату тапсырмаларын анықтау;

 жылжымалы құрамды қолданудың көрсеткіштерін анықтау.

Қазіргі кезде бекетте құрамдарды қайта құрастыру процессі аз күшті сұрыптау дөңесінде орындалады. Оның тартым бөлігінің ұзындығы 360 метрді құрайды, дөңенстің сырғанау бөлігінде 35 % құрайтын қисаю бұрышы және қзындығы 23,7 метр болатын жылдам түсу бөлігі бар. Екінші сырғанау бөлігінің қисаю бұрышы 10,8 % және ұзындығы 250 метр. Бұл бөлікте қолайсыз жағдайда тежеуішті қолданбай сырғанату кезінде нашар жүргіншектерді төмендету жағдайын жояды және оларды тежеуішпен тоқтату кезінде орынмен қамтамасыз етеді. Екінші тежеуіш позициясынан кейінгі бағыттама ауданы бірінші төбешікте орташа қисаю 1,5-2%, екінші төбешікте -1,5% бірге орналасады.

Қолайлы жағдайдағы сырғанауда дөңестің сырғанату бөлігінің профилі салмағы 127 тонналық 6 осьті вагондардың жүру бағытын қамтамасыз етеді. Оның тоқтатқыштарға кіру жылдамдығы есептелген 5 км/сағаттан асып, 7 м/сек (25,2 км/сағ) құрайды.

Дөңестен түсетін вагондар вагон тоқтатқышымен жабдықталған ,,,, механикаландырылған және жылдамдықты реттеуіштті қолдана отырып бірге механикаландырылмаған тежеуіш позицияларында тоқтатылады.

Бірінші тежеуіш позициясы бірінші бөлу бағыттамасының алдында орналасады және ағытылған вагондардың жүру жылдамдығын аралықтан бақылап, олардың белгіленген жылдамдықтан асып, екінші тежеуіш позициясының тоқтатқыштарына өтіп кетпес үшін және арасында интервал жасау үшін арналған.

Екінші тежеуіш позициясы жолдардың бөлу бағыттамасының алдында орналасады және ағытпалардың арасында керекті интервалды алу, интервалды көздеу арқылы іске асырады және үшінші тежеуіш позициясына белгіленген жылдамдықта кіріуін қамтамасыз етеді. Сұрыптау паркінде вагондардың бір-біріне қосылу кезіндегі қажетті жылдамдықпен де қамтамасыз етеді.

Үшінші тежеуіш позициясы сұрыптау паркінің жолдарында орналасады және есептелген бес жолға 3-ші разрядты бір жылдамдықты реттеуші және ауысым бастығы болатын 4-ші разрядты бір жылдамдықты реттеушілер қызмет көрсетеді. Ол 5 км/сағаттан аспайтын жылдамдықта ағытпаларды қосумен қамтамасыз ету кезінде және аса сақтықты талап ететіп, жылдамдықты 3 км/сағаттан аспайтын бөлек категориялы вагондарды көздеп тоқтатуға арналған және вагондар арасында аз тәрезептер қалдыру арқылы сұрыптау паркін толықтыру.

Дөңестің екі тежеуіш позициясы қозғалмайтын ішкі тірек шинасы күш жүйесі орналасқан толық қосылған рамасы бар КВ-3 типті бүрге тәріздес тоқтатқыштармен жабдықталған. Біриықты және екіиықты рычагтар соңымен қосылған қаңқа мен раманы көтеру мен түсіру пневматилаық цилиндрлар арқылы іске асырылады. Рельстің үстіне 24 мм-лік биіктіте тұрған тірек шинасына вагон мінгенде шина төмен түседі, тежеуіш балкалары жақындайды, дөңгелекті 2,4 есе дөңгелекке түсетін күштен көп күшпен қысады. Салмақты тежелуді қамтамасыз ету вертикаль бойымен рельс басы мен тежелу дөңгелегінің айналу жерінің арасы 5 мм-ден кем болмауы керек.

КВ-3 типті пневматикалық тоқтатқыштар инерциялы және ол салыстырмалы түрде жай тоқтатады, жуықтап 0,7-1,0 сек ішінде. Инерцияның кері әсері вагондарды тоқтату уақытын дұрыс таңдау жолымен төмендеуі тиіс. КВ-3 типті салмақты тоқтатқыштарды 3 жағдайда болатын пернелер бар: біреуі тоқтатқыштың тоқтап тұру жағдайына сәйкес; екіншісі – тоқтатылған; үшіншісі – сөндірілген жағдайда. Тоқтатқыштардың пультта орналасуын бақылау екі түсті пернелер көмегімен іске асырылады. Қозғалып келе жатқан ағытпалар үшін керекті маршрутты орнату бағыттаманың электр тартымы көмегімен іске асырылады.

Механикаландрылған және автоматтандырылған дөңестегі компрессорлық бекет тоқтатқыштарды қысылған ауамен қамтамасыз ету және басқа пневматикалық бағыттамаларды құрылғылар үшін (автоматикалық және қолдық шлангамен бағыттамаларды тазарту, тоқтатқыштарды, пневмоқұралдарын, кіші пневмопошталарынүрлеу және т.б) арналған. Қысылған ауаны өндіретін компрессорлар бекеттің машиналық залында орнатылған, тарқату қорғаны құрылғыларымен және компрессорларды суытыға арналған насостар. Сыртында үлкен және кіші ауа жинағыш орналасқан. Компрессорлық бекеттің өнімі 80 м2/мин-ді құрайды, ауаның максималды қысымы 8 кг/см2. Пневматикалық жұмысының жоспары туралы әрқашан компрессорлық бекеттің машинистеріне хабарлап тұруы тиіс. жойылған тоқтатқыштың өзінде минималды ауа қысымы 6 кг/см2-тан кем емес болмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]