- •1 Станса және телімдер жұмыстарын басқару технологиясы
- •1.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
- •1.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру
- •1.1. Сурет .Құрамды таратуға дайындау кезінде техникалық қарау оталары
- •1.2 Сурет - Құрамның құрастыруға және жөнелтілуге дайындауға кететін технологиялық графигі
- •1.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі
- •1.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау
- •1.5 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат
- •1.6 Стансаның техникалық тексеру бекетінің жұмысын ұйымдастыру
- •2 Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік
- •2.1 Пойыздардың түрлері
- •2.2 Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар
- •2.3 Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы.
- •3 Техникалық бөлім
- •3.1 Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру
- •3.2 Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер
- •3.3 Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1 Теміржол көлігінде жүрісті басқару
- •4.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу
- •5 Қоршаған орта және еңбекті қорғау
- •5.1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі
- •5.2 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды саралау
- •5.3 Тeмiр жoл көлiгiндeгi қayiпсiздiк тәртiбi
- •5.4 Стaнсaлық жoлдaрдaғы тeхникa қayiпсiздiгi
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе 4
1 Станса және телімдер жұмыстарын басқару технологиясы 7
1.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы 7
1.2 Темiржол және көлiк тораптарының жұмысын ұйымдастыру 8
1.3 Вагондарды поезд құрамына жинақтау үрдісі 12
1.4 Пайдалану жұмысын басқару және станция жұмысын шұғыл жоспарлау 15
1.5 Поездардың жақындағандығы туралы ақпарат 17
1.6 Стансаның техникалық тексеру бекетінің жұмысын ұйымдастыру 17
2 Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік 21
2.1 Пойыздардың түрлері 21
2.2 Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар 24
2.3 Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы. 28
3 Техникалық бөлім 31
3.1 Айлалық операцияларды шама-шарттау. Айлалық жұмыстарды ұйымдастыру 31
3.2 Пойыздардың қозғалыс керегенін құрастыруға арналған есептік мәліметтер 34
3.3 Теміржол желісінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі. Өткізгіштік және тасымалдау қабілеттіліктері туралы ұғым 36
4 Экономикалық бөлім 45
4.1 Теміржол көлігінде жүрісті басқару 45
4.2 Тиелген ресурстарды жоғары өзіндік критерийі бойынша бөлу 49
5 Қоршаған орта және еңбекті қорғау 54
5.1 Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі 54
5.2 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды саралау 57
5.3 Тeмiр жoл көлiгiндeгi қayiпсiздiк тәртiбi 61
5.4 Стaнсaлық жoлдaрдaғы тeхникa қayiпсiздiгi 68
Қорытынды 72
Пайдаланылған әдебиеттер 75
Кіріспе
Теміржол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемлекетке деген маңызы зор. Халықаралық байланыстың дамуына және халықтық мәдениеттің жоғарылауына, халықтың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етеді. Теміржол әртүрлі инженерлік құрылғылармен, техникалық құралдармен жабдықталған, ең негізгісі теміржол жылжымалы құрамды локомотивті вагондар шаруашылығымен құрылыс және құрылғы сигналдар электр жабдықтарына байланысты станция тораптары.
Теміржол Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі көлік түрі болып табылады. Қазақстан жерінде тұңғыш теміржол магистралі 1894-1896 жылдары 25 қазанда Пакров Соловасы қаласы. Орал тар табанды теміржолы телімдерінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі қазақ даласын басып өтті. Арада 4 жыл өткеннен кейін Орал Астрахань тар табанды теміржолы іске қосылды, мұның 77мың км шақырымы қазіргі қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған транссібір магистралі дәлірек айтқанда, оның қазақстандық 190 шақырымының маңызы зор болды. 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінде 1600 шақырымдық аумағын алған, Орта Азиямен Ресейдің ортасын қосатын Орынбор Тәшкент тар табанды теміржолы салынды. 1914-1917 жылдары болашақ түріксібір бір бөлігі Жетісу бөлігінде Арыс-Ташкент телімі салынды. 1915 жыл Челенский Қостанай Қазақстан арқылы 166 км магистралы салынды. 1915-1917 жылдары салынған Алтай Семей 122 шақырымды Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқада, 1918 жылға дейін 117 шақырымы Екібастұз тар табанды теміржолы жұмыс істеп тұрды.
Кеңес заманында алғаш теміржол 1925 жылдары салынған Көкшетау телімі болды. Қазақстан түкпіріндегі аймақтардың дамуы үшін және астықты шаруаға қажеттілігіне байланысты 1926-1931жылдары Бурабай 10 демалыс орны және Ақмола станциясы арқылы Қаражалға дейінгі жалпы ұзындығы 700 шақырымды алатын жол телімі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпорынының дамуына, 1926 жылдан бастаған Гурьев Достар тар табанды теміржолы ықпал етті. 1927-1930 жылдары аралығында салынған жалпы ұзындығы 1440 км Түркістан Сібір (Түріксібір) магистралінің аяқталуына байланысты Республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлерді игеруге әсер етті.
Орталық Қазақстан дамуы үшін, 30 жылдары салынған Ақмола- Қарағанды- Балқаш 490 шақырымды, ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгер жол телімдерінің маңызы зор болды. Алтай тау - кен өндірісінің дамуы үшін 1930 жылдары салынған Зырянға дейінгі жол шешуші рөл атқарды. 1936-1939 жылдары Қазақстан орталық Ресеймен байланыстырған Сартовка шағын жол телімі. Орал және Есіл жол телімдері салынды. 1936- 1939 жылдары салынған Ембідегі мұнай кәсіпорнының ашылуымен байланысты жақындатқан Гурев Атырау Қанжалған магистралы өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғыс жылдары дәлелдеді.
1939-1943 жылдары салынған Ақмола Қаражал желісі Қарағандының көмірін батыс Оралға жеткізіп қамтамасыз еттіп маңызды нысан болып табылды. Сол жылдары Көксу-Текелі, және Атасу-Қаражал, телімдері іске қосылды. Қазақстанда шойын жолдың жалпы ұзындығы 10 мың шақырымға жетті. Ұлы Отан соғысы жылдары теміржол бойында, дала шаруашылығына және жылжымалы құрамды жөндеу және өндірістік база құрылды. 1950 жылдарға қарай салынған Мойынты-Шу (440км) жол телімдері салынғаннан кейін жылдың өзекті жаңалығы болды. Осылай транссібір магистралі Түркістан Сібір жобасына бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Шу, Мойынты теміржолдары қосылды.
1958 жылдары 1 шілдеде КСРО ең ірі теміржолының құрылысының ұзындығы 11мың шақырымнан асатын, ал 15 бөлімшенің құрылысы және 11 Қазақстанның, Орал Сібір Волга жағалауында Қырғызстан Азияны қосып барлық кеңестік маршруттық магистралін бекітті. 1960 жылдары шөлді өлкенің дамуына байланысты теміржол салынды.
Қазақстан Республикасы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері маршруттарының қамтамасыз етілуін, инфрақұрылымының жай-күйін, халықаралық тасымалдаулар дамуын талдау нәтижесінде, біріншіден, Қазақстандағы, сондай – ақ, шекаралас территориялардағы, тіпті магистралді бағыттағы инфрақұрылымының қазіргі талаптарға жауап бермейтінін аңғартты және транзиттік көлік дәліздері мен шекара маңындағы өткелдер көлемінде көліктік-логистикалық орталықтарды ұйымдастыру мен салу негізінде әрі қарай жетілдіруді қажет ететіндігін айқындады.
Оны қажетті бәсекелік күйге келтіру үшін инвестициялардың үлкен көлемі қажет. Тек ұлттық мүдде көзделетін әлемдік көліктік жүйеге ену үшін транзиттік жүк тасымалдарын басқаратын, көліктік-логистикалық орталықтарды құруды қамтитын, инвестициялық жобаларды кезектеп жүзеге асыратын инвестициялардың ішкі көздеріне ғана негізделу қажет.
2009 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық компанияның табыс мөлшері 500 миллиард теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық деген сөз. «Қазақ теміржолы» Ұлттық компаниясының бір жылдағы таза табысы 15 миллиард теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, компания экономикалық дағдарысты ескере отырып, әкімшілік және өзге де шығындарды қысқартудың нәтижесінде 28 миллиард теңгені үнемдеуге қол жеткізген.
Соңғы кезде компания жолаушылар тасымалы мен оның тиімділігіне айрықша мән беруде. Алдағы уақытта жүрдек поездардың санын арттырып, вагон тапшылығын жою қолға алынбақ. «Қазақстан теміржолы» 1,5 мың локомотив, 76 мың жүк және 1,7 мың жолаушылар вагонын алуды жоспарлап отыр. Ол үшін 4 триллион теңге жұмсау жоспаҚазіргі таңда сұрыптау станцияларының автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесін (АСУСС) барлық маңызды сұрыптау станция желілерінде қолданылады. Жүйе міндетті іске асатын тізімдерді қосады, оларға жатады:
- поездар мен вагондар туралы қолма-қол ақпаратты алу; - станциялық технологиялық орталықтарда оталарды автоматтандыру; - автоматтандырылған жүйенің соңғы жоспарлануын айналдыру (АСТП); - есепке алу мен есептілікті автоматтандыру.
АСУСС станцияның жедел басшыларына ыңғайлы түрде жұмысты жоспарлаумен шешімдерді қабылдау үшін қажет мәліметтерді береді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, техникалық құрылғылармен станция ресурстарының тәртіп бойынша пайдалануын анықтайды, станциялық оталардың кезегін дайындайды, айлалық жұмыстармен пойыздық локомотивтердің берілуін, бұның бәрі 6-7% вагондардын станцияда болуын азайтуға мүмкіндік береді. АСУССтан міндетті түрде пайдаланушыға немесе автоматтандырылған жүйесі жоғары дәрежедегі (АСОУПқа) түседі. Жүйе негізіне ақпараттық үлгі салынған ол қазіргідегі масштаб уақытында вагондардың сұрыптау станциясындағы орналасуымен оның жақын келуін көрсетеді. Үлгі әр вагонның керекті мәліметін, тасымалданатын жүгін және тасымалдау шартын көрсетеді. Кіру ақпараты АСУСС-а ИВЦ-н, сондай-ақ, терминал құрылғылары ақпаратымен келеді.
Дипломдық жобаның мақсаты: Темір жол бекетіне жалпы сипаттама беру арқылы, пайдалану жұмыстарын жетілдіру жобасын ұсыну.
Дипломдық жобаның міндеті: Пайдалану жұмысын жетілдіру мақсатында атқарылатын шараларға экономикалық сипаттама беру.
1 Станса және телімдер жұмыстарын басқару технологиясы
1.1 Темiржол стансаларының технологиялық және өндiрiстiк жұмысы
Тарам жолсыз бөлiм бекеттерi, сондай-ақ, айырықтар мен озба бекеттері желi арқылы әрбiр бағытта өтуге тиiстi пойыздар санын жөнелтiп отыруға арналған.
Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыстыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамыған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм бекетi темiржол станциясы деп аталады.
Станциялар дегенiмiз – темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.
Арналуы мен жұмыс сипатына қарай станциялар аралық (оның iшiне айырықтар мен озба бекеттерi кіреді), телiмдiк, сұрыптау, жҥк және жолаушылар станциялары деп бөлiнедi.
Аралық стансаларға стансаның жол дамуы бойынша үлкен емес, соның ішінде өтпелер және озба бекеттер жатады. Оларда өткізу, қиылыстыру, поездарды оздыру бойынша оталар, құрама поездармен айлалық жұмыстар орындалады. Жүктерді тиеу, түсіру, қызмет көрсету, жолаушыларды отырғызу және түсіру бойынша оталар көлемі басқа үлкен стансалармен салыстырғанда үлкен емес.
Телімдік стансалар егер басқа жағынан оны сұрыптау стансасы 14 шектесе, теміржол аймағын екі жағынан немесе бір жағынан шектейді. Телімдік стансаларда транзиттік поездардың вагондарына техникалық қызмет көрсету, локомотив бригадаларын ауыстыру жүзеге асырылады. Егер телімдік станса тартым аймағының шекарасы болып табылса, онда оның транзиттік жүк поездарының локомотивтері де ауысады. Әдетте телімдік стансалар құрама және телімдік поездарды қалыптастырады. Бұл стансалардың жол дамуына қабылдау-жөнелту және сұрыптау парктері жатады, локомотивтер мен ПТО-ң жабдықтау құрылғылары бар. [1]
Сұрыптау стансалары поездарды массалық тарату және келген вагондардан жаңа поездарды қалыптастыру үшін арналған. Әрине, онда транзиттік поездардың техникалық қызмет көрсетілуі, тиеу-түсіру оталары және жолаушыларды отырғызып-түсіру жүзеге асырылады. Сұрыптау стансаларында поездарды қабылдау және жөнелту, оларды жинақтау және құрастыру үшін қажетті жол парктері, дөңестік сұрыптау қондырғылары, локомотивтік және вагондық депо бар.
Жүк стансалары үлкен елді-мекендерде және өндірістік кәсіпорындардың шоғырлану аудандарында орналасады. Осы стансаларда не жалпы пайдалану орындарында (жүк алаңдары), не стансалармен кірме жолдар арқылы байланысқан өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүктерді тиеу- түсірудің айтарлықтай көлемі орындалады.
Жолаушылар стансалары жолаушы поездарын қабылдау, өңдеу, жөнелту, жолаушыларға қызмет көрсету, жолаушылар құрамын рейске дайындау үшін арналған. Жолаушылар стансалары перронды жолды, вокзалды, багажды кешендері бар өзіндік жолаушылар және техникалық өңдеуге, қайта құрауға, жабдықтауға және жолаушылар құрамын рейске дайындауға арналған жолаушылар техникалық стансаларына бөлінеді.
Жұмыс көлеміне байланысты барлық стансалар сыныптары бойынша сыныпсыз (ең үлкен) және I-V сыныптыларына бөлінеді.
Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:
Теміржол станциялары туралы ереже;
Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);
Станцияның технологиялық жұмыс ҥрдісі (ТЖҤ) жатады.
