- •Балалар әдебиетінің қалыптасу және даму жолдары.
- •Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.
- •Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.
- •Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
- •Тұрмыс-салт жырларына сипаттама.
- •Ойын өлеңдер. Мазақтамалардың тәрбиелік мәні.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Балаларға арналған айтыс өлеңдер, тәрбиелік мәні. Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы айтыс өлеңдер мен жыраулар поэзиясы.
- •Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
- •Ертегілер мен аңыздардың танымдық, тәрбиелік, дамытушылық сипаты.
- •Бастауыш сынып әдебиеттік оқулықтарындағы ертегілер мен аңыздар.
- •Балаларға арналған эпостық жырлар мен оның тәрбиелік мәні.
- •Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар жырларының мазмұны, көркемдік ерекшеліктері.
- •Жыраулық поэзиядағы балалар әдебиетіне тән үлгілер. Асан Қайғы, Бұқар жырларының
- •Хіх ғасырдың і-іі жартысындағы саяси әлеуметтік жағдай, оның қазақ балалар әдебиетінің дамуына ықпалы.М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері, оның тәрбиелік мәні.
- •Ш.Құдайбердиевтің азаматтық және табиғат лирикасы, поэмалары.
- •Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
- •Бастауышта а.Құнанбаев шығармаларының оқытылуы.
- •А.Байтұрсынов, м.Жұмабаев шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
- •Ж.Аймауытов, м.Дулатов шығармалары, олардың тәрбиелік мәні.
Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен өтірік өлеңдердің бала дамуында алатын орны.
мәтелдердің балалар фальклорында алатын орны ерекше, бала тәрбиесінде бұл жанрлардың атқаратын орны зор. Халықтық шығармалардың ішінде баланы дұрыс та айқын тілін жаттықтыратын жанр жаңылтпаштар.Жаңылтпаштар көбіне бастауыш мектеп жасына дейінгі балаларға лайықты шығарылатын. Себебі жаңылтпаштар қиын дыбыстарды айтуға, қиын сөздерді дұрыс сөйлеуге үйретеді. Балалардың тіліне оның сөзіне күле отырып оларды дұрыс бағытта сөйлеуге баулиды. Академик М.Ғабдуллин «Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстарту мен қайта өлең ән білмейтін жастарға берілетін жаза ретінде қойылады. Балалардың көбіне дұрыс айта алмайтыны «Р» дыбысы. «Р» дыбысы дұрыс айтуға бағытталған жолы.Мыс: «Әй Тайқарбай, Тайқарбай.» Сайда жүрген тайқарды, Тайыр барып қайтарды.
Арып ашып, ары ашыдық,Ары қашып, арып ашыдық.
Жаңылтпашты бұрмалауға болмайды. Балаларды жалықтырмау үшін жаңылтпаш сөздер қызықты күлдіргі, ұйқас болады. Көптеген жаңылтпаштардың тәрбиелік мәні бар. Мыс:
Қамаштан көріп қалашты,Қалашқа Жарас таласты.Бөлінсін десен Қалаш теңТаласпа Жарас Қамашпен.Осы секілді жаңылтпаштар дұрыс әділ шешім айтуға, мақтаншаө болмауға баулиды.
Мақал - мәтел мағынасы терең, сөзі ықшам, көркем, еске сақтауға жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше роль атқаратындықтан балалар әдебиетінде орны ерекше. Мақал - мәтел балаларға терең ой салады, оларды көркем де образды сөйлеуге жаттықтырады. Сөз байлығын, сөздік қорын дамытады. Мақал - мәтелдердің тақырыбы кең: еңбек, оқу, білім, жолдастық, адамдық қасиет, табиғат т.б. Мысалы: Ата балаға сыншы, Бала адамның бауыр еті, Білім - өмір шырағы, Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай сөйлесең көп ішінде өлер.Балалар фольклорында үлкен орын алатын тағы бір жанр - жұмбақтар.
Олар балалардың зейінін, ықыласын арттырады. Жұмбақты ойдың гимнастикасы деп атайды. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың ойланып жауап беріне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.Қабат-қабат қаптама Ақылың болса аттама /кітап/
Өтірік өлең-қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фальклорлық жанр. Оның туп нұсқасы әзіл - оспаққа, өтірік сынға құрылған. Өгірікте қиыннан қиыстырған ойдың өткірлігі, логиканың күштілігі басым. Өгірік өлеңдер өте шеберлікпен, тілдің орамдьтығымен өзгеше өңделген сөз. Өтірік өлеңде өмір бар, салыстыру бар, сықақ бар, өмірге тікелей байланысты болып келеді. Өтірік өлеңді бүлдіршіндер ғана емес, үлкендер де сүйсіне тыңдайды, тіпті, бүгінгі айтыста бұл жанр тіріле, жаңа қырынан танылып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтірігі» жөніндегі ертегіні де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткізіп келеді.
Мыс: Алыстағы Марсқа,Бақа қашып кетіпті.
Тасбақамен жарыста,Қоян зорға жетіпті.
