Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
I блок.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97 Кб
Скачать
☆
  1. Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры.

Халық ауыз Халық ауыз әдебиетінде ұсақ жанрлар деп аталатын жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Бала тәрбиесінде бұл жанрлардың атқ.орны зор. Халықтық шығармалар ішінде баланың дұрыста айқын тілін жаттықтыратын жанр-жаңылтпаштар. Жаңл\ш көбіне баст.мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтап шығарылған. Себебі,жаңл\ш қиын дыбыстарды айтуға, қиын сөздерді дұрыс сөйлеп үйретеді. Баланың тіліне,оның сөзіне күле отырып,оларды дұрыс бағытта сөйлеуге баулиды. Жұмбақтар-балалардың зейінін,ықыласын арттырады. Өтірік өлеңдер-түп нұсқасы әзіл-оспаққа,өтірік сынға құрылған. өтірікте қиыннан қиыстырған ойдың өткірлігі, логиканың күштілігі басым. Өтірік өлеңдер өте шеберлікпен тілдің орамдылығымен өзгеше өңделген сөздер. өтірік өлеңде өмір бар,ысқақ бар, салыстыру бар,өмірмен тікелей байланысты. Мақал-мәтелдер-мағынасы терең,сөзі ықшам,көркем есте сақтауға жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқарады. Мақал-мәтел балаларға терең ой салады. Оларды көркем де образды сөйлеуге жаттықтырады. Мақал-мәтелдердің тақырыбы кең: еңбек,оқу,білім,достық,адамдық қасиеті т.б. Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап шығарылған арнау-тілек өлеңдері,санамақтар,төот түлік туралы жырлар, тақпақтар ерекше орын алады. Мазақтамаларды халық балалардың бірін-бірі мінеуі,сынау,шенеуі арқылы өз-өздерін тәрбиелеуге шақырады. "Асан,жақсы баласың,Айтқан тілді аласың,Айтқан тілді алмасаң,Арам қатып қаласың",-деп мазақтама айтушы екінші баланың кемшілігін көзіне айтып ызаландырады.Мазақтамалар көбіне әдемі әжуаға құрылады: ...жақсы деймін,Нанын алдап жеймін,Алдағанға көнбесе,"Жаман бала"деймін,Ойнамасаң ойын бақ,Қойшыбайдың қойын бақ.Ойын-қазақ педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін "Қуырмаш" ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін,әрі еңбекке:"Қуыр-қуыр қуырмаш,Бидай қуыр,қуырмаш,Тауықтарға тары шаш,Бас бармақ,Балан үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек-,деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап,жұдырыққа түйеді де: "Сен тұр-қойыңа бар,Сен тұр-жылқыңа бар,Сен тұр-түйеңе бар,Сен тұр-сиырыңа бар!"-,деп төрт саусақты түлік малға "жұмсайды"да, ең кішкенесіне: "Ал сен алаңдамай,Қазанның түбін жалап,Үйде жат"-дейді де оны "жатқызып қойып,ойыншы қол басынан "Қызық,Мына жерде қант бар,Мына жерде жент бар,Мына жерде қатық бар,Мына жерде қытық бар"-деп қытықтап, балдырғанды еріксіз күлдіреді.

  1. Халық ауыз әдебиеті үлгілері бала тәрбиесінің құралы ретінде.

Мақал-мәтел: Балаларға терең ой салып, көрке, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемне топтап ұсынған. Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді.Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керктігі мақал- мәтелдерде толық қамтылады.Мысалы:» Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар.», т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі- еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.Мысалы деп, оның арты абырой-атаққа, ойлаған мақсатқа жетуге бастайтынын көрсетеді. Қорыта келе, мақал-мәтелдердің терең мазмұны мен тәрбиелік мәнін аша отырып, біз өз жұмысымызда пайдалануды жөн көрдік. Мақал -мәтелдерді тек жаттап алып қана қоймай, оның мағынасын түсіндіріп, одан баланың өзіне қорытынды жасауға мүмкіндік туғыздық.

Жаңылтпащтар: Жаңылтпаш адамды өнерге, ойын дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедогогикалық туынды болып есептеледі. Жаңылтпаш - баланың ойлау қабілетін дамытуда, тілін ширатуда, дүниетанымын дамытуда маңызы зор. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ойы қиялы дамиды, тәлім-тәрбие алады.

Жаңылтпаштың басқа жанрлармен байланысын зерттеу, оның қалыптасуы, даму жолдары, көркемдік ерекшеліктері жайлы ғылыми еңбектер жазу әдебиеттану ғылымына қосылған нәтижелі іс деп білеміз. Жаңылтпаштар фольклордың басқа жанрларымен де тығыз байланысты. Халықтық шығармаларды басқа жанрларымен салыстырудың өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Басқа жанрлармен байланысты зерттеу арқылы жаңылтпаштардың тарихи шығу жолын, даму және өзгеру жолдарын байқаймыз.

Кейбір шешендік сөздер мен қанатты сөздердің және ертегілер мен мақал-мәтелдердің төркіні осы жаңылтпаштармен де ұштасып, жалғасып жататынын көруге болады.

Жаңылтпаштардың басым көпшілігі халық өлеңдерімен байланысты айтылады. Тіпті аллегориялық сипатта айтылатын халық өлеңдері көбіне жаңылтпаштарға жақын болады. Әсіресе, қазақ халқының айтыс өлеңдерінде жаңылтпашпен айтылатындары өте көп. Мұнда ақындық өнермен қатар, өмірді көп біліп, көп көрген айтысушы адамның парасаттылығы мен білімділігін қажет етеді. Жаңылтпаш – астарлы сөз, әсем жыр. Жаңылтпашта қарапайым халықтық тіл өрнектеледі. Олай болатын себебі – белгілі бір құбылыс, зат жаңылтпашталғанда, оның сипатын, кескін-кейпін, мейлінше түсінікті тілмен беру көзделеді. Жаңылтпаш – бала тілін дамыту құралы. Жаңылтпаш ықшамдылық талабына мейілінше бұлтартпастай жауап береді. Мінсіз жаңылтпаш – мінсіз суреткерлік жемісі әрі оның дарындылық белгісі. Бұдан шығатын қорытынды, жаңылтпаш қай жанрға болса да ортақ, ағайындас есепті, солардың бәрімен де қатар дамып, халық ойының данышпандық асыл қазыналарын өз бойына жинаған мұра. Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні.Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр.

Жұмбақтар: Жұмбақ – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. жұмбақтар өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. М.Әуезов «Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді» деген. Жұмбақ болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін тану әрекетіне байланысты туған деугс болады. Бұл тақырыптағы жұмбақтардан адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен Күнді, Жер мен көкті, от пен суды, қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды, т.б. жұмбақ еткенде, өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселергс салыстырады. Сонымен, қазақ халқының ерте заманда туып, бүгінгі күнге дейін өсу, жаңару үстінде келе жатқан жұмбақтары ұлттық мәдениетіміздің көрнекті бір тарауы болып табы-лады. Оларды адам баласының ой-өрісі, дүнис танымы, білім көлемі ұлгая беруіне көмектесетін, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын, соған ұмтылдыратын, білімдік, тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]